Доклады казахской академии образования Ежеквартальный журнал издается с 2008 года



Pdf көрінісі
бет115/117
Дата31.10.2022
өлшемі2,64 Mb.
#155933
түріДоклад
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   117
Байланысты:
KAO-3-2020

қызғалдақ
жемеген қозы арманда, қыз құшпаған жігіт арманда» деген 
сияқты мақалдар, немесе, 
қызғалдақты
, әсіресе, қозы малының сүйсіне 
жейтінін күнделікті тәжірибе жалғастыра түседі.
Қызғалдақ
гүлінің әсемдігіне қатысты мысалдар, әсіресе, көркем 
мәтіндерде жиі кездесетіні белгілі: 
Ұлпан маңының бір артық қасиеті 
бар: көктем айында 
қызғалдақ, сарғалдақтар
 жас жусанмен жарыса 
шығып, ала-бөле темір жалдың екі беті тұнып тұрады
(Нұрпейісов Ә. 
«Сергелдең»). 
Мұнан әрі қанша биемшек, қанша түйетабан тергенін 
бірауық дабырласа әңгімелеп алады да, кілемше құлпырған 
қызғалдақты
 
адырманы 
тізеден 
кешіп 
жүгіреді-ай 
дейсің
(Сейдімбеков А. «Серпер»); 
Жанған кезде жұлдызың, Тіршілікте 
жіберген Қатең үшін күн ертең Қызармаса болғаны 
Қызғалдақ
көңіл 
ұл-қызың
(Молдағалиев Т. «Шақырады»); 
Қызғалдақ
жердің сәні, 
жебейтін арман атын, Мен үзген гүлдің бәрі Бір саған арналатын 
(Шаханов М. «Балладалар»); 
Тұсын түрген үйлерде қыз-келіншек, 
Қызғалдақтай
 киініп отырады
(Әзірбаев К. Таңд. шығ.). 
Майысқан бір 
қызғалдақтан
жаралсам, Мен ешқашан кактус болып гүлдемен!
(Мырзалиев Қ. «Мәңгі»). 
Киінген 
қызғалдақтай
қыз, келіншек, 
Сапырса сары қымыз құлан ойнақ
(Әзірбаев К. Таңд. шығ.).
Бүгінде 
қызғалдақ
гүлінің Отаны Қазақстан екені анықталды. 
Қазақстанға жасаған ресми сапарында Нидерланды Ханшайымы 
Беатрикс былай деген еді: «Ұлы Жібек жолы ғасырлар бойы Еуропаны 
Азиямен, сондай-ақ, Қазақстанды Нидерландымен байланыстырып 


331 
тұрды. Осы байланыстар біздің елімізге 
қызғалдақ
гүлін әкелді. 
Қазақстанның даласы мен тауларында жайқалып өсетін бұл гүл біздегі 
саудада ең өтімді өнімге айналды. Қазіргі кезде 
қызғалдақ
гүлі 
нидерландылықтарға барынша танылған экспорттық тауар ретінде 
бағаланады. Ол біздің ұлттық символымыз іспетті. 
Қызғалдақ
– ең үлкен 
сыйлық. Сол үшін біз сіздің елге қарыздармыз. 
Қызғалдақ
екі 
мемлекеттің арасындағы қатынастарды гүлдендіретін дәнекер ретінде 
жайнап өсе берсін!» [11, 1 б.]. Жоғарыдағы талдауларды қорыта келе, 
қызғалдақ 
атауының біздің әдебиетімізге де, мәдениетімізге де, тіпті 
салт-дәстүрімізге әсемдік пен сұлулықтың өлшемі ретінде сіңгенін 
байқаймыз.
Сұлулық туралы айтқанда, жоғарыда аталған гүлдердің қатарында 
міндетті түрде аталатын гүлдің бірі – 
жауқазын
. Тілімізде жауқазын 
гүліне қатысты 
жауқазын гүлдей, аршыған жауқазындай 
(аппақ, 
кіршіксіз деген мағынада), 
жауқазын ғұмыр
т.б. тілдік бірліктер 
кездеседі. 
Аршыған 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   117




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет