330
Сонымен қатар, тілімізде этномәдени атау ретіндегі «қызғалдақ
май» деген тіркес те кездеседі. Көктемде алғашқы май алынған кезде,
майдан ауыз тимес бұрын азырақ мөлшерін отқа тамызады. Бұл жерде
«оттың жолы үлкен» деген отқа табыну салтының бір көрінісі
байқалады. Содан кейін біртіндеп барлығы майдан ауыз тиеді [9, 189 б.].
Бұл салттың «қызғалдақ май» аталуының себебі
қызғалдақтың
ерте
көктемде алғашқы болып шығатын өсімдіктердің қатарына
жататындығына байланысты болса керек.
Қызғалдақ
атауының танымдық уәжін профессор Б. Қалиевтің
этимологиялық анықтамасы да бекіте түседі: «
Қызғалдақ
ақпан, наурыз
айларында гүлдейтін көрікті де сәнді өсімдік.
Қызғалдақ
сөзі
қыз
және
ғалдақ
деген екі сөздің бірігуінен жасалған. Мұндағы
қыз
сөзі –
қызыл
сөзінің қысқарған нұсқасы да /
қызар, қызғылтым, қызғылт
т.б., ал
ғалдақ
көне түркі тілінде қазіргі
гүл
/цветок/ сөзінің орнына
қолданылған. Тілімізде осы модельде жасалынған
бозғалдақ,
қарағалдақ, көкғалдақ, сарғалдақ, итғалдақ
деген өсімдік атаулары бар»
[10, 84].
Қызғалдақ
атауының этимологиясын халық тіліндегі
«
Достарыңызбен бөлісу: