Домбауыл кесенесі



Дата08.10.2019
өлшемі38,44 Kb.
#49366
Байланысты:
ғылыми жоба

Домбауыл кесенесі
Авторы:Мадуарова Айгерім 8 «А» сынып оқушысы

Жетекшісі: Жусупалиева Гулзада Маханбетжановна
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы

Қабден Шыңғысов атындағы №5 ЖОББМ

МАЗМҰНЫ

Абстракт/Аннотация..................................................................................... 2

1. Кіріспе ......................................................................................................... 3

2. Негізгі бөлімі.............................................................................................. 3

2.1 Домбауыл дыңы............................................................................... 3

2.2 Домбаул бабамыз туралы аңыз әңгімелер....................................4

2.3 Домбауыл – Ұлытаудың бабасы.....................................................6



3. Қорытынды .................................................................................................8

4. Пайдаланылған әдебиеттер .....................................................................9

АБСТРАКТ/АННОТАЦИЯ
Жұмыс Киелі Ұлытау аймағында орта ғасырларда салынған Домбауыл кесенесінің салыну тарихы, зерттелу кезеңдері мен Ұлытау даласының аңыздарымен байланысын зерделеуге арналған еңбек болып табылады. 
Өзектілігі - Домбауыл бабамыздың қазақ халқының ғасырлар тарихындағы алатын орны.

Зерттеудің мақсаты:

Домбауыл бабамыз - Киелі Ұлыту аймағының батыры екендігін дәлелдеу жолдарын қарастыру.



Зерттеу нысаны: Ұлытау өңірі

Жұмыстың жаңалығы:

Қазақ даласындағы өткеннен сыр шертетін осынау кешеннің нақты иесі тарихта болған Найман Домбауыл батыр екендігі анықталды.



Болжам:

Домбауыл бабамыз жайлы оқи отырып, оқушылартуған өлкесі туралы көп мағлұмат алып, өзі туған жерінің тарихи тұлғаларын танып білуге деген ынтасы артады.



Зерттеудің кезеңдері:

1. Тақырып талдау

2.Материалдар жинау

3.Ізденіс жұмыстарын жүргізу.

4.Ғылыми жетекшімен байланыстыру

5.Тиісті материалдарды жинақтап, жүйелеп, қорытындылау




Кіріспе

«Тарихтың куәгері – Ұлытау Тарихын білмеген ұлттың болашағы да бұлыңғыр. Мысалы, керемет үлкен еменнің тамыры терең болмаса, ол дауылға шыдап тұра алмайды. Сондықтан тарихымызды таныту үшін қазір көп нәрсе жасап жатырмыз. Сондай тарихтың куәгері – Ұлытау» Н.Ә.Назарбаев Ұлытау жеріндегі сұхбатында осылай деп айтқан болатын. Ол Ұлытау өңірін киелі жер деп атады. Оның айтуынша, барлық заманда жаз кезінде даланың әр түкпіріндегі қазақтар Ұлытауды жайлайтын болған. Осында шаңырақ көтеріп, той тойлаған. "Рулар араласқан. Сондықтан, біздің кең даламызда диалект деген жоқ. Ұлытаудың халық үшін мәні зор", - деді.  Ұлытау өңіріндегі барлық тарихи орындар «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық – музейіне жатады. Бұл жерде барлық қазақ хандарының ата-бабасы Жошы ханның және аты аңызға айналған қазақ жүздерінің негізін қалаушы Алаша ханның мазарлары орналасқан. Ұлытау өңірі өзінің айрықша археологиялық ескерткіштерімен ерекшеленеді: Теректі Әулие тастағы таңбалары, қола дәуірінің металлургиялық орталықтары, түркілік тас мүсіндер, сақ қорғандары мен оғыз-қыпшақ қалалары осы жерде қоныс тепкен.  «Ұлытау» ұлттық – тарихи мәдени және табиғи қорық – музейі Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің 1990 жылғы 29 қарашадағы № 466 Қаулысымен құрылған. Жалпы жер көлемін 147 246 гектардан тұратын, 25 тарихи – мәдени кешендер құрайды. Аталған аймақта 200 кешеннен артық ескерткіштер саны орын тепкен. Ұлытау ауданы аймағында 358 тарихи – мәдени ескерткіш төлқұжаттандырылған. Олардың ішінде 11 ескерткіш: Айранбай, Мақат, Жошыхан, Алашахан, Болған ана, Басқамыр, Аяққамыр, Дүзен, Домбауыл, Кетебай, Лабақ мазарлары республикалық маңызға ие. 
І.Домбауыл дыңы

Қазақстандағы ең көне ескерткіш нұсқаларының бүгінгі күнімізге жеткен бір үлгісі Домбауыл дыңы. қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 50 км жерде, Қаракеңгір өзенінің сол жағасында орналасқан.

Астыңғы қабаты шаршы пішіндес, үстіне киіз үй тәріздес күмбез салынған. Астыңғы бөлігінің аумағы 8,9×7,9 м, қабырғасының қалыңдығы 2 м-дей, ішінің аумағы 4x4 м, есігі сопақшалау етіліп оңтүстік-шығыс жақтан шығарылған. Бұған жалпы биіктігі 1,2 м болатын төрт баспалдақ арқылы кірелі. Кешеннің еденіне тас аралас тапырық жайып, оның үстіне жалпақ тақта тастар төселген. Қабырғалары Зм-ге көтеріліп барып, көлденең бөренелермен жабылған. Бұлардың барлығы тас қалаудың қола дәуірінен бергі ежелгі дәстүрінен алынған. Осы дәстүрді кешеннің төбесін жабу кезінде де қолданған. Кесене ғимараты биіктігі бес метрден асатын конус тәрізді (шошақ пішінді) төртбұрышты негізге қойылған, тас плиталарынан құрылған. Кешен ұзақ уақыт жақсы сақталып, бертін келе біршама қираған.

Ескерткіштің дәл мерзімін анықтайтын дерек әзірге жоқ. Қазақстан жеріне тән сыртқы тұрқына қарап, ғалымдар оны ислам діні дендеп ене қоймаған кезеңге жатқызады (8-9 ғ-лар). Т.К. Басенов пікірі бойынша Домбауыл дыңы XVI-XVIII ғасырда салынған.  Қазақ арасында мұндай киіз үйге ұқсата созып барып күмбезделген тас қесенелерді "үйтас", "дың" деп те атаған, бұлар әр аймақтарда белгілі және көбірек тараған жері Орталық Қазақстан, әсіресе, Торғай өзенінің бойы. Қара Жыланды өзенінің бойындағы Қара-дың ескерткіші Домбауыл кешеніне өте ұқсас.

Домбауыл дыңының табаны төртбұрышты болып төселгенімен, көтеріле келе күмбезге ұласып кетеді. Бұл Қазақстан мен Орта Азиядағы орта ғасырда етек алған сәулет үлгісімен айрықша мәнділігін айғақтайды. Ғалым Ә.Х. Марғұланның айтуынша оғыз-қыпшақ дәуірінде «дың» салу дәстүрі болған.  Сонымен қатар «дың», «деңгілі», «деңгілі тепе» түркіменның көп жерінде кездеседі. Олар өзінің пішіні бойынша не дөңгелек, не төртбұрышты болып келеді.  Фламанд саяхатшысы В. Рубрук:  «Куманы (кипчаки) строят для богачей пирамиды (дың), тоесть остроконечные дома, хотя камней там и не находятся» - деген. Тастан дөңгелек мұнаралар жасау ғұн, түрік қағанаты кезінде ерекше орын алған. Қыпшақ пен оғыздар төбесінде күмбезі бар ондай тас үйлерді , «дың»,  «діңгек»,  «үй тас»  деп атаған. Тас мүсіндермен байланысты естелік құрлыстың бір тобы  дың, үйтас деп аталады. Қай жерде тас мүсін көп болса, ол жерде дың , діңгек, үйтас та жиі кездеседі. Бұлардың жиі кездесетін жері, әсіресе Орталық Қазақстан мен Жетісу өлкесі. Зерттеу жұмыстары бойынша VI-VIII ғасырларда қолданылған тас шарбақтың орнына, тас мүсінді енді тас обаның іргесіне не үйтас дың деп аталатын құрлыстың қасына қоятын болғаны байқалады. Дың мен үйтастың ерекшелігі: олар Қазақстанның ежелгі  мал өсірушілерінің жазғы киіз үйіне өте ұқсас.  Рим жазушыларының бақылауынша «сақтар  таудың етегінде  кірпіштен үй салып, оның төбесін көтеріп, үйдің жоғарғы екі бүйірінен тесік қалдырады ». Бұл сипаттама Домбаул дыңына тура келеді. Ғұн, үйсін дәуірінде тастан дөңгелетіп салынған үйлердің қалдығы бергі кезге дейін  сақталып келген. Тастан өріп салынған биік дың архитектурасының жиі кездесетін жері Орталық Қазақстан, оның ішінде  Ұлытау өңірі. Бұл өлкеде бүтіні бар, бұзылғаны бар онға тарта дың тектес ескерткіш бар. Осының ішінде ең сәулеттісі Домбауыл дыңы.  Үйтас ескерткіштерінің археологиялық зерттеу кезінде  жерлеу орындары анықталмаған, бирақ тастың төменгі жақтарынан ғұрыптық заттарды,  қойдың жаурын сүйегі, жібек матаның жұрнақтары табылған. Орта кезінде үлкен алаудың болғандығы байқалған.

ІІ. Домбауыл бабамыз туралы аңыз әңгімелер

Аңыз бойынша бұл кесене ұлы сазгер және жауынгер Домбауыл құрметіне салынған екен, ал өзінің болғаны тарих пен мифпен (ертегі-аңызбен) ұштасады.

Домбауыл есімі тарихи жазбаларда да, ауызша аңыздар да да кездеседі. В.В. Радлов жазыр алған Тоқтағұл мерген, Г.Н. Потанин жазған Шыңғысхан туралы аңыз және басқаларынан Домбауыл есімі жиі ұшырасады. Домбауыл жөнінде келесі аңыз даңқты Алашахан және Жошыханға байланысты 1897 жылғы «Дала уалаяты газеті» бетінде жарық көрді.

Алаша ханның Домбауыл аты құлы болады. Домбауыл жойқын қара күштің иесі  және ханға жан тәнімен берілген адал деседі. Жошы ханды құландар шайнап өлтірді деген хабар жеткенде, Домбауыл барлық құланды атып өлтіруге ант ішіп, Қабанқұл және Еңкей деп аталатын екі атпен құландарды қууға аттанады.Құландардың мыңдаған табынын қырып жояды. Табындардан аман қалған бес құлан Шу өзені арқылы өтіп қашады. Осы жер қазірге дейін «Бесқұлан»деп аталады. Домбауыл бес құланды  қууды әрі жалғастыра береді. Шу өңірінің соқпақты  жыраларындаҚабанқұлан  тұлпары зорығып өледі. Жалғыз қалған Еңкей  жүйрігімен  құландарды  қууды жалғастыра түседі. Тағы бір соқпақты жыраларда  Еңкей  аты да зорығып өлген екен.Қазірде осы жерлер «Қабанқұлан» және «еңкей» деп аталады.

Басқа бір аңыздарда Домбауыл (Дондығұл) –аңшы, мерген кісі деп айтылады. Бұл саладағы аңыз  мазмұны төмендегіше:

- Сол замандағы  хандардың бірінің жалғыз көркем өскен қызы болады. Ханның қызын еркек жыныстылардан  сақтау үшін өте сенімді әйел күзетшісі болады. Ханның қызы  мен күзетші әйел, ай, күн, жұлдыздардан басқаны көрмейді. Алайда бір күні ұйықтап жатқанда ханның қызына күн сәулесі түсіп, жүкті болып қалады.

Осы жағдайға  ашу мен ыза кернеген айбарлы хан қызын алтын сандыққа салып теңізге тастайды.Монғолдың торғауыт тұқымынан тараған  Домбауыл жолдасымен бірге теңіз жағалауында балық аулап жүріп, су бетіндегі сандықты алады. Алтын сандық Домбауылдың жолдасына, ал қыз Домбауылдың еншісіне тиеді. Көп кешікпей ханның қызы Шын-қыз-қан атты сәбиді дүниеге келтіреді.  Осыдан кейін Домбауылдың  өзінен төрт ұл табады. Бұл ұлдар өсе келе өгейсің деп Шын-қыз-ханды шеттетіп, ақыры үйден кетуге мәжбүр етеді. Көп жылдар өткен соң осы өңірдің халқы көбейіп, орталарынан хан сайламақшы  болады. Үлкендер Шыңғысты  хан сайлау керек, себебі оның қаны таза – хан тұқымы деседі. Ақырында Шын-қыз-қанды тауып әкеледі. Шыңғыстың шешесі  ұлдарының арасында  алаауыздық  болмасын деген саясатпен  киіз үйдің  түндігі  арқылы жебе тартып, нысанаға кім тигізсе сол хан сайлансын деп шарт қояды. Алайда анасының бұл шартын домбауылдан туған ұлдар орындай алмай, Шын-қыз-қан  ғана мүлтіксіз тигізеді де хан сайланады.

Аңыздың  үшінші бір салаларында  Домбауыл  монғолдың торғауыт руынан шыққан батыр екен деп дәріптеледі. Аңыздың  бұдан да басқа түрлері айтылуы мүмкін, алайда  бұлардың барлығы  өкінішке орай Домбауыл кешенінің қай жылы салынғанын және оның кім болғанын толық дәлелдей алмайды.  


ІІІ. Домбауыл – Ұлытаудың бабасы

Арқа төсіндегі, Кеңгір жағасын­дағы Жошыхан мазары бізге – бүгінгілерге өткенімізді көңіл терезесінен өткізудің, тарих беттерін парақтаудың қаншалықты қажеттігін қайта-қайта еске салып тұрғандай болады. Әрине, әлемге билігі жүрген Шыңғыс ханның атының тұяғы тиген бұл жазықта ел тарихына қатысты талай оқиғалар болғаны анық. Бұл жайлы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан әфсана-аңыз әңгімелерде айтылады. Халқымызда «жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайды» деген сөз бар. Шынында да, ел арасындағы ауызекі әңгімелердің түп-төркіні шындыққа жол тартары рас.



Ел ішінде Жошы, Шың­ғыс хан туралы айтылған, айтылып жүрген әңгіме­лердің қай-қай­сысы болса да Домбауыл батырға бір тірелмей өтпейді. Домбауыл батыр, Домбауыл би, Домбауыл қолбасы, Домбауыл мерген ретінде әңгімеге өзек болып келеді. Бұл туралы белгілі қа­ламгерлер Мұхтар Мағауин, Ақселеу Сейдімбеков, Қойшығара Салғарин, Тұрсын Жұртбаев жазған ғылыми-тари­хи негіздегі шығармаларда да Домбауыл батыр ел ішіндегі әңгімелерге орайласты­ра айтылады. Әйгілі тарихшы Құрбанға­ли Халитұлының «Сегіз оғыз» елінің қалай қалыптасқанын баяндағанда теріс таңбалы тайпа аты – Домбауыл екеніне ерекше мән береді. Осыған орай сонау Қытай, Моңғолия, Түркия елдерін­де тұратын қандастарымыз да «Теріс таң­балы тайпаның аты Домбауыл екен, Найманның ноқта ағасымын деп басқа найман тайпаларына (тоғыз тайпаға) таңба үлестіріп, өзіне таңба жетпей қал­ғандықтан таңбаны теріс басып, содан теріс таңбалы атаныпты» дегенді айтады. Сонда «Тоғыз тайпаға таңба үлестірген Домбауыл кім? Бұл туралы қаншалықты мәлімет бар?» дегенге келсек, жоғарыдағы айтылғандарға қоса, академиктер Әлкей Марғұланның, Ахмет Жұбановтың, ше­жіреші ғалым Мұхамеджан Тыныш­байұлының, шежіреші Нығмет Мың­жанұлының жазған жазбаларында да Домбауыл батырдың Найманнан шық­қанын тайға таңба басқандай айқындап көрсетеді. Мұның сыртында бүгіндері шежіре жинауға зер салып, көп ізденістердің нәтижесіне жетіп жүр­ген шығысқазақстандық ағамыз, Қазақстанның Құрметті журналисі Серік Ғабдуллиннің жазғандарында да Домбауыл батырдың шығу тегі жан-жақты ашылған. Олардың бәрінде де Домбауыл батыр Шыңғысханның оң жақ тізесінен орын алған ықпалды адам ретінде айтылады. Домбауылдың қадіріне жетіп, оның қасиетін ұққан Шыңғысхан оны үлкен ұлы Жошының қасына ақылшы етіп қосады. Бұл қалай дегенде де тарихи шындыққа келеді. Себеп – Жошының мазары жанында Домбауыл кесенесінің тұруы, тіріде қорғаны болуы көп жайттан хабар бергендей. Қазақтың «өлсек моламыз бір төбенің басында болсын» дейтін сөзі барын да еске алайық. Шындығына келгенде де, Жошыдай баһадүрдің қасы­на белгісіз адамның мазары салынбасы әбден түсінікті. Айтқаны әділ, көздегені қате кетпейтін Домбауыл батырға қатысты айтылатын әңгімелердегі деректер дала төсінде де сайрап жатыр. Сонау Жошы мазары мен Домбауыл кешені тұрған далада көсіліп Кеңгір ағып жатыр. Ұлытауға қарай шығар беткейде Ақсай өзегі тұр. Осы Ақсайдың басы «Дабыл қорасы» аталады. Бұл Жошының құланға дабыл қаққан жері деп айтылады. Осы жазықтың енді бір беткейінде «Топырақ суырған» деп аталатын ойпаң бар. Бұл ойпаң Жошы денесін құлан таптағаннан кейін барып «Топырақ суырған» деп аталса керек. Осыған қоса, құлан мен Домбауылға қатысты әңгімелерге өзек болатын жер аттары да жетерлік. Мәселен, Тарбағатайдан Іле өзеніне дейін қазылған құлан өтпес ордың сорабы бар. Оны кезінде Шоқан Уәлиханов та жеріне жеткізе жазған. Сондай-ақ Арқа мен Шудың арасын жалғайтын құланға қатысты жерлер жетерлік. Шу бойындағы «Бес құлан», «Қабан құла», «Әңкей», «Бөкенсан нұрасы» деген жер аттары сол кезеңдерден сыр шертеді. Басын сонау Ұлытаудан алып жатқан, солтүстікке қарай ұмсына со­зылған «Құлан өтпес», «Терісаққан» өзен­де­рін көргенде аңыздың шындыққа ай­нал­ғанына көзіміз жеткендей болады. Қолдағы деректерге зер салсақ, Жошы хан Бетпақдалада құлан аулап, саятқа шығып жүрген кезінде қазаға ұшыраған. Бұл 1227 жылдың ақпаны. Бұл – тарихи шындық. Осы шындық аңыз-әңгімеде былай айтылады: «Домбауыл Шыңғыс ханның үнемі жанында ұстаған аңдасы, мергені екен. Хан саят құрып аңға шыққанда, Домбауыл әркез қасында болған. Бәйтерек басына ілген күміс теңгені көздемей түсіретін ғаламат мерген, айтулы батыр және домбыра мен қобыздан күмбірлетіп күй төгетін күйші, сазгер адам болған. Домбауыл Қыпшақ даласының Ұлығ биі, аталық жырау Кет-Бұқаның туған әкесі. Шыңғыс ханның 1225 жылы Сартауылдан Қыпшақ даласын басып, Қарақорымға қайтқанда, тұңғышы Жошының жанына жеті жыл өзінің сарай мергені болған сенімді батыры Домбауыл мен оның бел баласы Кет-Бұқаны қалдырған. Міне, осы әкелі-балалы Домбауыл мен Кет-Бұқа Жошы хан қайғылы қазаға ұшырағанша оны қызғыштай қорыған, сенімді кеңесшілері, арқа сүйер тірегі болыпты. Домбауыл өлгенде артында қалған қалың ел оған биік кесене соқтырған. Ол кесене бүгінге дейін Ұлытаудың басында, Жошының қасында …». Жошы мазары қасында Домбауыл кешені тұрғаны рас. Кеңгір өзенін бойлап Жезқазған қаласының сол­түстігіне қарай жүргенде 50 шақырым жер. Жошы мазарымен екеуінің арасында дауыс жетеді. Іргетасы төртбұрышты. Биіктей келе күмбезденіп, бітім тұлғасы аса қарапайымдылығымен, беріктігімен ерекшеленеді. Биіктігі 9,5-10 метрдей. Қабырғаларының қалыңдығы екі метрге жуық. Жергілікті сұр гранит тастан арасына айрықша лай қосылып қаланған.

Бүгінгі күні Домбауыл кешенінің тұрғызылған мезгілі жайлы әртүрлі қара­ма-қайшы пікірлер айтылады. Мәселен, Әлкей Марғұлан: «Домбауыл, Қосүйтас, Қарадың, Жанай, басқа бір кешендер – бір үлгідегі архитектуралық белгілер. Мұның бәрі де – Орта Азияға Ислам діні тара­­ған­ға дейін VІ-ІХ ғасырлар аралығында тұрғызылған ескерткіштер» деп алысқа тастаса және бір ғалым Т.Бәсенов Домбауыл кешенін ХІV-XVII ғасыр құрылы­сы деп беріге әкеледі. Оның пікірінше, жоңғар шапқыншылығы кезінде әсемдеп салуға мүмкіндік болмаған дегенге саяды. Бұлардың бәрі, зерттеуші Ақселеудің сөзімен айтқанда: «Мұндай логикаға дес берсек, қазақ даласында құрылыс өнері болмауы керек, өйткені бұл даланың тыныш болған кезі жоқ». Иә, шынында да, көшпелі дала тірлігі шапқыншылықтан еш босамаған. Жошы заманында да солай. Әйтсе де, нақты бір шындық – 1227 жылы Жошы қайтыс болғанда Домбауыл мерген тірі, олай болса, ол кесененің тұрғызылу кезеңі 1230-45 жылдар ара­лығын меңзейді. Домбауыл мергеннің өзі Шыңғыс ханмен қатар өмір сүрсе, оның балалары Кел-Бұқа аталық пен Кет-Бұқа ноян Жошыменен шамалас. Әкелері мен әкесі, балалары мен балалары қатар өскен екені тарихта нақтыланған.

Ғалым-жазушы Тұрсынхан Зәкенұлы «Көкбөрілердің көз жасы» атты тарихи романында «Жошыны хан сайлау рәсіміне қазақ ру тайпалары түгел қа­тысты. Қаракеңгір өзенінің бойындағы көкорай шалғын далада исі моңғолдың игі жақсылары мен қазақ ру тайпаларының көсемдері, көмекей жыраулары мен билері түгел қатысқан сол жиында Жошы­ны ақ киізге салып хан көтеріп, Үйсін Майқы би, Қоңырат Сеңгеле би мен Мәуке би, Барлас Қарашар би, моңғол Тазша бала, атақты Көкеші шешен ағынан жарылып, ағыл-тегіл сөйлейді. Күйші Кет-Бұқа, Домбауыл, Арғұсын қобызшы дала желінің сарынына салып, күңірентіп күй тартты» (516-бет), – деп жазады. Демек, «Ақсақ құлан» күйін шығарушы Кет-Бұқаның өзі де, оның әкесі Домбауыл да сол кезеңдегі әкелі-балалы дәулескер, атақты күйші болғанын аңғарамыз.
Қорытынды

Қазақ даласындағы өткеннен сыр шертетін осынау кешеннің нақты иесі тарихта болған Найман Домбауыл батыр екендігіне көз жеткізетін уақыт болды. Кешегі кеңестік кезеңнің бұралаң саясаты ұлттың өзін-өзі тануына мүмкіндік бере қоймады десек, егеменді елдің тәуелсіз таңы атқанда тарихымызды тануымыз керек-ақ. Әсілі, қазақ жер мен суға, белгі мен мазарға ат қоюға абай болғанын еске алсақ, Жошының іргесінде жатқан оның бас батыры, ақылшы серігі Домбауыл екенін білгеніміз абзал. Домбауылдай батырдың атын асқақтатып, оның қос ұлы – Кет-Бұқа мен Кел-Бұқа өмір сүрген, тұлпарының тұяғы тиген жер ұлтымыздың мақтанышына айналған қасиетті Ұлытау болғанын естен шығармайық. Ендеше, Домбауыл кесенесіне қайта бір оралып, оның нақты өз атын иеленетін, басына белгі тас қоюдың кезеңі келді. Бұл, әрине, ұрпақ үшін қажет.



Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Қазақ әлемі. Этномәдени пайымдау. Оқу құралы. - Алматы, "Санат" 1997. 

2. Сейдімбек А. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.”

3. Қаныш Сатпаев. Энциклопедия / Бас редактор Б.Ө.Жақып. — Алматы «Қазақ энциклопедиясы», 2011 жыл. 



4.«Домбауыл дыңы» мақала. Искаков.А.М.Төрегелдин атындағы Жезді кентіндегі тау-кенжәне балқыту ісі тарихымузейінің ғылыми қызметкері

5. «Домбауыл – даламыздың өз ұлы» Серік ТІЛЕУБАЕВ, «Ана тілі газеті» 6 - Мамыр, 2010 ж





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет