Досжан Аружан -ҚТӘ 1 курс 8- апта



бет15/25
Дата08.02.2022
өлшемі51,39 Kb.
#122738
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25
Байланысты:
Досжан Аружан ТБК (1)
4 АПТА СРСП, Химия БЖБ, ТЖБ талдау 3 тоқсан 2022 23
Қытай жазуы — тарихи деректер бойынша, қытай жазуының алғашқы таңбалары б.з.б. 14 ғ. Шаң патшалығы заманында пайда болған.
Қытай жазуы - әлемдегі тарихы аса ұзақ жазулардың бірі. Ол қытай қоғамының дамуынан бастап, қытай тілінің өркендеуінде көрнекті рөл атқарып келгені тарихтан белгілі. Қытай жазуы иероглифтік жазудың бүгінгі күндегі ең дамығаны болып есептелінеді. Бір иероглиф белгілі мағынаны білдіріп, бір фонетикалық заңдылықтар бойынша бір фонема болып есептеледі. Сондай ақ қытай иероглифтері жеке дыбысты немесе фонеманы білдіре алмайтындықтан тілдегі бүкіл сөздік қорға жеке-жеке таңба жасап шығуға тура келгені мәлім. Осылайша қытай тілі сөздерінің мағынасы бейнелейтін таңбалар неше мыңдаған түрден асып жығылады. Мысалы, қазіргі кей бір сөздіктерде 50 мыңнан астам иероглиф қамтылып отырғаны айтпасақ та түсінікті..
Қытай жазуы - адамдардың заттар мен құбылыстарға ұқсата еліктеуі нәтижесінде, дүниелік құбылыстарды сызбамен бейнелеп, түсіну мақсатына жетті. Олар алғашқы жазуды сүйектерге ойып жазды, сондықтан зерттеушілер осы әдепкі жазуларды сауыт-сүйек жазуы деп атады. Қытайдың негізгі ресми тілі – қытай тілі. Қатай тілі Қытай – Тибет тобына жатады. Қытай тілінің басты ерекшеліктері:
1. Қытай тілінде 4 үн бар, мағына үн (тон) арқылы анықталады;
2. әр бір иероглиф бір буын болып есептеледі.
3. жалаң буынды сөздер жиі кездеседі, күрделі сөздер көп түбірден құралады, бірақ морфологиялық түрлену болмайды.
4. Сөздердің орын тәртібі мен шылаулар қолданысы негізіне грамматикалық мағына айқындалады. Қытай тілінің диалектілері мұнан 2500 жыл бұрын байқалса, қазір ұсақ диалектілер көп болғанымен, негізінен, үлкен жеті топқа бөлінеді. Олар, Солтүстік, У, Шияң, Гань, Кыжия, Юэ және Минь. Қытайдың әдеби тілі Солтүстік диалектика негізінде қалыптасқан


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет