Досжан Аружан -ҚТӘ 1 курс 8- апта



бет16/25
Дата08.02.2022
өлшемі51,39 Kb.
#122738
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   25
Байланысты:
Досжан Аружан ТБК (1)
4 АПТА СРСП, Химия БЖБ, ТЖБ талдау 3 тоқсан 2022 23
Майя жазуы — үндістердің иероглифтік жазуы. Б.з. алғашқы ғасырларына жататын жазуды майялар ағаштың қабығы мен бұғының терісіне, тастар мен қыштарға ойып жазған. 1561 ж. испан басқыншылары майялардың бай кітапханасын өртеп, жойып жіберуіне байланысты, сондай-ақ христиан дінінің үндістер арасына таралуына орай Майя жазуы мүлдем жойыла бастаған. Оның нұсқалары Дрезден Мадрид, Париж кітапханаларында сақтаулы. Бұл жазу Мексика тайпаларында да кең қолданылған. Майя жазуын зерттеу 1864ж. Кенгсборода диего де Ланда баспасында жарық көрген “Юкатан істері туралы хабарламадан” басталды. Бірақ бұл жолы жазбаларды зерттеу жұмыстары сәтсіз аяқталды. Тек 1951 ж. орыс ғалымы Ю.В. Кнорозов тарихта белгілі иероглифтік жүйеден Майя жазуының айырмашылығы жоқтығын анықтады. Майя жазуы Америка құрлығындағы көне мәдениет белгісі болып саналады
Кана жазуы-. 9 ғасырдың бастап Жапонияда буын жазуының ұлттық жүйесі – кана қалыптасқан, иероглифтер мен буын белгілерінен тұратын, кана деп аталатын идеографикалық-силлабикалық аралас жазу. Жапонияда 5 ғасырдың қытай иероглифтерін ауысып қолданған кездер болған, таза иероглифтерден канаға дейін жазудың бірнеше түрі қолданылған. Онда жазу бағыты жоғарыдан темен, оннан солға қарай және көлденең жазу да кездеседі.
Кипр жазуы—Кипр аралының гректерінің б.з. д. VIII-III ғ. ескерткіштерімен бекітілген буындық жазуы. Ол кипро-миноан жазуынан шыққан. XIX ғасырдың аяғында Смит. грек-финикиялық белгілердің арқасында оны ашып оқиды. Бұл жазу тілінде- таңба буынды белгілейді, яғни сөз құрамындағы әрбір буын графикалық таңбалармен беріледі.. Буын таңбалары әуелде бір буынды сөздерді белгілеген идеограммалардан жасалған. Мұнда таңбалар тек дара дауыстыларды және дауыссыздардың тіркесі мен белгілі бір дауыстының қосындысын белгілейді;
Брахми жазуы — үнді буын жазуының ең көне түрінің бірі. Солдан оңға қарай жазылады Брахми жазуымен жазылған ең көне жәдігерлер — Ашока патшаның б.з.б. 272 — 232 жылдары Буддаға қатысты жарлықтары. Бұлар, көбінесе, жартастар мен бағаналарға ойып жазылған. Брахми жазуы әліпбиінде буындық таңба саны — 31, дауысты дыбыстар таңбасын — 4 және белгілі бір дыбыстың мұрыннан айтылатынын көрсететін ерекше таңба тағы бар. Брахми жазуының қайдан шыққаны белгісіз. Үнді ғалымдары мұны б.з.б. 3 — 2 мыңжылдықтардан сақталған Мохенджо-Дародан табылған ежелгі үнді жазбасымен байланыстыра қарап, ұлттық мұра деп есептейді. Неміс ғалымдары финикия жазуынан шыққан дейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет