Досжан Аружан -ҚТӘ 1 курс 8- апта



бет18/25
Дата08.02.2022
өлшемі51,39 Kb.
#122738
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25
Байланысты:
Досжан Аружан ТБК (1)

Үнді жазуы — Шығыс Азияға және Оңтүстік Шығыс Азияға тараған буын жазуы. Үнді жазуының түрі көп. Дегенмен, ол шыққан тегі, таңбаларының түзілу принципі бір болғандықтан, оларды ортақ атпен Үнді жазуы деп атаған. Үнді жеріндегі ежелгі жазба мұралар б.з.б. 3 — 2-мыңжылдықтарда иероглифпен жазылған. Бұлар әлі күнге дейін оқылған емес. Оқылған мұралардың ең көнесі б.з.б. 3 ғ-ға тән. Ол солдан оңға қарай брахми жазуымен жазылған. Қазіргі Үнді жазуына негіз болған осы жазу. Бертін келе Брахми дәстүрі солтүстік, оңтүстік және оңтүстік-шығыс болып үшке бөлінген:

  • Солтүстік Үндіде гупт, тибет, деванагари, шарада, невари, бенгали, ория, гуджарати, гурмукхи. Бұлардың ішіндегі ең көп қолданылатыны — деванагари жазуы;

  • оңүстікте грантха, каннада, телуге, малая, тамил;

  • үнді жерінен тысқары елдердегі сингал, бирма, кхмер, лаос, тай жазуы мен үндіқытай, индонезия жазуларын қамтиды

Эфиоп жазуы – өлі тіл.. Бұл тіл б.з.б. 5 ғасырда Эфиопияға оңтүстік Арабиядан қоныс аударған көшпелі халықтар арқылы тараған. 4 ғасырдан оңтүстік араб консонативті жазуы негізінде буын алфавиті қалыптасып, 4 – 7 ғасырларда Аксум империясының және кейінгі эфиоп мемлекеттерінің мемлекеттік тілі қызметін атқарған. 9 ғасырдан өзімен туыстас амхар тілі ығыстыра бастағанымен, Эфиоп жазуы 13 – 20 ғасырларда шіркеу тілі ретінде христиан дінінің монофистік шіркеуінде қолданылып келді. Аксум дәуіріндегі Эфиоп жазуының ескерткіші белгілі бір тарихи оқиғаға байланысты қойылған ескерткіш екені плитадағы жазбалардан белгілі. Бұл тіл Эфиопиядағы басқа тілдердің сөздік құрамын кітаби лексикамен, терминологиямен толықтыруда игі әсерін тигізді.
Семит жазуы — Жазудың әліпбилік үлгісін, яғни таңбаның бір ғана дыбысқа (фонемаға) сәйкес келуін біздің заманымыздан бұрынғы 3-мыңыншы жылдардың ортасында семит халықтары ойлап тапқан. Семит тілдерімен туыстас көлбеу сызықты (курсив) көне семит тілінің әліпбиі Таяу және Орта Шығыс елдерінің бәріне дерлік тарады.
Семит жазуын қолданған халықтардың ішінде ең көп таралғаны: арабтар мен еврейле
Финикия жазуы - өлі тілдердің бірі . Оның тегі иероглиф пішіндес Синай буын жазуы болуы мүмкін. Алғашында Финикия жазуының 22 таңбасының әрқайсысы дауыссыз бен дауысты дыбыс тіркесінің сәйкестігі ретінде танылса, ал кейін оның тек дауыссыздар сәйкестігі екені анықталды. Квазиалфавиттік желілік консонантты жазу. Шамамен б.з.д. ІІ-ғ. Финикияда пайда болған. Финикия жазуы шығу тегі жағынан иероглифтік буындық жазу болуы да мүмкін деген жорамал бар, алайда аталмыш жазу әлі құпия түрінде қалып отыр. Финик жазуы финикиялықтармен көршілес Сирия- Палестина аймағын мекендеген халықтар да пайдаланған; Финик жазуы арамей жүйесі арқылы араб жазуының арғы тегіне жатқызады. Ол Орталық Азия мен Үнді халықтары жазуларының шығу тегі болып саналады. Гректер финикия жазуын өздерінше өзгертіп пайдаланған, одан соң римдіктер де қолданған. Барлық еуропалық жазу жүйесіні және қазір өлі тілдер қатарына жататын Кіші Азия əліпбилерінің арғы тегі - Финик жазуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет