Фонетикалық принцип бойынша сөз бөлшектерінің дыбыстық өзгеріске ұшырауы есепке алынып, олар естілуінше жазылады Қазіргі орфографиялық ереже бойынша кейбір жалқы есімдердің сыңарлары фонетикалық принципке негізделген Дегенмен фонетикалық принцип бойынша мынадай орфографиялық ережелері жасалған: , 1. Қазақ тiлiндегi сөздерге 4 түрлi жалғау, жұрнақтардың көпшiлiгi сөздiң соңғы буынындағы дыбыстардың жуанжiңiшкелiгiне орай жуан не жiңiшке жалғанады: бала-лар-ды, үй-лер-iмiз-ге, адам-дық, көп-шiлiк т.б
. 2. Қатаң п,к,қ дыбыстарынан аяқталған сөздерге дауыссыздан басталған қосымша жалғанғанда қатаң дыбыстар ұяң естiледi /айтылады/: қонақ-қонағы, парақ-парағы, бүлiкбүлiгi, талап-талабы
. 3. Қазақ тiлiнде п дыбысынан аяқталған етiстiктерге көсемшенiң - ып, -iп жұрнағы жалғанғанда қос п дыбысы қатар айтылмай немесе алдыңғысы ұяңдамай, түбiрдегi п дыбысы үндi у дыбысына айналып кетедi және сол өзгеруiнше жазылады: кеп+iп – кеуiп, жап+ып – жауып, шап+ып –шауып
. 4. Бiрқатар бiрiккен сөздер әр компонентiнiң түбiр тұлғасын сақтамай, естiлуiнше жазылады: белбеу, қолғабыс, бүгiн. Бұл тәрiздi фонетикалық принциппен жазылатын бiрiккен сөздердiң санаулы екенi, олардың орфографиялық сөздiкте берiлетiнi Р.Сыздықованың «Анықтағышында» ескертiледi.
5. Орыс тiлiнен ертеректе енiп дыбысталу жағынан өзгерiп кеткен бiрқатар сөздер фонетикалық принциппен қазақша айтылуынша жазылады: самаурын, бәтеңке, божы, болыс.
Қорытындылайтын болсам бұл екі принципте сөздің дыбысталуымен тікелей баланымты бырақ фонематикалық принципте сөз ішіндегі дыбысқа назар аударылмайды біз сөзді башшы деп естісекте фонематикалық принцип бойынша басшы деп жазамыз ал фонетикалық принцип бойынша біз сөзді қалай естиміз солай жазамыз мылалға біз Амангелді деп жазамыз неге біз Аманкелді деп жазбаймыз себебі біз ол сөзді Амангелді деп естиміз міне бұл олардың басты ерекшеліктерінің бірі