Досжан Аружан -ҚТӘ 1 курс 8- апта


Жазудың шығуы мен дамуы, түрлері туралы пікірлерге талдау жасап, кестеге түсіріңіз



бет9/25
Дата08.02.2022
өлшемі51,39 Kb.
#122738
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25
Байланысты:
Досжан Аружан ТБК (1)
4 АПТА СРСП, Химия БЖБ, ТЖБ талдау 3 тоқсан 2022 23
Жазудың шығуы мен дамуы, түрлері туралы пікірлерге талдау жасап, кестеге түсіріңіз;

Жазу біртіндеп эволюциялық жолмен дамыды яғни пиктография→идогрфиялық→буын жазу →әріп жазу
Пиктографиялық жазу. Бұл жазудың ең алғашқы түрі. Пиктографиялық жазу – суретке негізделген жазу. Сондықтан оны кейде сурет жазуы деп те атайды. Пиктографиялық жазудың таңбалары пиктограммалар деп аталады. Әрбір сурет өздігінен бүтіндей хабарды білдіре алады. Ол хабар графикалық жағынан жеке сөздерге бөлшектенбейді. Осыған орай пиктограмма тілдік нормаларды емес, оның мазмұнын бейнелейді. Сондықтан пиктограммалардың мағынасын әртүрлі тілдерде сөйлейтін адамдар түсіне алатын болған. Пиктографиялық жазуға таңба ретінде адамның, қайықтың, малдың, тоғайдың т.б. суреттері қолданылған. Мысалы, “мен аң аулауға кеттім” дегенді білдіру үшін адамның суретіне қоса тоғайдың және аңның суреті салынған Америка үндістері, Қиыр солтүстік халықтарында, ертедегі Египет, Месопотамия, Финики, Крит, Испания, Оңтүстік Франция, Шумер, Қытай жерлерінде, Ацтек, Гватемалла, Пасха аралдарында алғашқы сурет жазу түрлері пайда болды. Қазақстан жерінде Алматы облысы Таңбалы сай (б.э.д. 7 ғасыр), Талдықорған облысы, Ақсу, Қапал жерінен, Дауылбай тауынан, Теректі сайы, Алакөл, Талас ойпатынан, Қарағанды облысы, Қаратаудан, Семей, Дегрес, Балқаш, Ұлытаудан табылды.
Пиктографиялық жазудың біртіндеп даму барысында идеографиялық жазу пайда болды. Идеографиялық жазудың таңбалары идеограммалар деп аталады. Пиктографиядан идеографияға көшу өте баяу болды және пиктограммалардан пайда болған идеограммалардың алғашында пәлендей айырмасы да болмады. Идеографиялық жазудың даму барысында идеограммалар пиктограммалардан біртіндеп алшақтап, ақырында идеограммалар белгіленетін заттың сыртқы формасына дәлме-дәл негізделуден қалып, шартты таңбалар ретінде қолданыла бастады. Идеографияның пиктографиядан басты айырмашылығы таңбалардың формасында емес, олардың мағынасында. Идеографиялық таңба не жеке сөзді немесе оның атауыш бөлшегін белгілейді. Түптеп келген түркі тайпаларының арасында соншама кең тараған идеографиялық жазулар түркі тайпаларының руникалық деп аталатын тұңғыш әріптік жазуының шығуына да белгілі мөлшерде ықпал етіп, әсерін тигізді.
Жазудың даму барысында буын жазуы пайда болады. Жазудың буын жүйесінде таңба буынды белгілейді. Жазудың буын жүйесі шығу тегі мен таңбалардың фонетикалық мағынасы жағынан бірнеше түрге бөлінеді. Таңбалардың фонетикалық мағынасы жағынан буын жазуын негізгі үш топқа бөліп қарауға болады: Мұның бірінші түріне ассиро-вавилон, элам, урарт, сына жазулары, майя жазуы, лигатуралы дыбыстық корей жазуы жатады. Буын жазуының екінші түріне крит-микен буын жазуы, кипр, эфиопия және жапон буын жазулары жатады. Буын жазуының үшінші түріне үнді ж Әріп жазуы буын жүйелі жазудан кейін пайда болды. Әріп жазуының пайда болуының дүниежүзілік мәдениеттің дамуы үшін үлкен маңызы болды. Жазу жүйелерінің ішінде әріп жазуы - ең қолайлы жазу. Әр түрлі тілдерде буын саны мен сөздің санынан дыбыстың саны әлдеқайда аз. Осыған орай дыбыстарды таңбалау үшін, әдетте, 20-дан 40-қа дейінгі таңба санының өзі жеткілікті болады. Әріп жазуындағы таңбалардың мұндай шағын мөлшері жазуды меңгеруді, сауаттылыққа үйретуді жеңілдетеді. Әріп жазуы – сөздерді ғана емес, сонымен бірге, олардың дыбыстық жағы мен грамматикалық формаларын да дәлме-дәл белгілеу үшін өтемөте қолайлы жазу.
Енді пікірлерге назар аударсақ



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет