Досжанова Салтанат Кожахметовна Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Май орта мектебі



Дата11.01.2017
өлшемі184,55 Kb.
#7102



Досжанова Салтанат Кожахметовна

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

Май орта мектебі

Ақжар ауданы ауданы

Солтүстік Қазақстан облысы
Биік сенің мәртебең, дархан елім.

МАҚСАТТАРЫ:

1.Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру. Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, соның ішінде Қайрат Рысқұлбековтың өмірін, ерлігі жайында түсіндіріп, оның ақындығын насихаттау, оқушыларға желтоқсан оқиғасы туралы мағлұмат беру.

2.Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге және ерлікке баулу. Желтоқсан оқиғасында ел қамын жеген ерлерді үлгі тұту, өнеге алуға және халқының тарихын білуге үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

СЫНЫПТЫ БЕЗЕНДІРУ:

  1. Жоғарыдағы плакаттар және түрлі түсті шарлар ілінеді.

  2. Сот залы

  3. Түрме

Тәрбие сағатының барысы:
жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар халқымыз үшін ең қасиетті де қастерлі тәуелсіздікке 15 жыл толды. Аңсаған күнге қол жетіп, ақ түйенің қарны жарылған аса айтулы қуанышымыз құтты болсын. Тәуелсіздік жолы оңай жол емес, бұл жолда сан мыңдаған адамның арманы мен тағдыры тәлкекке түсті. Біздің еліміз бүгінгі күнге сондай қиын-қыстау, даңқты жолдардан өтіп келіп отыр. Сондықтан да, тәуелсіздігіміздің мәні өзгеше, бағасы теңдессіз. Ендеше тәуелсіздігіміздің тұғыры әрқашан биік болсын.

Дилляра

Қазақстан-кеше...

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,

Жұртым менің не қиындық көрмеді!?

Жылап тұрып Аналарым бұл жолда,

Сан перзентін қара жерге жерледі.

Мөлдір

Қазақстан-бүгін...

Бақтың құсы әр адамға қонып бір,

О Тәңірім, бізді баққа жолықтыр!!..

Бүгін, міне, Тәуелсіздік ағайын,

Әр Қазақтың жүрегі деп соғып тұр!..

Риза

Қазақстан-ертең...

Қазақпын, еңселі елмін егеменді,

Кеңейттім кең әлемге керегемді.

Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар

Таныды тепе-тең деп тереземді.

Қазақпын, қойнауы-құт, жері-дархан,

Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.
1-сұрақ: Желтоқсан оқиғасының шығу себебі не?

оқушы: 1986ж 16 желтоқсанда Қазақстан компартиясы орталық комитетінің пленумы болды, онда Д.Қонаевты Қазақстан компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшылығынан босатып, орнына Колбинді сайлады.Колбин Қазақстанда тұрмайды, онда қызмет етпеген. Міне, осы пленум шешіміне қазақ жастары бейбіт түрде наразылық білдіріп алаңға шықты. Жастар шеруі желтоқсан айының 17-18 күндері болды. Бұл оқиға сол себепті де тарихта желтоқсан оқиғасы деген атпен қалды.

2-сұрақ: Жастар наразылығы неге біздің және Мәскеу тарапынан қолдау таппады? Неге жаныштауға тырысты?

оқушы: Республиканың Колбин бастаған жаңа басшылығы олармен терезесі тең түрде пікір алысып, ұсыныстарына құлақ салуды намыс көрді. Олар әкімшілік-әміршілдік өктем көкірек, өр мінез көрсетті. Республикада тұратын 6 миллионнан астам адамнан, қазақтан лайықты ешкім таппай, сенімсіздік білдірген Мәскеуге қарсы бұл жастар қозғалысын олар ұлтшылдық, нашақорлық деп айып тағып, жаныштады.

3-сұрақ: Әділдік үшін күрескен жастардың қаншасы жауапқа тартылды?

оқушы: Бұл оқиғаға байланысты 103 адам жауапқа тартылды. 99-ы сотталды. Алматы қаласы бойынша 2401 адам қамауға алынып оқудан 309 студент шығарылған, 99-ның ішінде 2 адам өлім жазасына кесілген. Олар: Қайрат Рысқұлбеков, Мырзағали Әбдіқұлов.

жүргізуші: Ерлігіңе қуанам да, сүйінем,

Қайрат аға рухыңа мен иілем.

Бәйшешектің солғанына ах ұрсам,

Әділ жанның қазасына күйінем.

Қазір сіздердің назарларыңызға желтоқсан оқиғасында әділдік үшін күрескендердің бірі – Қайрат Рысқұлбеков, ендеше Қайрат жайындағы көріністен үзінді тамашалаңыздар.

КӨРІНІС


Темір тордың ішінде Қайрат өлең жазып отыр. Өлеңін оқиды.

Қайрат:

Қайнама қазақ қамы үшін,

Қарусыз шықтық алаңға.

Алыстан әскер алдырып,

Қырып салды-ау табанда.

Сөйлесем даусым жетпейді,

Кез болдық мынау заманға.

Шовинизм еді ғой,

Басты себеп жанжалға.

Осы кезде екі жендет Қайратты сот залына әкеледі.

Хатшы: Сот келеді, тұрыңдар!

Хатшы: Отырыңдар!

Сот үкімді оқиды.

Сот: -Алдындағы сот нәтижесі бойынша:

Қазақ КСР Жоғары сотының сот мәжілісі залындағы ашық сот отырысында 1987 жылдың 25 мамырына дейін Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековтың айыптау ісін қарай келіп, жоғарыда айтылған оқиғалардың негізінде Қазақ КСР қылмыстық істер жүргізу кодексінің 287, 299 және 301 баптарына сәйкес соталқасы Үкім етеді.

Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков кінәлі деп табылып мынандай қылмыстық жазаға тартылсын.

Қазақ КСР Қылмыстық Кодексінің 60-бабы бойынша 3 жылға бас бостандығынан, 65-бабы бойынша 15 жылға бас бостандығынан айыруға, Қазақ КСР қылмыстық кодексінің 171-1 бабы бойынша ең жоғары өлім жазасына , атуға кесілсін.



Апасы: -Жоқ, бұл үкім дұрыс емес. Менің балам ақ, ол қылмыскер емес.

Хатшы: -Тынышталыңдар. Орындарыңызға отырыңыздар.

Сот: Қайрат Рысқұлбеков ақтық сөзің бар ма?

Қайрат: Бар.

Ақтық сөз” өлеңін оқиды.



Қайрат:

”Ақтық сөзің не?” – деген,

Бүгін қойды сот сұрақ.

Айтамын оны халқыма,

Жоқ пиғыл менде жасымақ.

Күнәдан таза басым бар,

Жиырма бірде жасым бар.

Қасқалдақтай қаным бар,

Бозторғайдай жаным бар,

Алам десең, алыңдар!

Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар.

”Еркек тоқты - құрбандық”,

Атам десең атыңдар!

Хош аман бол артымда,

Ағайын, туған-азамат.

Артымда қалған ата-анам,

Ел-жұртым саған аманат!



Сот: -Бүгінгі сот жабық.

Екі жендет Қайратты залдан жетеледі. Осы кезде апасы баласының соңынан жүреді.”Қайрат” анама өлеңін оқиды.



Қайрат:

Мейірімді ақ жүзіне анамның,

Көңіл жүдеп, көз жасаурап қараймын.

Кешір ана, кешірімшіл едің ғой,

Кемістігі көп-ау мына балаңның.

Кейін білдім, кеш ұғындым, өкінем,

Өкінем де, басымды иіп өтінем.

Кешір, ана, кешірімшіл едің ғой,

Қолыңнан тым ерте ұзап кетіп ем.

жүргізуші: Алматы сәулет құрылыс институтының студенті Қайрат қазақ елінің 21-ші басшысы зобалаңына ұшырып, 21 жасқа келгенде, түрменің 21-ші камерасында, 21-ші мамыр күні қапаста дүниеден өтті.

Міне сол уақыттан бері 24 жыл өтті.



Сұрақ: Қазақстан қандай мемлекет?
демократиялы зайырлы

құқықты көпұлтты

әлеуметті біртұтас

Қазақстан бүгін (бүгінгі күннің тарихына шолу)оқушылар таратылған суреттерден коллаж жасап «Қазақстан бүгін» деген тақырыппен әңгіме құрастырады.
Біздің туып - өскен жеріміз, еліміз – Қазақстан. Қазақстан Орталық Азияда орналасқан мемлекет. Қазақстан Қытай, Өзбекістан, Қырғызстан, Түркменістан, Ресей Федирациясфмен шектеседі. Қазақстанның үлкен қалалары Алматы, Шымкент, Павлодар, Астана. Қазақстанның астанасы – Астана қаласы. Ол күннен күнге жаңарып, жаңа белестерге көтерілуде. Қазыргі таңда Астана ең әсем әрі көрікті қалалардың бірі. Қазақстанның табиғаты әр алуан. Еліміз мұнайға пайдалы қазбаларға өте бай. Сонымен қатар Қазақстан ғарышты игеруде ең алғаш болған мемлекеттердің бірі.

Қазір еліміз алдыңғы қатарлы дамыған 50 елдер қатарына қосылуға талпынып жұмыстар атқаруда. Мемлекетіміз заман талабына сай заманауи техникалар мен машиналар, өнеркәсіптер қарыштап дамып келеді. Біз осы тәуелсіз Қазақстан Республикасының азаматы болғанымызға мақтанамын.


. Қазіргі таңда Қазақстан өркениетті, дамыған елдер қатарында енген мемлекет. Еліміз, тәуелсіз, дербес ел атанды. Биыл біз тәуелсіздігіміздің 24 жылдығын тойлап жатырмыз. Ел өз қалауымен президентті сайлап Ата Заңымыз бен мемлекеттік рәміздерді қабылдадық. Тәуелсіз елтің нышандары ұлттық елтаңбамыз, туымыз, әнұранымыз бар. Ана тіл-қазақ тілі мемлекеттік тіл болып жарияланды. Қазір ынтымағы жарасқан көптеген ұлттың өкілдері тұрады. Олар: орыс, татар, өзбек, неміс, түрік т.б. көп ұлттар. Биыл Қазақстан халықтпры ассамблеясының жиырма жылдығын атап өттік. Ол бүгінде дүние жүзінің көптеген елдерімен достық байланыс орнатқан, бүкіл әлем таныған елге айналды. Біздің еліміздің президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бейбітшілікті нығайту жолында көп жұмыстар атқарып келеді. Еліміз ЕД, ТМД, БҰҰ ұйымдарына мүше. Сонымен қатар бил Ұлы жеңіске 70 жыл. Бұл жеңіс үшін біз аға аталарымызға мәңгі қарыздармыз. Осы мемлекетті одан да биіктен көрсету ұрпақтың, қазақ ұландарының қолында деп есептеймін.

Қорытынды: «Біз кімбіз ?»


  • Тәуелсіз елдің жастары

  • Ел қорғаушы

  • Өз Отанымыздың патриоты

  • Заңдарын қорғайтын ұландар

  • Өз жолын анықтай алатын азамат

  • Адамның қадір – қасиетін құрметтеушіміз

  • Әлемдік өркениетттердің тоғысқан жерінде өмір сүрген әулеттердің ұрпақтарымыз

  • Ертеңгі күні ел үшін әр салада еңбек ететін еңбекқор жастармыз

  • Біз бақытты, Интернет жүйесіне қол жеткізген білімге құштар жастармыз


Түйін
Тәуелсіз еліміз дамыған өркениетті 50 елдің арасынан орын алуымыз сіздердің ұлттық тәрбие мен тиянақты білімдеріңізге байланысты. Ертеңгі сіздер ұлтымыздың ізгі қасиеттерін, рухани құндылықтарын бойларыңа сіңіріп өз Жері мен Елін қорғай алатын ұлтжанды, мәдениетті болып өсулерің керек.

Қазір Қазақстан білім мазмұнын жаһандандыру мен ақпараттық өркениеттің талаптарына лайықтап әлемдік деңгейге көтеру үшін жұмыстануда. Мемлекет пен ата-аналарың сендердің сапалы білім алуларың үшін қолдан келгеннің бәрін істеп жатыр. Сондықтан ел алдындағы, аға ұрпақ алдындағы жауапкершілікті ұмытпайық. Қоғамымыздағы бар жаманат атаулыдан жиреніп, олармен келіспейтін болыңыздар.Жалаған әдеттен безіңіздер. Ел болашағы мына сіздердің қолдарыңызда



Хормен

Қаймықпаған қиындықтың жүгінен

Өздеріңе сыйлап қырдың гүлінен

Бүгінгі ұрпақ бақытты ұрпақ атынан



Құттықтаймыз Тәуелсіздік күнімен

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет