«Достық» іскерлік ойыны Мақсаты



Дата05.09.2022
өлшемі17,64 Kb.
#148764
Байланысты:
іскерлік ойын


«Достық» іскерлік ойыны
Мақсаты: Педагогтердің өз мамандығын шыңдай түсіп, тәжірибесін басқаларға өнеге ету. Педагогтің өз ойын аша білуге, белсенділігін арттыру. Біліктілігін, іскерлігін, кәсіби шеберлігін анықтау. Бірлесе топ болып жұмыстануды көздеу. Өз кәсібіне деген ынтасын арттыру.
Ойын барысы: Құрметті әріптестер, бүгінгі ұйымдастырылып отырған «Достық» атты іскерлік ойынымыздың мақсаты педагогтердің өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, педагог-тәрбиеші мамандардың біліктілігін, іскерлігін, кәсіби шеберлігін анықтауға өз шығармашылық қабілеттерін бағалай білуге, бір-біріңізбен сыйластық қарым-қатынаста болуға және өзара тәжірибе алмасуға арналған ойын сабағына ұйымшылдықпен қатысуға шақырамыз.
Ұйымдастыру кезеңі
«Көңілді музыка» ойыны
Мақсаты: бойдағы шаршаудан, стресстен арылу.
Шарты: шеңбер бойымен тұрып, бір - бірінің иықтарына қолдарын қояды. Музыканың ырғағымен шеңберді айнала отырып билеп, иыққа ақырын саусақ қимылдарымен массаж жасайды.

Ойынды бастамас бұрын 2 топқа бөлінейік.


1 тапсырма: Сұрақ-жауап сайысы (Әр топтан бір адам шығып, конверт таңдайды)

  1. Тіл туралы заң қай жылы қабылданды? 1989 жылы 22 қыркүйек күні

  2. Қай жылы Тілдер күні мерекесін тойлау күні өзгертілді? 2017 жылы 5 қыркүйек

  3. Неліктен 2017 жылы 5 қыркүйекке ауыстырылды? Мейрамның жаңа датасы Ахмет Байтұрсынұлының дүниеге келген күніне сәйкестендіріп таңдалып алынған. 1873 жылдың 5 қыркүйегінде қазақ тіл білімімен және әдебиеттануымен айналысқан ағартушы және ғалым Ахмет Байтұрсынұлы дүниеге келді.

  4.  Тіл мәртебесі - .......... ел мәртебесі.

  5. Өз тілің - бірлік үшін,............... Өзге тілің - тірлік үшін.

2 тапсырма: «Ойлан тап»
«Қанағаттандырылмағандықтарыңыздан» сөзі жазылған парақ беріледі, топтарға 5 минут уақыт беріледі, осы уақытта осы сөзден басқа сөздер құрастыру керек.
3 тапсырма: «Ертегілер еліне саяхат»
Топтар берілген ертегілер бойынша ертегіні баяндай отырып сахналау.

  1. «Мақта қыз бен мысық» ертегісі.

  2. «Бауырсақ» ертегісі.

4 тапсырма: «Ойна да, ойла»
Топ басшылары ортаға шығып, үстел үстінен әр-түрлі сөздер жазылған конверттерді таңдап алады. Берілген сөзді тек қана қимыл-әрекет, ым-ишарамен түсіндіру керек.
(Қыс, жаз, көктем, күз жыл мезгілдері).
Рефлексия.Бүгінгі ойын сізге ұнады ма? Ойыннан қандай әсер алдыңыз? Стикерге жазу.
Қортынды: Құрметті әріптестер, ойынға белсене қатысқандарыңыз үшін рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет