Жүректің қызметі,оның жас ерекшеліктері Жүрек (лат. сог, грекше сагdіа) — қалың жолақты еттен тұратын төрт қуысты, үлкендігі адамның жұдырағындай (250— 300 г) жұмыр ағза. Жүрек көкірек қуысында екі өкпе аралығының алдыңғы жағында орналасқан, ірі қан тамырларға ілініп тұрады. Оның ұзындығы 12—15, ені 8—11 см, ұзын бөлігі оңнан солға, жоғарыдан төмен, арттан алға қарай бағытталған. Жүрек ұшы көкірек қуысында сол жақтағы бесінші қабырғаға не қабырға аралығына тіреледі. Жүрек қуысын бітеу перде екіге бөледі. Кейде жүректің осы екі бөлімін оң, жүрек, сол жүрек деп атайды. Он, жүрек пен сол жүрек қуыстары бір-бірімен қатыспайды. Әр жүрек жүрекше (аtrігіum) мен қарыншадан (ventriculum) тұрады. Сонымен жүректе 4 қуыс бар, олардың екеуі жүрекше екеуі қарынша. Жүрекше мен қарынша арасында атривентрикулярлық (жүрекше-қарынша) тесік болады. Бұл тесікті жабатын екі, үш жақтаулы атриовентрикулярлық қақпақшалар бар. Жүрек қабырғасы үш қабаттан тұрады. Ішкі — эндокард, ортаңғы — миокард, сыртқы — эпикард.
Жүрек минутына 70—72 рет соқса, жүрек циклы (айналымы) 0,8—0,9 сек-ке тең болады. Жүрек соғуы жиілесе не сиресе, оған орай айналым уақыты не ұзарады, не қысқарады. Айналым уақыты көбінесе диастоланың ұзақтығына байланысты, яғни жүрек соғуы жиілесе, онын, дем алысы (диастоласы) қысқарады. Систолаға қажет уақыт мөлшері көбінесе өзгермейді.
Жүрек айналымы 0,1 секундке созылатын жүрекше систоласынан басталады. Оң жүрекше жиырылуы 0,01 секундтай ертерек басталады. Өйткені онда жүректі қоздыратын синоатриалдық түйін орналасқан. Қозу осы түйінде туады да, оң қарыншаға бұрынырақ жайылады. Систола кезінде жүрекшелерде қан қысымы с. б. б. 5—8 мм-ге жетеді. Бұл уақытта қарыншалар диастолада болады, ал атриовентрикулярлық қақпақшалар ашық болғандықтан қан жүрекшеден қарыншаға құйылып тұрады. Жүрекше жиырылған сәтте оған қан жөткізетін веналардың өзегі қысылып жабылып қалады. Сондықтан қан жүрекшеден веналарға қарай кері қайтпайды, веналарда қысым төмен болғанмен де қан өтпейді. Систоладан кейін жүрекше диастоласы жәие қарынша систоласы бір мезгілде басталады. Қарынша систоласы 0,33 секундке созылады, ол ширығу және қан айдау (шығару) кезеңдері болып екіге бөлінеді. Ширығу —0,08, қан айдау —0,05 секундқа созылады. Ширығудың өзі екі кезеңнен тұрады: 0,05 секундқа созылатын асинхрондық жиырылу мен 0,03 секундке созылатын изометрлік жиырылу. Асинхрондық кезеңде қарынша еттерінің бәрі бірден жиырылмайды. Жиырылу қозуға сәйкес ет талшықтар тобын біртіндеп қамтиды. Қарынша қуысында қысым онша өзгермейді, сондықтан атриовентрикулярлық қақпашалар ашық қалпында қалады.
Жүрек циклы кезеңдерінің үлгісі: Жүрек циклы —0,8 с. болғанда
систола (жиырылу) диастола (жазылу)
жүрекше систоласы 0,1 сек. жүрекше диастоласы 0,7 с.
қарынша систоласы 0,33 с қарынша диастоласы 0,47 с.