Қан қысымы, қан айналымы Қан айналымы-екі шеңбер арқылы жүзеге асады:
Үлкен қанайналым шеңбері – жүректің сол жақ қарыншасынан қолқа артерия қантамырынан басталады. Оттегіне қаныққан қан алдымен қолқаға, одан ірі және ұсақ артерия қантамырларына жеткізіледі. Қан ұсақ артерия қантамырларымен ішкі мүшелерге, жүректің өзіне, бұлшықеттерге, сүйектерге барады. Мүшелерде артерия қантамырлары тарамдалып, капиллярларға бөлінеді. Капилляр қантамырларының жұқа қабырғалары арқылы қан дене жасушаларына қоректік заттар мен оттегін таратады. Жасушалардан көмірқышқыл газы мен қажетсіз өнімдерді жинап, вена қанына айналады. Вена қаны вена қантамырлармен жүректің оң жақ жүрекшесіне құяды.