DОТS стратегиясы ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ КАЗАХСТАНСКО-РОССИЙСКИЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ DОТS стратегиясы - туберкулезді емдеудің жаңа әдісі. Dіrесtlу Observed Treatment Short-course
деген ағылшын сөздерінің алғашқы әріптерінен құрастырылған - аббревиатура қазақ тіліне аударғанда:
(БК+) - микроскоппен жасалған зерттеулердің нәтижесінде қақырық анализдерінің кем дегенде екеуінде туберкулездің қышқылдығы тұрақты бациллдер (ғалым Кохтың құрметіне аталған Кох бациллдері- жұқпалы таяқшалар) табылған пациенттер;
(БК-) - клиникалық сипаты мен рентгенологиялық өзгерістері өкпе (немесе басқа органдар) туберкулезінің белсенді түріне сәйкес келетін, бірақ қақырық немесе басқа паталогия материалын үш рет зерттеген кезде туберкулездің қышқылдығы тұрақты бациллдері (БК) табылмаған пациенттер;
БЦЖ вакцинасы- ағылшын тілінде BCG вакцина оны алғаш рет әзірлеген Саlмеttе, Guеrіn авторларының атымен аталған, туберкулезге қарсы белсенді арнайы профилактикаға арналған; БЦЖ-ит - БЦЖ вакцинасын жасағаннан кейін оның орнында суық абсцесстің пайда болуы;
тұрақтылық - туберкулез микробактериясының туберкулезге қарсы препараттарға қарсы төзімділігі.
DOTS стратегиясыбойынша туберкулездің кез келген түрімен ауыратын науқастарды емдеудің негізгі әдісі - химиотерапиялық емдеу болып табылады, ол үш қағидаға негізделген:
1. химиотерапиялық ем қатаң бақылаумен жүргізілуі керек. Ауруханада, санаторияларда науқастар туберкулезге қарсы қолданылатын дәрілерді медицина қызметкерінің бақылауымен қабылдауы тиіс, ал амбулатория жағдайында дәрі қабылдауды медицина қызметкерлері, химизаторлар, супервайзерлер немесе науқастың туыстары бақылайды;
2. науқастардың ем категориясына сәйкес, барлық дәрілерді және толық мөлшерде қабылдауды қатаң сақтау;
3. ем схемасының ұзақтылығын сақтау.
DOTS стратегиясы бойынша химиотерапиялық емдеу екі кезеңнен тұрады: Бірінші кезең - ауруханада, химиотерапиялық емнің қарқынды кезеңін жүргізу. ІІІ-категорияға жататын, эпидемиологиялық жағынан айналасындағыларға қауіп туғызбайтын кейбір науқастарға амбулатория жағдайында ем жүргізу мүмкіншілігін фтизиатрдың өзі шешеді.
Екінші кезең - емнің жалғастыру кезеңі, химиотерапия жүргізу қарқыны төмендеу, әлеуметті жағдайы нашар жанұя науқастарын қоспағанда ем амбулатория жағдайында жүргізіледі.