БӨЛІМ 1. ПӘН БОЙЫНШАГЛОССАРИЙ Авторитарлық қарым-қатынас - мұғалімнің оқушылар пікірімен санаспай,қызығушылықтарын ескермей шешім қабылдауы,тек өзінің айтқанын орындауға бағытталуы.
Аксиология(грек тілінің «ахіа» - құндылық және «logos»-ілім) - құндылықтардың табиғаты жайлы және дүниедегі құндылықтар жүйесі туралы философиялық ілім.
Әдіснама – зерттеу процесі туралы ілім ретінде де түсіндіріледі.
«Әдіснама» грек тілінен аударғанда «әдіс туралы ғылым» деген мағынаны береді.
Әдіс -мазмұның қозғалысы, құбылыстың мәнін ашып көрсету және оның мазмұнынан тыс жасалмайтындығын баса көрсетті.