Дұрыс тамақтану дегеніміз не: заманауи көзқарас



бет6/8
Дата08.09.2022
өлшемі170,93 Kb.
#148967
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Материалы (копия)

Аш ішек


Аш ішек – бұл да ас қорытудың «нағыз жұмыскері». Оның жалпы ұзындығы ересек адамдарда шамамен 7 метр. Аш ішектің ішкі беті саусақ тәрізді микроскопиялық бүрлердің үлкен (миллиондаған) мөлшерімен жабылған. Бұл аш ішектің жалпы бетінің көлемін едәуір арттырады. Егер оны тізіп жайсақ, мөлшері футбол алаңындай болады. Неге соншалықты көп?
Дәл осындай үлкен «аумақ» қажетті қоректік заттарды – нутриенттерді сіңіріп, қорыту үшін қажет. Кейбір аурулар бүрлерге әсер етеді және аш ішекте бұзылулар тудырады, бұл қоректік заттардың сіңуінің бұзылуына әкеледі. Мұндай жағдайды мальабсорбция деп атайды.
Қоректік заттарды сіңіруден басқа, аш ішектің бүрлері тағамды қорытуда маңызды рөл атқарады. Бүрдің бетінде көмірсулар мен басқа да қоректік заттарды қорытуға қатысатын көптеген ферменттер бар. Оларға сахарозаны қорытатын сахарАЗА, мальтоза көмірсуларын қорытатын мальтАЗА, лактоза сүт қантын қорытатын лактАЗА жатады. Бұл ферменттер туралы толығырақ ақуыздар мен көмірсулардың функциялары бөлімінен оқыңыз.
Ішек қызметінің бұзылуы, іштің өтуін және басқа ас қорыту проблемаларын тудырады. Осыған байланысты ішек бүрлері кішірейіп кетуі мүмкін, өз кезегінде ас қорыту және қоректік заттарды сіңіру проблемалары, атап айтқанда сүт қантының сіңуі нашарлауы мүмкін.
Бағымызға орай, ішек бүрлері іш өтуден 3-4 күн өткен соң қалпына келеді. Бұл уақытта сүт өнімдерін тұтынбаған дұрыс, өйткені оларды жеткілікті мөлшерде сіңірілуі екіталай.
Ішектің басқа маңызды анатомиялық құрылымы – бұл бүрлер түбінде орналасқан пейер шытырасы. Олар иммундық қорғаныста өте маңызды рөл атқарады. Оны шырышты қабықтың иммунитеті деп те атайды.
Пейер шытыралары бізді тамақпен бірге келетін, зиянды бактериялардан қорғау үшін ішекте болады, тіпті асқазан тұз қышқылы тосқауылынан да өтеді. Алайда, шырышты қабықтың иммунитетінің рөлі, әлдеқайда терең екендігі туралы ақпарат көбейіп келеді, өйткені біздің организм ішекті толтыратын микробтардың көп мөлшерімен – микробиотамен өзара әрекеттеседі. Шын мәнінде, бізде шамамен 200 грамм микробтар бар, олардың көпшілігі тек ас қорытуда ғана емес, сонымен қатар денсаулықты сақтауда, семіздік, қант диабеті, аллергия және басқа аурулардың алдын алуда маңызды рөл атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет