Дс№ Тақырып : Ғылыми-педагогикалық зерттеудің әдістері. Ғылыми-педагогикалық зерттеулер туралы түсінік. Ғылыми-педагогикалық әдістер классификациясы



бет6/7
Дата06.02.2022
өлшемі20,7 Kb.
#80944
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ДС 3

Педагогикалық тест – қазіргі кезде оқу орындарында кең тараған. Бұл тестті екі бағытқа бөлуге болады: жылдамдығын анықтау және күштілігін анықтау. Бірінші жағдайда, тестілеу уақыты шектеулі және бұл тест жұмысында оқушылардың ситуациялардан шығуы, бір тақырыптан екінші тақырыпқа өтуі, бір уақытта ойлаудың бірнеше тәсілдерін қолдана білу мүмкіндігі қолданылады. Ал күштілігін анықтауда өте көп уақыт беріледі, тереңдігі анықталады, ал жылдамдықтың әсері жоқ.
Математикалық статистиканың әдістері – сандық анализдегі мәліметтерді жинауға қолданылады. Осы әдістің көмегімен әртүрлі көрсеткіштердің пайыздық үйлесімділігін анықтауға болады. Педагогикалық қызметтің анықталған жақтарын дамытуға осы негізде шара қолданылады. Сандық және математикалық әдіс педагогикада болжау, модельдеу және педагогикалық процестердің компьютерлеу аппараты болып табылады. Жасалған жүйенің мақсатын жобалауда, біз, ең алдымен, психиканың негізгі функционалдық жүйесі ретінде және сонымен қатар адамның барлық қасиетімен байланысты өзінің қызметінде эффективті субъект болуын қамтамасыз ететін жүйе ретінде қарастырып, «зерттеу біліктілігі» деген түсінікті нақтыладық. А. Леонтьевтің жасаған үлгісін қорытындылай келе, біз осындай қасиеттердің төрт тобын анықтадық – зерттеудің құзырлық компонеттері: когнитивті, мотивациялық, бағдарлы, операциялық. Когнитивті компонент педагогтарға өздерінің кәсіби қызметінің зерттеу жұмыстарын шешу үшін қажетті түсініктер мен білімдер жиынтығы ретінде қаралады. Мотивациялық компонент – бұл зерттеу жұмысының жалпыға емес, ал нақты адам үшін жасалатыны туралы ой. Бағдарлы компонент – белгілі бір білімдегі және белгілі жағдайға сәйкес алынатын образды құру кезіндегі қажеттіліктерді қамтамасыз ететін білімдердің жиынтығы. Операциялық немесе технологиялық немесе зерттеу құзырлығының компоненті – бұл педагогикалық қызметтегі зерттеу жұмыстарын шешу үшін қажет болатын субъектінің зерттеу қызметін орындауға қабілетінің жиынтығы. Жалпы мақсаты біздің болашақ педагогтың зерттеушілік құзырлығын дамыту системасында оның кәсіптік әр түрлі типтегі зерттеу жұмыстарындағы шешуге қабілетін қалыптастыру. Осы жалпы мақсатты құраушысы болып (екінші кезеңнің мақсаты) кәсіптік педагогикалық қызметтегі зерттеу жұмыстарының тиімді шешімін қамтамасыз ететін компоненттерді жүйелеу кезеңіне дайындау болып табылады. Келесі қадам жалпы мақсаттың декомпозициясы біздің системада нақты белгіленген зерттеу жұмыстарын шешуге дайындығы бойынша жасап шығару [4]. Ұйымдастыру формасының қызметтік типінің арасында негізгі рөл алған ойын технологиялары арқылы жүргізілді. Зерттеу кезінде методикадағы ерекшеліктері бойынша олардың ұйымдастырулары заттық, рөлдік, имитациялық және іс-қағаздық кәсіби-қызметтік білім беру (танымдық, тренинктік), дамытушылық және коммуникативік ойындар қолданылды.


Тұлғалық-әлуметтік-іскерлік көзқарас
Психологиялық зерттеулер процесінде психологияның методологиялық принциптеріне сүйену қажет: детерминизм, сана белсенділігі, сыртқы әсер мен ішкі даму шарттарының біртұтастығы, психика мен іскерліктің біртұтастығы, жүйелік пен даму.
Тұлғаны зерттеуінде детерминизм принципі – психикалық құбылыстар (процесстер, жиынтықтар мен қасиеттер) құрылуы мен дамуына әртүрлі әсер етуі. Тұлғалық детерминацияның 3 жүйесі оқылады: субъективті шағылысатын өткен, қазір ж/е болашақ.
Осы принциппен сана белсенділігі принципі тығыз байланыста. Бұл тұлғаның қасиеттерінің қалыптасуына сыртқы орта ғана әсер етіп қоймай, сонымен қатар тұлғаның өзі дүниені танудың белсенді субъектісі болатынын айтады.
Сыртқы әсер мен ішкі даму шарттарының біртұтастығы принципі С.Л.Рубинштейн айтуынша тұлғаның ішкі мағынасын, оның ойларын, санасын сыртқы нышандар арқылы білуін қажет етеді.
Психика мен іскерліктің біртұтастығы психикалық өзгерістерді тұлғаның іскерлік призмасы арқылы қарауын ұсынады. Сондықтан тұлғаның қалыптасуы іс (ойын, оқу барысы, жұмыс) мағынасының өзгеруі арқылы жүреді.
Тұлғаны жүйелі зерттеуі психикалық процесстерін, жиынтықтарын ғана қарастырып қоймай сонымен қатар олардың тәуелділігін, дамуын ж/е өзгеріс динамикасын зерттейді.
Психикалық құбылыстарының өзгерісіне, қозғалысына даму принципі ден қояды.
Сонымен тұлғалық-әлуметтік-іскерлік көзқарас тұлғаның зерттуінде психологиялық принциптердің қолданылуына жол береді. Бұл көзқарас психологты тұлғаны толық зерттеуге мүмкіндік береді.
Зерттеуші-психолог әдіс таңдауға ден қоюы қажет. И.П.Павлов айтпақшы: «Әдіс – ең алғаш, маңызды нәрсе».
Объективті ж/е субъективті көзқарас
Тұлғаны зерттеудегі психологиялық әдістер жүйесі екі негізгі диагностикалық көзқарастарда нақтыланады, олар барлық әдістерді қамтиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет