Дс№ Тақырып : Ғылыми-педагогикалық зерттеудің әдістері. Ғылыми-педагогикалық зерттеулер туралы түсінік. Ғылыми-педагогикалық әдістер классификациясы



бет5/7
Дата06.02.2022
өлшемі20,7 Kb.
#80944
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ДС 3

Педагогикалық сұхбат педагогикалық зерттеулердің қосымша бір әдісі болып есептеледі. Арнайы бағытталған сұхбат екі жақтың араласуымен болатын педагогикалық әсер ету фактысы болып табылады. Дұрыс нақты ойластырылған сұрақтың мазмұны оқушының белсенді қызығушылығының пайда болуына, көңіл күйіне байланысты ашылуына, мүғалімнің әдеби шығармашылығына қатынасын білдіреді. Толық және нақты ақпаратты алу үшін педагогикалық сұхбат ережелерге бағынып және арнайы маманның қатысуымен болады. Сұхбат алудың басқалардан айырмашылығы жоқ, ол зерттеу обьектісінің жеке ерекшеліктеріне түзету жүргізеді, түзету жүргізу үшін ұсынылған сұрақтардың ситуацияға және әңгімелесушінің қызығушылығына байланысты сұхбат процесін түрлендіретін, берілген тақырыпты талқылайтын алдын – ала ойластырылған жоспары болуы қажет. Сұхбаттасушының ойы мен фактілерінде шынайы сенімділіктің жоқтығына байланысты педагогикалық сұхбат мәліметтерді алудың көзі емес, ақпаратты жеткізгенде әр уақытта жетістікке жете бермейді. Тәжірибені оқыту – педагогикалық зерттеудегі, дәстүрлі кең қолданылатын тәсіл. Ол тарихи және қазіргі мектептегі педагогтардың өз қызметтерінде белгілі бір оң нәтижелерге жеткен кездегі практикалық тәжірибеге анализ жасау мен оқытуға негізделген. Бұл әдісті пайдаланғанда педагогикалық теория мен практикаға арналған тұрақты, нақты ережелермен сипатталатын оның әдіс-тәсілдеріне басты назар аударылады. Тәжірибелік оқыту мен тәрбие – педагогиканың негізгі мақсатының ілгері алға дамуына әкеледі. Бірақ дәл осындай педагогикалық әдістер ғылымнан тыс қалып қойса, оларға анализ жасалмайды және ол теориялық негізсіз, олар ғылымда практикада кең қолданысқа ие болмайды. Бұдан байқайтынымыз, тәжірибені оқыту – жалпы педагогикалық ғылымның дамуына зор үлес қосатын, педагогикалық зерттеулердегі өте маңызды, нәтижелі әдіс [2-3]. Мектептік құжаттама мен қызметтердің нәтижелілігін оқыту болашақта білім алушыларға көптеген маңызды байланыс орнатуға және алдыңғы уақытта оқыту жоспары мен ақпараттарды құрастыруға әсерін тигізеді. Берілген әдістегі негізгі мәлімет көздеріне сынып журналы, дәріс мазмұндары, сабақ кестесі, педагогтардың сабаққа арналған жоспарлары жатады. Аталған материалдарды оқи отырып оқу процесінің ұйымдастырылуының оқушылардың үлгеріміне және денсаулығына әсерін, үлгерім бағасының ролін, оқу материалдарының мазмұнын оқушылардың шығармашылық белсенділігімен салыстыруға болатындығымен анықтауға болады. Педагогикалық зерттеудің социологиялық әдісіне анкета, рейтинг, бағалаудың компонентті әдістері жатады. Бұл әдістер өз қасиеттерімен ерекшеленеді. Мысалы, анкета әдісі арқылы аз уақыт ішіндекөп адамға салыстырмалы түрде сұрақ-жауап жүргізе алады және түсіндіріледі, қысқа уақыт ішінде комплексті анализ жүргізіледі.
Рейтинг – бұл педагогикалық тәжірибедегі көріністің көріністің және осы немесе өзгеде процестердің сынақталған бағасы. Рейтингке жақын компоненттік баға түсінігі компонентті жақтармен, яғни педагогтар мен оқу материалдарын қабылдау, шығармашылық таныту баға тәртібін ұсынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет