Т.Т. Туралиев «Бөкей ордасы колледжі» МКҚК өндірістік оқыту шебері ҚР-ның Президенті Н.Назарбаев жыл сайынғы жолдауында білім саласына ерекше басымдылық беріп, жастардың білім-біліктілігін жетілдіру үшін барлық жағдай жасауда «Қазақстан - 2050» Стратегиясында: ― Біздің жастарымыз оқуға, жаңа ғылым-білімді игеруге, жаңа машықтар алуға, білім мен технологияны күнделікті өмірде шебер де тиімді пайдалануға тиіс. Біз бұл үшін барлық мүмкіндіктерді жасап, ең қолайлы жағдайлармен қамтамасыз етуіміз керек. «Біздің басты мақсатымыз – 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру. Мықты мемлекет экономикалық жедел өсу жағдайын қамтамасыз ету үшін аса маңызды болмақ» деп, Қазақстанның алдыңғы қатарлы жоғары дамыған 30 мемлекеттің дамуына кіру үшін нақты мақсаттар жүктеген болатын. Аталған бағыттардың табысты іске асырылуы ең алдымен, тек білімнің сапасымен анықталатыны белгілі. Осы негізде қазіргі таңда білім мен ғылымды инновациялау мен модернизациялау экономикалық дамудың басты бағытына айналды. Еліміздің дербес даму бағыты айқындалып, халықтың тарихқа деген көзқарасы жаңа қырынан жаңғыра бастаған бүгінгі таңдағы негізгі міндеттердің бірі – «білім беруді жаңа инновациялық жолмен дамыту болып отыр».
Инновациялық процестерді ендіру өзара байланыс негізінде анықталады: енгізілген технологияның ерекшеліктерімен; жаңашылдардың инновациялық әлеуетімен; жаңалықты енгізу жолдарымен. Жаңа инновациялық оқыту технологиясы кәсіптік қызметтің ерекше түрі болып табылады. Инновациялық оқыту технологиясын меңгеру үшін педагогикалық аса зор тәжірибені жұмылдырды қажет етеді.
Білімді иновациялаудағы «Инновация» терминіне тоқталсақ: (лат. «novatio», «жаңарту» («өзгерту»), «in», «бағыттау», егер толық аудармасы «Innovatio» — «өзгеріске бағыттау») — «жаңару, өзгеру» деген мағынаны бiлдiредi. Инновациялық құбылыстар білім беру саласында ӛткен ғасырдың сексенінші жылдарында кеңінен тарала бастады. Бұл процесс адамзаттың интеллектуалдық қызметінің нәтижесімен, яғни ой-танымымен, шығармашылық жаңа ашылуларды ойлап табумен айқындалады. Сондай-ақ, «инновация» бірнеше өзекті мәселелердің түйіскен жерінде пайда болады да, берік түрде жаңа мақсатты шешуге бағытталады, педагогикалық құбылысты үздіксіз жаңғыртуға жетелейді. Осы негізде жаңа технологияны игеру мен оны әлемдік тәжірибеден үлгі алып, өндіріс саласында қолдана білу білім саласының алдына жаңа міндеттерді жүктеп отыр.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында білім берудің негізі мақсаты былайша айқындалады: «Қазақстандағы білім беру реформаларының жалпы мақсаты білім беру жүйесін жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімдеу болып табылады. Болашақтың табысты экономикасы білім беруіне, халықтың дағдылары мен қабілетіне инвестициялайтындар болмақ. Білім беруді әлеуметтік қажеттіліктерге жұмсалатын шығындар ретінде ғана емес, экономикалық инвестициялар ретінде түсіну қажет. Білімге негізделген экономика және қоғам, өмір бойы оқыту – бәсекеге қабілеттілік пен жаңа технологияларды қолдану проблемаларын шешудің, әлеуметтік бірлікті, тең мүмкіндіктер мен өмір сапасын жақсарту тәсілдері болуы тиіс» деп, қазіргі таңдағы қоғам мен мемлекеттің дамуы үшін білімді дамытудың маңыздылығын айқындай отырып, білімді дамытуда бірнеше міндеткерліктер жүктейді. Сондықтан да, соңғы жылдары еліміздің білім жүйесін жаңғырту мәселесі үнемі күн тәртібінен түспей, соның ішінде оқытудың мерзімі мәселесі қозғалып, орта білім жүйесін жаңа технологияға негізделген білім беру стандарттары мен жаңа бағдарламалары, оқулықтар жобасы жасалып, олар барлық деңгейде талданып келе жатыр. Орта білім саласындағы осы өзгерістер педагогикалық білім беру жүйесіне де өз әсерін тигізіп, педагогикалық оқу орындары білім нәтижелерін осы тұрғыдан қарастыруға бағыт алуда.
Бүгінгі таңда білім беру саласында көптеген модернизациялар жүргізіліп жатыр. Кәсіптік және техникалық білім берудің мазмұнының жаңартылуы, электронды оқыту, зияткерлік мектептер арқылы жоғары оқу орындарына дарынды шәкірттер дайындау, жоғары оқу орындарына қойылатын жаңа талаптар, магистрлар мен PhD докторларды дайындау арқылы университеттік білімді жаңа деңгейге көтеру бірқатар инновациялық жобаларға бастама болып, инновациялық оқыту әдісі кеңінен қолданыла бастады. Сондықтан, қазіргі таңдағы білімді одан әрі дамытуды қажет ететін ауқымды жобалар мен әлем тәжірибесіне негізделген инновациялық білім берілуі тиіс. Оның негізгі мақсаты- Қазақстан Республикасындағы практикалық маңызы бар ғылым мен білімді дамытудың басым бағытына сәйкес келетін инновациялық жобаларды іріктеу, аймақтағы ғылыми-зерттеулерді дамыту және аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін ғылым мен білім жетістіктерін пайдалану болып отыр.
Қазір жаһандану дәуірінде интеграциялық процестердің қарқынды дамып үстінде. Сондықтан ұлттық білім саласы әлемдік білім кеңістігіне кірігусіз дербес дами алмайтынын бүгінгі қоғам дәлелдеп отыр. Жаңа ғасырдың шынайы кілті саналатын сол жаһандану білім саласына мықтап еніп. Соның негізінде әлемдік экономиканың интеграциялануы, жаңа ақпараттық технологиялардың пайда болуы кең қанат жайды. Сондықтан, білім саласын модернизациялауда ұлттық инновациялық жүйені жасау адам іс-әрекетінің жаңа ғылыми және кәсіби бағыттарын айқындауды көздей отырып, кадрлар дайындаудың мамандандырылған жүйесін іске асыруды талап етеді.
Президент Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан – 2050» стратегиясында кәсіптік білімді дамытудың маңыздылығын айқындай келе, білім саласына қатаң тапсырма жүктеген болатын: «Үкіметке 2013 жылдан бастап халықаралық үлгідегі куәліктер беру арқылы инженерлік білім беруді және заманауи техникалық мамандықтар жүйесін дамытуды қамтамасыз етуді тапсырамын. Кәсіби-техникалық және жоғары білім ең бірінші кезекте ұлттық экономиканың мамандарға деген қазіргі және келешектегі сұранысын барынша өтеуге бағдар ұстауы керек. Көп жағынан бұл халықты еңбекпен қамту мәселесін шешіп береді. Жоғары оқу орындары білім беру қызметімен шектеліп қалмауы тиіс. Олар қолданбалы және ғылыми-зерттеушілік бӛлімшелерін құруы және дамытуы қажет» осы негізде кадрларды дайындаудың мамандандырылған жүйесін жасауда ғылыми техникалық прогресстің қазіргі деңгейін ескере отырып, білім беру саласына қойылатын жоғары халықаралық талаптарды да қанағаттандыру мақсатында еліміздің мұнайлы аймақтарында, кәсіптік-техникалық білім беру саласына жаңа жүйе — дуальды оқыту әдісі енгізіліп, осыған орай, қазіргі қоғамға ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, оның ішінде, дуальдау оқыту жүйесін ендіру осы салада нақты біліктілігі мен мамандығы бар кадрларға деген сұранысты арттырады деп болжам жасалуда.
Оқытудың дуальдау жүйесі дегеніміз не соған анықықтама берсек: Дуальдау оқыту жүйесінде кәсіптік білім беру- өнеркәсіп өміріне дайындық жүргізу үшін білім алушының теориялық және практикалық дағдысын қалыптастыру мақсатында жүргізілетін негізгі оқыту жүйесі болып табылады. Дуальды оқыту әдісі әлемнің көптеген ірі дамыған мемлекеттерінде мысалы, Германия, Австрия, Дания, Нидерланды, Швеция, Англия, Оңтүстік Корея сияқты дамыған елдерінде жоғары нәтиже беріп жүргізіліп келеді. Яғни білім алушыны жан-жақты дайындау. Сонымен қатар, еңбек нарығындағы жұмыссыздық мәселесін шешу, жас білім алушының жаңа технологияны меңгере отырып, еңбек нарығында сұранысқа ие бола алатындай жұмыс күшін қалыптастыру. Сондықтан, дуальды оқыту жүйесі ӛнеркәсіп саласына қажетті мамандарды даярлау мәселесін толық қанағаттандыратын негізгі жүйенің бірі болып табылады. Сондай-ақ, дуальды оқыту жүйесі арқылы, білім беру мен кәсіпорын арасында тығыз байланыстың орнауына да үлкен септігін тигізеді. Осыған орай, бұл оқыту жүйесінінің тиімділігі жан-жақты талқыланып, білім және ғылым министрлігінің шет елдердің тәжірибелерін зерттей келе, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне енгізу басшылыққа алынды. Сондай-ақ, дуальды жүйенің басымдығы оқытудың өндіріспен тығыз байланысын орнап, қазіргі таңда елімізге осы жүйе қолданысқа ене бастады.
Дуальдау реформасының негізгі жүзеге асырылындағы негізгі бастама:
Президент Н.Ә. Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңартылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында: «Дуальды кәсіптік білім беруді дамытудың маңызы зор. Бұқаралық маман кадрларының жетіспеушілігін еңсеруге мүмкіндік беретін заманауи қолданбалы біліктілік орталықтары қажет» — деп, бұл оқыту жүйесінің техникалық салада алар орнынын айқындап берген болатын. Сондай-ақ, колледждерде дуальды оқыту әдісін енгізу туралы нақты тапсырма да жүктеген. Осыған байланысты елімізде кәсіптік-техникалық білім беру саласында жаңа жүйе жасалына бастады.
Дуальды жүйенің негізі — болашақ жас маманның оқу орны мен өндірісте қатар оқыту. Сонымен қатар, түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші жоғарылату. Дуальды жүйе бойынша білім алған колледж түлегі жұмыссыз қалмайды. Өйткені теория мен тәжірибені ұштастыру нәтижесінде, оқушы оқу бағдарламасын жақсы меңгереріп қана қоймай нағыз дайын маман болып, жұмыс берушілердің сұраныстарына, талаптарына сай кәсіптік-техникалық кадрлар даярлайтын болады және дуальды оқыту әдісінің тағы бір ерекшелігі — еңбек нарығына қажетті жас мамандарды даярлауға тек білім мекемелерінің ғана емес, сонымен қатар жұмыс беруші мекемелердің де жауапкершілігін арттырады.
Жастардың табысты еңбек етуі төмендегі факторлармен тығыз байланысты: біріншіден, бүгін білім алу көзі кеңейіп, өз бетімен оқимын деушілерге мол мүмкіндік туып отыр; екіншіден, білім әлемінде өз жолын тауып, өздігінен білім алуға ұмтылыс жасау; үшіншіден, адамның өзіндік қы-зығушылығы, түрлі мотивтері болуы; тӛртіншіден, жұмыс істейтін орында оның үнемі даму үстінде болуына жағдай жасалуы.
Президент Н.Ә. Назарбаев : «Мен сөзімді, әсіресе, жастарымызға арнағым келеді. Бүгін мен жариялаған Жаңа саяси және экономикалық бағыт сіздерге жақсы білім беруді, яғни бұдан да лайықтырақ болашақ сыйлауды көздейді. Мен сіздерге – жаңа буын қазақстандықтарға сенім артамын. Сіздер Жаңа бағыттың қозғаушы күшіне айналуға тиіссіздер.Сендердің азат ойларың мен кемел білімдерің – елімізді қазір бізге көз жетпес алыста, қол жетпес қиянда кӛрінетін тың мақсаттарға апаратын құдіретті күш» деп жастарға зор үміт артады. Сондықтан, қазіргі таңдағы білім алудағы басты мақсат мақсат қандай дегенге тоқталар болсақ: жастардың өз елінің нағыз патриоты бола отырып, өз елінің дамып, әлемдік аренада өз орнын айқындайтындай мемлекетке айналуына септілігін тигізетін, жаңа технология меңгерген, қоғамға адал қызмет ететін тұлға болып қалыптасу.
Әдебиет
1. Н.Ә. Назарбаев. «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты // Егемен Қазақстан, 14 желтоқсан, 2012.
2. Азгальдов Г. Г., Костин А. В. Интеллектуальная собственность, инновации и квалиметрия // Экономические стратегии, 2008.
3. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 –2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. – Алматы,
ДУАЛЬДІ ОҚЫТУ – БІЛІКТІ МАМАНДАР ДАЯРЛАУДЫҢ КЕПІЛІ
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнайтын жыл сайынғы Жолдауларында техникалық және кәсіптік білім беруге баса маңыздылық беріп, кәсіптік білім беру кәсіби стандарттарға негізделіп, қатаң түрде экономикалық қажет- тіліктермен өзара байланыстырылуы міндеттелген. «Қазақстан-2050– Мәңгілік ел» стратегиясында техникалық және кәсіптік білім беру саласында жақын болашақта дуальді кәсіби оқыту жүйесін енгізу жоспарланған. 2001 жылы Қазақстан Респу- бликасы Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен Көкшетау қаласында өткен оқытудың дуальді жүйесі та- қырыбындағы халықаралық конфе- ренцияға облыстағы жекелеген колледждер қатарында қатысқан
•Қазақстан-2050: білім стандарты ДУАЛЬДІ ОҚЫТУ – БІЛІКТІ МАМАНДАР ДАЯРЛАУДЫҢ КЕПІЛІ болатынбыз. Конференция бары- сында Германия мемлекетіндегі кәсіптік білімнің өндіріспен, экономикамен байланысы, жалпы осы елдегі «Дуальді оқыту» жүйесі арқылы кәсіптік мамандықтарға оқытып, мамандар даярлаудағы тәжірибелерімен таныстық. Қазіргі таңда колледждерді және басқа да арнайы орта білім беретін оқу орындарын бітірген жас мамандарды өз мамандықтары бойынша жұмысқа орналастыру өте үлкен қиындықтар туғызатындығы баршаға белгілі. Басты себеп: студенттердің оқу орнында меңгерген теориялық кәсіби білімдері мен өндірістегі іс- тәжірибелік жұмыстар арасында тығыз байланыстың болмауы, оқу бітірушілердің кәсіби білік- тіліктерінің төмендігі. Қазіргі еңбек нарығындағы жұмыс берушілер жұмысқа өнімді еңбек етуге машықтанған, білікті мамандар алғысы келеді. Осы аталған проблемаларды болдырмау мақсатында оқыту процесінде жаңа жүйе – дуальдік оқыту жүйесі пайда болды. Еңбек нарығының сұранысы мен талабына сай жастарға кәсіби білім беруде тиімді деп табылған бұл жүйе кейін қызметке орналасудың да табысты кепілі бола алады деген сөз. Өркениетті батыс елдерінде жоғары беделге ие болып, өз бағасын алған оқытудың дуальді жүйесі біздің елімізде де қолданыс табуда. Бұл жүйе жұмыс берушілердің тікелей қатысуымен кәсіпорындарда теориялық және тәжірибелік оқытуларда қарастырылатын болады. Дуальді жүйе – жас мамандардың өз мамандығына деген қызығушылығын арттыру, жұмыс берушілермен серіктестігін берік нығайту және жұмыспен қамтылуы үшін таптырмас жүйе болып табылады. Оның дәстүрлі оқу процесінен айырмашылығы– практикалық және кәсіптік білімнің біріктірілуінде. Бұл оқыту жүйесі мынадай принциптер бойынша жүргізіледі. Оқу процесінің 40%-да студенттер теориялық білім алады, оқу процесінің 60%-да студенттер өндіріске, кәсіпорындарға жіберіледі. Өндірісте студенттер өндірістік шеберлердің көмегімен практика жүзінде білімдерін жетілдіріп, толық- тырады. Ол жүйемен оқыған түлектер ертерек өндірістік мекемелерге жұмысшы ретінде қабылданып, өндірістегі барлық функционалдық міндеттерді орындайды және оларға тікелей бағынады, қызметтік жауапкершілік жүктеледі, мамандығы бойынша өз жұмысын үйреніп, аз мөлшерде болса да жалақы ала алады. Дуальді оқыту жүйесі барысында студент өз мамандығын жетік меңгеріп, сонымен қатар, қоғаммен тез тіл табысуға үйренеді, өз ортасында беделі жоғары болады және жауапкершілікке тәрбиеленеді. Жұмыс үрдісінде студент өз мамандығына жаңаша көзқараспен қарап, өз мамандығын жаңылмай, дұрыс таңдағанын түсінеді. Өндірісте жұмыс жасай жүріп, жұмыс өтілін жинайды, қосымша табыс табады және оқу орнын бітіргеннен кейін еш қиындықсыз өзі тәжірибеден өткен жұмыс орнына қызметке орналасады. Оқу орны өндірістік мекеме- лермен келісім-шарт бойынша іскерлік қарым-қатынас орнатады және колледжді бітірген түлектерге деген қызығушылығы болады. Өндірістік процестердегі өзгеріс- термен оқу орындары шұғыл түрде ақпараттандырылып, еңбек нарығының сұраныстарын анықтайды. Оқу орнының тартымдылық беделі артып, студенттер контингенті жоғарылайды. Өз кезегінде дуальді оқыту жүйесі–өндірістік кәсіпорындар үшін таптырмас мүмкіншілік. Ең бастысы, студент, оқу орны және кәсіпорынның іс-әрекеті бір жүйеге шоғырландырылады. Осындай жоғары мақсаттарды орындауды өз алдына міндет еткен Ақтоғай аграрлық-техникалық колледжі облыстағы 26 колледж қатарында, селолық колледждер арасында алғашқылардың бірі болып дуальді оқыту технологиясына көшуде. Бүгінгі күні дуальді оқыту жүйесін оқыту процесіне енгізу мақсатында облыстық білім басқармасы, облыстық кәсіпкерлер палатасы, Ақтоғай аграрлық-техникалық колледжі және әлеуметтік әріптес мекемелер–«Берер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Compservise» компьютер орталығы және жекелеген мекемелермен төрт жақты келісімдер жасалып, оқу өндірістік процесінде дуальді оқыту элементтері енгізілуде. Колледж студенттері кестеге сай өндірістік оқулар мен тәжірибелік сабақтар барысында село орталығындағы жекелеген мекемелер базаларында тәжірибелерден өтуде. Колледждегі оқытушылардың басым көпшілігі–жоғарғы және бірінші санатты педагогтар. Өндірістік оқыту шеберлері мен оқытушылардың барлығы облыстық, республикалық біліктілік арттыру институттарында білімдерін жетілдірген. 2012 жылы бір педагог Түркия мемлекетінде білімін жетілдірсе, 2014 жылы бір оқытушы Беларусь мемлекетінде тәжірибеден өткен. Елбасының «Дипломмен–ауылға» мемлекеттік бағдарламасы бойынша колледж инженер педагогтарының құрамы соңғы жылдары 5 жас мамандармен толығып, жас мамандар мемлекет тарапынан берілетін түрлі әлеуметтік пакеттермен қамтамасыз етілуде. Қарағанды облысы колледждері арасында 2014 жылы мамыр айында слесарь жөндеуші кәсібі бойынша «Мамандық шеберлігі» облыстық байқауында Ақтоғай аграрлық- техникалық колледжінің оқушысы Өмірбек Айдынның үшінші орынды жеңіп алуы, жекелеген студенттер мен оқытушылардың тақырыптық мақалалары түрлі облыстық конференциялардың жинағына енуі, колледждің жеке- леген үздік оқушыларының онлаин режимі бойынша ұйымдастырылған әртүрлі республикалық байқауларда жүлделі орындарды иеленуі колледж педагогикалық ұжымының шығар- машылық еңбегінің жемісі екендігі белгілі. Колледждің оқу-өндірістік шеберханалары мен зертханалары қазіргі заманғы оқыту құралдары, техникаларды диагностикалау, қызмет көрсету құралдары, стенділерімен жабдықталып, ауыл шаруашылығы машиналары, тракторлар, агрегаттармен толық қамтамасыз етілген. Дегенмен, бүгінгі колледж балансындағы ауыл шаруашылығы машиналары, агрегаттар, тракторлар кешегі ке- ңестік кезеңнен қалған техникалар. Бүгінгі еңбек нарығы бірнеше операцияларды бір мезгілде орындап, жанармай үнемдейтін жаңа технологиялы ауыл шаруашылығы техникаларында жұмыс жасай алатын мамандарды талап ететіні белгілі. Бұл ретте аудан әкімдігімен бірлесе, облыстық білім басқармасы арқылы ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша жаңа агрегаттарға сұранымдар беріліп, қамтамасыз ету жұмыстары ұйымдастырылуда. Бүгінгі таңда колледжде еліміздің, оның ішінде ауданымыздың экономикасына қажетті ауыл шаруашылығында машиналар мен тракторларды жөндеушілер мен жүргізушілер, автомобиль жөндеуші слесарьлар мен жүргізушілер, электр газымен дәнекерлеушілер және ЭВМ операторлары даярлануда.Еңбек нарығының сұраныстарын саралай келе, үстіміздегі жылы Қарағанды облысы бойынша білім саласын бақылау департаментінен оқыту іс- әрекетін жүргізуге рұқсат берілетін лицензия алынуына байланысты, алдағы келесі оқу жылында «Ветеринария» мамандығын оқыту жоспарлануда. Ұлтымыздың ұстазы, көрнекті қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынов: «Біз басқалардан қалып қоймау үшін білімді, бай және күшті болуымыз керек. Білімді болу үшін оқу керек, бай болу үшін кәсіп керек, күшті болу үшін бірлік керек. Осылардың жолында еңбектену керек» деген екен. Мемлекетіміздің мақсат қойып отырған дамыған 30 елдің қатарына енуі, экономиканың әр саласындағы кадрлардың біліктілігіне байланысты десек, оқу процесіне оқытудың дуальді жүйесін енгізу арқылы біз еңбек нарығының сұранысына сай бәсекеге қабілетті, білікті мамандар даярлауға қол жеткізетін боламыз. Н.ҚАУАЗОВ, «Ақтоғай аграрлық- техникалық колледжі» директорының орынбасары.
ДУАЛЬДЫ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ- ЕҢБЕК НАРЫҒЫНА ДАЙЫН ЖҰМЫСШЫ МАМАН
ADMIN · ЯНВ 12TH, 2015 · 0 COMMENT Дуальды оқытудың тиімділігі- еңбек нарығына дайын жұмысшы маман Қызылорда құрылыс және бизнес колледжінің
өндірістік оқыту шебері: Жолшораева Б
Білім әлеуметтік қажеттілік. Білім –қоғамдық құндылықтардың аса маңыздысы. Білім бар жерде алынбайтын қамал жоқ. Білім мен тәрбие өте тығыз байланысты. Еліміздегі осы заманғы білімдену жүйесі-халыққа сапалы білім беріп, білікті маман даярлаудың бірден-бір жолы – елімізде дуальді оқыту жүйесін енгізу.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамына қарай жиырма қадам» тұжырымдамасында ерекше айта отырып, бұл жүйені іске асырудың бірден-бір жолы елімізде дуалды оқыту жүйесін енгізуді атап көрсеткен.
Дуалды оқыту жүйесінің негізгі мақсаты-техникалық кәсіптік оқу орындарының жұмыс беруші жеке шаруашылық мекемелерімен серіктестік ретінде бірлесе отырып, осы нарық заманында бәсекелестікке төтеп бере алатын, жаңа заманауи технологияларды, жаңа иновациялық технологиялық бағдарламаларды меңгере алатын дайын жұмысшы мамандар даярлау.
Білімгерлер өздері таңдаған мамандықтардың кәсіби тұрғыдан жан-жақты игеріп қазіргі заманауи озық технологияны меңгеріп ары қарай дамытуы керек. Сондықтан еліміздегі өндіріске қажетті мамандар әзірлеу деңгейін көтеру міндетін әлеуметтік серіктестік және теория мен тәжірбиенің үйлесімді болуынан дуалды білім беру жүйесін енгізу қажет.
Қазіргі кезде оқытудың тиімді жобасы дуалды жүйесі кәсіптік техникалық колледждерде жұмысшы кадрлар даярлаудың ең тиімді жолдары. Дуалды оқыту кәсіптік техникалық оқу орны мен өндірісте бірге оқыту Бұның ерекшелігі – еңбек нарығына қажетті жас мамандарды даярлауға кәсіптік техникалық колледждер ғана емес, сонымен қатар жұмыс беруші, өндірістік мекемелердің де жауапкешілігі артады Қазіргі кезде еңбек нарығында білікті мамандар тапшылығы болып қол күші жетпей жатады. Қалыптасқан жағдайда білім беруді ұйымдастыру, яғни жас маманның өндірістік машықтандырудан толық кәсіпті игеруіне жағдай жасау.
Бұл мақсатқа жетудің жолы негізгі сапалы білім беріп, дұрыс жолға бағыттаушы, білімгерлердің кәсіби жетілуі үшін қажетті жағдайларды жасаушы-өз мамандығын жетік білетін кәсіби дағдылары педогогикалық дарыны бар жаңашылдыққа ұмытылатын өзіне сын көзбен қарай алатын оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлері қажет. Білімді үйреніп басқаларға үйрету-халыққа сапалы қызмет көрсетудің тетігі тәжірбиелі, білімді мамандардың қолында-деп бекер айтылмаса керек. Білгенін басқаларға үйрету үлкен сауапты іс деп ойлаймын. Ол үшін білікті де тәжірбиелі тәлімгерлерден өндірістік базасында, жұмыс орнында жұмыстың әдістерін, қыр сырын үйлесімімен үйреніп сұранысқа ие нағыз өз ісінің шебер иесі болуға тырысу. Теориялық біліммен қатар өндірістік машықтану кезінде білікті мамандар дайындау мәселесін шешуге бағдарланған құрылымдармен, сондай-ақ кәсіптік техникалық колледж білім беру мекемелерімен сұранысқа ие болатын білім беру жүйесін енгізу жан-жақты талқылануы қажет. Әлемдік тәжірбиеге қарағанда, білім берудің дуалды жүйесі мамандықты толықтай игеруіне ықпал етіп, еңбек өнімділігі артады және жұмыссыздық азаяды. Дуалды білім беруде әлеуметтік серіктестермен тығыз байланыста болу.
Еңбек нарығы жағдайларына байланысты кәсіпорындармен әлеуметтік серіктестік мекемелермен келісе отырып, өндірістік машықтандыруды жүзеге асыру бойынша бірігіп дуалды оқытуда мамандар дайындауда – әдістемелік мәселелер бойынша келісім шарт міндеттерін жасау.
Студенттердің қызығушылығы мен мекемелердің сұранысына қарай жұмысқа деген ынтасын ептілігі мен ұқыптылығын арттыру. Дуалды жүйе бойынша оқытылатын тұлғаның қажетті біліктілік пен еңбек дағдыларына, кәсіби білімге ие болса еңбек нарығында сұранысы жоғарылайды. Сонымен бірге оқу орныны болсын мекемелерде де осы мамандыққа деген сұраныс көбейіп, халықтың жұмыссыздығы кемиді. Бұл біздің кәсіптік техникалық колледждердің, білім беру мекемелерінің бәсекелесуге қабілеттілігін жоғарылатады деп сенеміз. Өндіріс орындарының сұранысы негізінде кәсіби деңгейі жоғары көп салалы маман даярлауда колледж қосымша жұмысшы мамандықтарды оқытуды қажет етеді. Көп салалы мамандықтарды даярлаудың, қосымша мамандықтарды игерудің негізгі түсінігі тәжірбиедегі уақыттарын тиімді пайдалану өндіріс орындарымен келісілген оқу жоспары арқылы жүргізіледі.
Қазіргі кезде кәсіптік техникалық колледждер заманымызға сай жаңару мен даму үстінде. Бұның барлығы кәсіптік білім беруде оқытудың заманауи бағдарламалары мен оқыту әдістемелерін жаңғырту игеру және пайдалануда басқару қызметінің маңыздылығына көз жеткізе түседі. Дуальды оқытудың артықшылығы ең алдымен жас мамандардың жұмысқа орналасуының жоғарғы пайзын көрсетеді. Өйткені олар жұмыс берушінің талаптарына толығымен жауап береді
Дуалды білім беру процесі, ең алдымен жеке тұлғаға бағытталып, студенттің шығармашылық іскерлік сапаларын, коммуникативтілігін, жұмысқа бейімділігін, рухани-адамгершілік мәдениетін және болашақ мамандардың сауаттылығын қалыптастырады. Дуалды білім беру жүйесі оқу үрдісінде кәсіптік техникалық колледждер базасында қалыптасып, жұмысшы мамандарды өндіріске бейімдеу қажет. Дуалды білім беру жүйесі оқу үрдісінде кәсіптік техникалық колледждер базасында қалыптасып, жұмысшы мамандарды өндіріске бейімдеу қажет.
Осы мақсатты орындауда біздің құрылыс және бизнес колледжі қазіргі таңда «Ағаш ұстасы» мамандығы бойынша «Асар» ЖШС-і мекемесімен оқытудың дуалды жүйесін енгізу мақсатында меморондумға отырған. Сонымен бірге басқа мекемелер бойынша да қала орталығындағы іргелі мекеме базаларымен келісім шарттар жасалуда.
Соның бір бағыты «Газ жабдықтауды монтаждау және пайдалану слесарі» мамандығы бойынша КПФ АО «Каз транс газ аймақ», Жшс «Латона», ЖШС «Газ монтаж LТD», ЖШС «Туран Газ».өндірістік машықтанудан өтуде.
Студенттер осы әлеуметтік серіктестермен теория мен тәжірбиені ұштастырып жұмыстар жасауда және олар өндірістік машықтану кезінде озат іс тәжірибелі мамандардан үйреніп, жаңа жабдықталған технологияны меңгереді және жұмыстар жасайды.
Біздің басты бағытымыз – өзінің туған жері мен елін сүйетін, білімді де білікті, ұтқыр ойлы ұрпақтар тәрбиелеу. Тәлімгерлеріміз сапалы білім алып, отанға деген патриоттық сезімін, еліне деген сүійспеншілігін болашаққа деген нық сеніммен қадам басып өз міндеттеріне жауапкешілікпен қарайды
деп сенемін.
Пайдаланылған әдебиеттер: Кәсіби білім № 5. 2014ж
Респуликалық педогогикалық-әдістемелік журнал
2. Техникалық және кәсіптік білім №3. 2013ж
Ақпараттық әдістемелік журнал
Кәсіптік мектеп №2. 2010ж