Байланысты: 1 а.б. тапсырмасы. Ақын жазушылар ерекшеліктері
Мұрат Мөңкеұлының өлеңдерінің ерекшелігі Қазтуған (17 ғ) – қоғам қайраткері, жырау, ақын және қазақ халқының батыры. Ол осы қасиеттерімен бізге қазақ әдебиет пәнінен жалпылама белгілі. Қазтуған тарихта беймәлім тұлға. Ол «Қарға Бойлы Қазтуған» деп аталады. Ол да елін ертіп Еділ, Жайықтан ауып кеткен тарихи тұлға. Қазтуған Сүйінішұлы шамамен 15 ғасырда өмір сүрген - жырау, жорық жыршысы, қазақ эпосын жасаушылардың бірі. Қазтуған жыраудың артынан өмір, болмыс туралы, атамекен, туған ел жайлы және әскери тұрмысқа қатысты сан алуан жырдан құралған мол мұра қалған. Бірақ жырларының көпшілігі сақталмаған. Бізге жеткен шығармаларынан қазіргі кезде «Бұдырайған екі шекелі», «Алаң да алаң, алаң жұрт», «Белгілі биік көк сеңгір» деп аталатын үш толғауы ғана бар.
Алайда аталған үш шығарманың өзі-ақ Қазтуғанның қазақ әдебиет тарихынан орын алуына себеп негіз болады. Қазтуған жырлары алғаш рет Ғ.Мұштақовтың «Шайыр, яки қазақ ақындарының басты жырлары» деген кітабында басылған. Кейіннен «Ертедегі әдебиет нұсқалары», «Алдаспан», «15-18 ғасырлардағы қазақ поэзиясы», «Бес ғасыр жырлайды» атты жинақтарда жарық көрген. Мұрат ақынның «Қазтуған»жырында Қазтуғанның Жайық пен Еділ арасын, Тайсойған мен Қарабау өңірлерін, Қабыршақты мен Қарасуды, Дендерден бергі баурайды мекен еткенін айтады. Қазтуған елді өзге жұрттың алатынын, олардың Еділ мен Жайыққа қала тұрғызатынын, Еділді алғаны-елді қалғанын, Жайықты алғаны-жанды алғанын, Ойылды алса-ойды алғанын, қайғылана жырлайды. Елді ынтымаққа, бірлікке шақырады.