Дулат Бабатайұлы


Майлықожа Сұлтанқожаұлының өлеңдерінің ерекшеліктері



бет10/14
Дата12.04.2022
өлшемі45,37 Kb.
#139059
түріҚұрамы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
1 а.б. тапсырмасы. Ақын жазушылар ерекшеліктері

Майлықожа Сұлтанқожаұлының өлеңдерінің ерекшеліктері
Майлықожа Сұлтанқожаұлы барынша өзінің шығармаларымен адамгершілікті, имандылықты, ділді нығайтуды, одан қалса ата-бабадан жалғасып келетін салт-дәстүрдің сақталуын дәріптеді. Ғасырлар бойы бірге жасасып келетін дін Ислам тақырыбында қисса-дастандарды ұсынды. Оның «Мұхаммед Пайғамбардың қиссасы», «Мұхаммед Салаллаһу Әлейһи уа-с-салам», «Әмір Әмзе», «Зарқұмның қиссасы», «Әбділда бала» қисса-дастандары араб әрпімен жазылған діни мазмұндағы жырлар.
Майлықожа Сұлтанқожаұлының шығармалары негізінен ғибратқа толы. Тақырыптары түрлі саланы қамтығанымен сыни өлеңдері де жетерлік. Ал айтыстары мен термелері тәрбиелік мәнге ие.Шындығында, ХІХ ғасырдағы ақын-жыраулар шығармаларындағы руханияттың орны бөлек. Олар өз ой-түйіндерін барынша қазақтың болмысымен әрі ұлттық дәстүрмен біте қайнасып кеткен асыл қасиеттер негізінде жырға қосып, сол арқылы келер ұрпақты адамгершілікке, тазалыққа, адалдық пен білімділікке шақырады. Ақын мұны былай жеткізеді:
Адал жүріп, анық бас,
Біреудің алма инесін.
Озбырлық қылып, зорлықшыл,
Кесірің жұртқа тимесін.
Мұнда адалдыққа ерекше тоқталып, тазалықтың адам баласы бойындағы жақсы қасиет екенін ұқтырса, одан кейінгі жолдарда байлықтың адамға жолдас еместігін, ал егер байлық үшін жолдастықты серік етсе, онда оның мәңгі болмастығын келтіреді:
Не байлар өтті дүниеден,
Шоқпардай қылып шүйдесін.
Төре мен өтті манап та,
Жасақ ұстап айбатқа,
Жалтыратып шен түймесін.
Жаман жолдас ертсеңіз,
Саят болмас жаныңа.
Әркім болар ағайын –
Ықпал менен бағыңа.
Майлықожа Сұлтанқожаұлы өлең-жырлары арқылы өз заманындағы әділетсіздіктерді сынға алу барысында діни байлам жасап, соны негіз етіп тұжырым жасайды: Тіпті адамзат баласын сөз етуінде де оның бір Жаратушының жаратылысынан, топырақтан жаралғанын келтіреді. Айталық, Адам Ата өлеңінің алғашқы жолдары «Әуелі Алла жаратты, Топырақтан жасад денені» деп басталады да сол сені жаратқан Алла тағаланың әмірін орындауды парыз деп біл дейді. Қараңыз: «Алланың әмір парызын, Істеңдер тұрып ерінбей». Мұнда да тазалықты негіз етіп, көңілдің, дененің, т.т. да таза әрі өзге де дүниелік болмыстарға турашыл, әділ болуы керектігін меңзейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет