А.Байтұрсынов мысалдарының көркемдік ерекшелігі және оның орта мектепте оқыту
Мазмұны
Кіріспе .............................................................................................................8
1 А.Байтұрсыновтың ағартушылық қызметі мен мысал
жанрындағы шығармалары
1 А.Байтұрсынұлының ағартушылық қызметі мен педагогикалық
ой-ікірлері...................................................................................................10
1. 2 А. Байтұсыновтың «Маса» жинағындағы мысал өлеңдерінің
тақырыптық және идеялық ерекшеліктері...........................................12
2 А.Байтұрсынов аударма мысалдары және олардың ауыз әдебиетімен
сабақтастығы
2. 1 А. Байтұрсынов аударма мысалдарының көркемдік ерекшеліктері..29
2. 2 Ақын мысалдарының ауыз әдебиетімен сабақтастығы.....................42
3 А.Байтұрсынов мысалдары мен аудармаларының тәлім-тәрбиелік мәні және оларды орта мектепте оқыту
3. 1 А. Байтұрсынов мысалдары мен аудармаларының тәлім-тәрбиелік
мәні............................................................................................................50
3. 2 А. Байтұрсынов мысалдарын орта мектепте оқыту әдістемесі..........54
Қорытынды...................................................................................................63
Пайдаланылған әдебиеттер ......................................................................67
Кіріспе
ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ ағартушылары мен ақын-жазушылары аңсаған ілім-білімді үйренуге үндеу – ХХ ғасырдың бас кезінде біршама нәтижесін беріп, алдыңғы қатардағы азаматтарды елді ояту, азаттық аңсау мақсатына жетеледі. Осынау зиялылар арасында ел бағытын айқындар сара жолды жаңылмай нұсқап, адастырмас даңғылға алып шығуға ұмтылған қоғамдық өмір өрінде жаңа тұлғалар шоғыры таныла бастады. Солардың ең көрнектісі – Ахмет Байтұрсынұлы. Ол азаматтық пен бостандықтың жолындығы заманына лайық тауып, халқына жан аямай еңбек еткен бірегей тұлға.
Соңғы уақыттарда балалар әдебиеті қайраткерлерінің еңбектерін зерттеу кең өріс алуда. Көрнекті тарихшы ғалымдар К.Нұрпейісов, М.Қойгелдейов, Т.Омарбеков, Қ.Атабаевтар Байтұрсынұлының ұлы тұлғасын қоғамдық-саяси қайраткерлік, ұлт күрескері тұрғысынан жан-жақты ашса, әр саладағы жас ғалымдар түрлі ғылым саласы бойынша зерттеп, ізденіс ауқымын ұлғайтты. А.Машканова «А.Байтұрсынұлы – қазақ жазуының реформаторы» (1996), Қ.Ибрайымов «А.Байтұрсынұлы еңбектеріндегі терминология және стилистика мәселелері» (2005), А.Байтұрсынов мұражайының қазіргі директоры Райхан Имаханбетова «А.Байтұрсынұлының өмірбаяны, шығармашылығы» (2006) деген тақырыптарда кандидаттық диссертациялар қорғады. Бұл жұмыстар А.Байтұрсыновтың ғылыми-шығармашылық әлеміне түрлі қырынан келіп, ғылымның сан-саласы бойынша жасалған еңбектер.
Әрбір ұлы тұлғаның тұғырлы бейнесі ол өмір сүрген ортаға, тарихи кезеңге тереңірек көз жібергенде ғана шынайы аңғарыла бастайды. Ахмет Байтұрсынұлы – заманына сай туып, дәуірдің жарығы мен қараңғысын бірдей бағдарлап, жамандығынан жерініп, жақсылығынан үйрене білген жан. Ол – бір басында сан-салалы өнер тоғысқан, телегей теңіз энциклопедиялық білім иесі болған, қиындыққа толы тартысты ғұмырында қараңғылықта қалған қалың елін жарқын болашаққа сүйреуден басқа бақыт бар деп білмеген тұлға. Ең алдымен назарға ілінетін бір сипат – А.Байтұрсынұлының бүкіл тірлік-тынысы, адамдық болмысы, ең алдымен, азаттық ұғыммен астасып жататындығы. «Ол – жеке бас, жеке адам бостандығының жоқтаушысы емес, түгел жұрт, тұтас ел азаматығының ту ұстаушысы» [1.7]. Жалпы ХХ ғасырдағы саяси күреспен мазмұндалған азаттық қосылыстың бастауында тұрған қайраткерлердің рух тұлғасы. Оның азаттық тұлғасын ұлттың рухани ұстазы ретіндегі көшбасшысы көсемдігін бәрінен бұрын оның қоғамдық-әлеуметтік қызметтері айқындайды. Солардың ең бастылары – ұлт санасын ояту, халықты өнер-ғылымға үндеп, өркениетті елдердің қатарына қосуды көздеген ағартушылық, отаршылдыққа қарсы ымырасыз күрес.
«Отызыншы жылдары сталиндік озбырлықтың құрбаны болған ғалым-лингвист, әдебит зерттеушісі, ақын-аудармашының есімі артына қалдырған асыл мұрасы халыққа қайтып оралды» [2.8]. Оның ұйықтаған қазақты айқайлап оятуға заман ерік бермеген соң, маса болып ызыңдап қалай оятамын деп жазған «Маса» өлеңдер жинағы мен «Қырық мысал» атты мысалдар жинағын диплом тақырыбы етіп алудағы басты мақсат: бұл жинаққа енген мысалдар мен аудармалар осы уақытқа дейін тақырып бойынша талдап, жіктелген жоқ және осы жинақтың әдебиеттанудағы орны мен ролін анықтау болып табылады. Осы ретте алдымызға мынадай мәселелерді міндет етіп қойдық:
- А.Байтұрсыновтың балалар әдебиетіндегі орны, еңбектері мен шығармашылық жолын айқындау;
- «Маса» және «Қырық мысал» жинақтарына енген өлеңдерді, аудармалары мен мысал өлеңдерінің тақырыптары мен идеяларын ашу;
- «Маса», «Қырық мысал» жинақтарының балалар әдебиетіндегі маңыздылығын айқындау;
- «Маса», «Қырық мысал» жинағындағы төл және аударма мысалдардың тәлім-тәрбиелік мәнін ашу;
- «Маса», «Қырық мысал» өлеңдер жинағының ауыз әдебиетімен және өзінен бұрынғы, өз заманындағы шығармаларымен сабақтастығын ашып көрсету.
Міне, осы өлеңдер жинағындағы мысалдар мен аудармалар, олардың негізгі идеялары мен тақырыптық маңыздылығы, тәрбиелік мәні, басқа шығармалармен сабақтастығының зеттелуі дипломдық жұмыстың негізгі өзегіне айналады.
Зерттеу көзі - жоғары оқу орнындағы оқу-тәрбие процесін бағдарлайтын құжаттар; білім беру жүйесінің даму бағыттарын анықтайтын ресми құжаттар; оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар, мұғалімнің озық педагогтік тәжірибелері; сондай-ақ Ахмет Байтұрсынұлының педагогикалық және аудармалық еңбектері.
Зерттеу әдістері: Ахмет Байтұрсынұлы аудармалары мен мысалдарына талдаулар жасау, шығармаларының балалар сана-сезімін, ой-қиялын дамытудағы қажеттіліктері мен ерекшеліктерін айқындау.
Зерттеудің теориялық және практикалық мәні:
Зерттеу жұмысы нәтижесінде алынған тұжырымдар мен талдауларды мектеп бағдарламасында, жоғары оқу орындарының арнаулы курстары мен семинарларында пайдалануға болады.
Зерттеу құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. А.Байтұрсыновтың ағартушылық қызметі мен мысал жанрындағы шығармалары
1. А. Байтұрсынұлының ағартушылық қызметі мен педагогикалық ой-пікірлері
Жалпы А.Байтұрсынов өзінің еңбек жолын ағартушылықтан бастайды. 1895 жылдардан 1909 жылға дейін 13-14 жыл бойы ауылдық, болыстық мектептер мен екі сыныптық училищелерде мұғалім болып қызмет атқарады. Бұл жылдарда ол қазақ грамматикасын жазумен айналыса бастайды. Ол үшін қазақ тілі дыбыстарының жүйесін зерттеуге кіріседі. Қазақ балаларының сауатын ашатын «Әліп-би» мен ана тілін үйрететін «Тіл құралын» жазу мақсаты ең алдымен графиканы жөндеп алуды қажет етті. Осыған орай тұңғыш қазақ лингвисі өзінің алдына жүйелі программа қойған ол әуелі қазақша сауат аштыруды мақсат еткен. Бұл үшін әліппе – «Оқу құралды» жазған; одан соң қазақ тілінің фонетикасы мен грамматикалық кұрылымын ана тілінде талдап, пән ретінде оқытып үйретуді мақсат еткен, бұл үшін үш бөлімнен тұратын «Тіл-құралды» жазған; үшінші – дұрыс сөйлеп, дұрыс оқып, дұрыс жазуды үйретуге көмектесетін және бір құралды жазуды ойға алған. Бұл үшін «Тіл жұмсарды» жазған; төртінші – сауат аштыру, тілді оқыту методикасын жасауды міндетіне алған бұл үшін «Баяншыны» ,«Әліппе астарын» жазған; бесіншіден – балалардың тілін ұстартып, оларды көркем сөзге баулуды көздеген, бұл үшін Т. Ш. Шонановпен бірігіп, үлкен хрестоматия (ол да «Оқу кұралы» деп аталған) кұрастырған.
Міне, А. Байтұрсыновтың қазақ тілін зерттеудегі және оқу-ағарту майданындағы істеген істері мен жасаған еңбегі осындай.
Бұдан басқа ғалымды ақындыққа алып келген – өзінің халыққа қызмет ету, қалың көпшілікті еңбекке, мәдениетке шақыру, сауаттарын ашып, дүниені таныту сияқты мақсаттары тәрізді. Оның өлеңдері «Қырық мысал» (1909), «Маса» (1911) деген аттарымен 1912 жылдан 1922 жылға дейін бірнеше рет жарияланған. [3, 6-7].
Өмірбаяны жөнінде айта кетсек: Туған жері – бұрынғы Торғай уезінің Тосын болысы (қазіргі Қостанай облысының Жангелдин ауданындағы Ақкөл ауылы). 1882-84 жж. ауыл мектебінде оқыды. 1890 ж. Торғайдағы екі кластық, орыс-қазақ училищесін, 1895 ж. Орынбордағы мұғалімдер мектебін бітірген. 1895-1909 ж. Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі мектептер мен орыс-қазақ училищелерінде мұғалімдік қызмет атқарады. 1909 ж. патша үкіметінің саясатына наразылық білдіргені үшін Семей түрмесіне жабылып, 1910 жылы жер аударылды. 1913 жылы Орынборда «Қазақ» газетін ұйымдастырып, 1917 жылдың аяғына дейін оның редакторы болды.
Патша үкіметі құлатылғаннан кейін ұлт-азаттық қозғалыс күшейеді. 1918-19 жж. Алашорда қатарында болады. 1919 ж. маусымның 24 қазақ өлкесін басқаратын Әскери-революциялық комитеттің мүшелігіне тағайындалады. 1922-1925 жж. Қазақстан Халық ағарту комиссариаты жанындағы ғылыми-әдеби комиссияның төрағасы, Халық ағарту комиссары, Бүкілресейлік ОАК-ның, ҚР ОАК-нің мүшесі, Түркістан Компартиясы ОК-нің органы «Ақ жол» газетінде қызметкер. 1925-29 ж. Қазақ халық ағарту институтында (Ташкент) және ҚазПИ-де оқытушы болды.
1929 ж. маусымында қамауға алынып өзі Архангельск облысына жер аударылған, ал жұбайы мен қызы Томскіге жіберілген. 1934 ж. Қызыл Крест комиссиясында қызмет еткен Е. Пешкованың (Максим Горькийдің зайыбы) қолдау хатымен Ахмет Байтұрсынұлы босатылған. Сол кезде ол жанұясымен бірге Алматыға қайта оралған. 1937 ж. қазан айында Ахмет Байтұрсынұлы тағы да қамауға алынған, екі айдан соң, желтоқсанның сегізінде «халық жауы» есебінде атылған.
А.Байтұрсыновтың жары Бадрисафаның шын аты – Александра. ҚазССР Жоғарғы Сотының 25/03.1990 жылғы 12/118 нөмірлі «Ақтау туралы анықтамасына» сүйенсек, Б.Бадрисафа 1878 жылы Орал өңірінде туған. Бадрисафа аталуына онымен некелескенде А.Байтұрсыновтың жарына мұсылманша есім таңдап алуы себеп болса керек. Торғайлықтардың айтуынша: «Ахмет 1895 жылы Орынбордағы оқуын бітірген соң, ауылдың болыстық мектептерінде оқытушы болған. Осы тұста асыл жары Александрамен мәңгіге сөз байласса керек. Аманқарағай қорықшысының қызы Александра Ивановна Ахметпен қол ұстасып Қостанайға келеді. Ахметтің қалауымен Бадрисафа атанып, мұсылман дінін қабылдайды. Сол жерде некесін қиғызып, Зейнолла имамның қарауында екі ай мұсылман мектебінен өтеді».
А.Байтұрсыновтың ғалымдық, ақындық, қайраткерлік істері өз заманында аса жоғары бағаланған. Қазақ ортасы түркі әлемі ғана емес, орыс ғалымдары берген тарихи тұжырымдардың орны ерекше. Мәскеуде 1929 жылы «Коммунистік академия» баспасынан шыққан «Әдебиет энциоклапедиясының» 1-томында А.Байтұрсыновты «Аса көрнекті қазақ ақыны, журналисі және педогогі... Ол – қазақ тілі емлесінің реформаторы, грамматиканың және қазақ әдебиеті теориясының негіз салушы» деп бағаланып, негізгі өмірбаяны беріледі, қоғамдық әлеуметтік қызметі айтылады.
Енді А.Байтұрсынов мұрасының негізгі арналарына тоқталамыз. Қалайда халықты ояту, оның санасына, жүрегіне, сезіміне әсер ету жолдарын іздеген ақын айналып келгенде, ұлы Абай тапқан – орыс әдебиеті үлгілерін пайдалану, аударма жасау, яғни мысал жанры арқылы – жан-жануар өмірінен алынған шығармалармен әлеуметтік ойға ықпал ету мақсатымен И.А.Крылов туындыларын аударып, «Қырық мысал» деген атпен 1909 жылы Петербургте бастырып шығарады. Бұл қалың қазақ жұртының алғашқы естіген төңкеріс рухындағы сөзі болатын. Осы еңбегі үшін қуғынға түсіп, Семейде сегіз ай абақтыда отырған соң, бір жарым жылға айдалу ретімен Орынборға келген. Онда әуелгі ниетінен танбай, бұрынғыдан да ащырақ, күштірек тілмен 1911 жылы «Масаны» жазып, Орынборда бастырып шығарған. Бұл қазаққа естілген екінші елшілдік ұран болатын. Ахмет Байтұрсынов төл өлеңдерінің саны онша көп емес, жалпы көлемі сегіз жүз жол шамасындағы жиырма шақты ғана өлең. Бірақ осы шағын мұраның өзін қазақ өлеңінің тарихындағы өзіндік бір белес деп бағалауға болады.
А. Байтұсыновтың «Маса» жинағындағы мысал өлеңдерінің
тақырыптық және идеялық ерекшеліктері
Ахмет Байтұрсыновтың ақындық мұрасы ХХ ғасырдың басындағы қазақ поэзиясының тарихында құрметті орын алады. Аз да болса саздылығымен, қазақ елінің өз табиғатынан туған байырғылығымен, бір естігенде-ақ көңілге қона кетіп, ойға ұялай қалатын әрі бейнелі, әрі мағыналы сөз үлгісімен ерекшеленеді.
Ахмет Байтұсынов өзінің аударма шығармаларынан кейін, төл өлеңдерін 1911 жылы тосындау «Маса» деген атпен Орынборда басып шығарады. «Қырық мысалда» жазған «Сары маса – хикая» ақынның кейінгі кітабының атын алып, оның тынымсыз тіршілігі сол кітаптағы бүкіл идеяның алтын тамырына айналады. «Масаның» алғашқы жолдары – «Сөз иесінен» «Қырық мысалдағы» «Малшы мен масаның» жалғасы іспеттес.
Аудармада:
Мысалы, қазақ малшы ұйықтап жатқан,
Жыланды бәле делік аңдып баққан.
Бәленің түрін көрген мен – сары маса,
Қазақты оянсын деп сөзбен шаққан,- [4, 63]
деп түйіндесе ал, «Масада»:
Ызыңдап, ұшқан мынау біздің маса,
Сап-сары, аяқтары ұзын маса....
Үстінде ұйықтағанның айнала ұшып,
Қаққы жеп қанаттары бұзылғанша.
Ұйқысын аз да болса бөлмес пе екен,
Қоймастан құлағына ызыңдаса? [2, 23]
Осындағы «Маса» – сергектікті, қозғалыс күйді, серпіліс пен ізденісті меңзейтін астарлы бейне екені көрінеді, ал «ұйықтағандар» – өз халқы, қараңғы қазақ еді. Ал «қаққы жеп қанаттары бұзылғанша» – дегенде ақын өзінің масасын осындай тәуекел жолына ұшырғалы отырғанын әдейі аңғартып өтеді. Бірақ ізгілік жолында құрбандық болмай тұрмайтынын білгендіктен де ол тәуекел артында тапжылмас табандылық барын да жасырмайды.
«Ұйқысын аз да болса бөлмес пе екен,
Қоймастан құлағына ызыңдаса».
Диплом жұмысының толық нұсқасын жүктеу ақылы.
Ол үшін халық банкінің 4402 5735 5419 3229 шотына
(ЖСН 750115401055) немесе
Qiwi кошелек арқылы 8-701-859-48-75 (телефонға емес) номеріне
2500 теңге аударып, осы номерге телефон соғып, қажетті диплом жұмысының тақырыбын айтасыз немесе saulealt@mail.ru поштасына не ватсапқа ақша аударылған түбіртектің сканерленген түрін салып, қажетті диплом жұмысының тақырыбын жазып жібересіз.
Хабар алынысымен Сіздің поштаңызға қалаған диплом жұмысының толық нұсқасы салынады.
(Диплом жұмысы барлық талапқа сай, жоғары сапада дайындалған)
Осы сайттан басқа да диплом жұмыстарын, сабақ жоспарларын, сан алуан тақырыптағы қызықты ғылыми жобаларды кезіктіреcіз!
Достарыңызбен бөлісу: |