Байланысты: 1 а.б. тапсырмасы. Ақын жазушылар ерекшеліктері
ШерниязЖарылғасұлы ШерниязЖарылғасұлы (1817–1881) – халық ақыны, Кіші жүз қазақтарының Исатай, Махамбет бастаған ұлт-азаттық көтерілісіне (1836–1837) қатысушы және оның жалынды жыршыларының бірі. Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған шаруалар көтерілісінің бел ортасында жүрген Шернияз бұл қозғалыстың ұраншысы әрі ақыны болды. Көтерілісшілер жеңіліске ұшыраған соң, Шернияз қуғындалды және оған қатаң бақылау қойылды. Осыдан кейін ол Баймағамбет сұлтанның қол астынан пана тауып, қалған ғұмырын осында өткізді. Ақын азаттық, бостандық тақырыбын асқақ үнмен жырлады, сол арқылы Исатайдың батырлық бейнесін жасады: «Па, шіркін, Исатайдай сабаз тумас», «Ақ алмас, алтын сапты қылышым-ай», «Исатай ел еркесі, ел серкесі», т. б. жырларын шығарды. Шернияздың «Ай, Қазы би, Қазы би», «Тостағанды қолға алып», «Ай жігіттер», «Сөз сөйлеймін бөлмелеп», «Көл қылып құдайым талай судай ағын», т. б. өлеңдерінде өзі өмір сүрген қоғамның әділетсіздігі, өмірдің өзгермелілігі мен оның мән-мағынасы үлкен ой елегінен өткізіле жырланады. ШерниязЖарылғасұлы атындағы жүлде тағайындалған. 2007 жылы қазанның 31-інде Ақтөбе облысындағы тарихи-өлкетану мұражайында танымал қазақ ақыны Шернияздың туғанына 200 жыл толуына арналған ғылыми-танымдық кездесу өтті. 1867 жылы дүниеден озған ақын Атырау облысындағы Мұқыр стансасына жақын жерде жерленген.