Байланысты: 1 а.б. тапсырмасы. Ақын жазушылар ерекшеліктері
Шернияз Жарылғасұлының өлеңдерінің ерекшеліктері Жалпы Шернияз поэзиясы мазмұндық сипатымен, стильдік айқындығымен, көркемдік бейнелеу нақыштарының шеберлігімен ерекшеленеді. Шернияз өлеңдерінің үш нұсқасы (Алыш ақын, Мәшһүр Жүсіп, Омарбек нұсқалары) бар. Шығармалары 1925 жылы Мәскеуде, Ташкентте (Ілияс Жансүгіров жариялауында) жарық көруінен бастап, әр кездерде шыққан орта мектептерге арналған хрестоматияларда, «XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармалары», «Айтыс» жинақтарында басылған.Қазіргі таңда ақын өлеңдері халық арасына кең таралған ШерниязЖарылғасұлының шығармашылығы мен оның қоғамға сіңірген еңбегі өскелең ұрпаққа рухани дем береді.