Тиолдар (меркаптандар). Олардың өте жағымсыз иісі бар. Олардың осы қасиеті қалалар мен ауылдарды газбен қамтамасыз етуде газ құбырының дұрыс жұмыс істемей тұрғандығын ескерту үшін қолданылады. Тұрмыстық газ одоранты ретінде этилмеркаптан қолданады. Мұнайдағы меркаптанды күкірттің мөлшері оның жалпы мөлшерінің 0,1-15% құрайды. Мұнайдың бензин фракциясындағы меркаптандар басқа күкіртті қоспаларға қарағанда көп болады. Фракцияның қайнау температурасы артқан сайын олардың мөлшері азаяды. Химиялық қасиеттері бойынша меркаптандар спирттерге ұқсас, бірақ –SH тобындағы сутек атомы қозғалғыш, сондықтан меркаптандар негіздермен оңай, тіпті металл оксидтерімен, оның ішінде сынап оксидімен әрекеттеседі:
2R-SH + HgO → (RS)2Hg + H2O
Мұнай фракцияларынан тиолдарды натрий гидроксиді мен моноэтаноламиннің сулы ерітінділерімен әсер ету арқылы алады.
Тиацикландар – молекулалық күкірт атомымен бес және алты мүшелі циклдер түзетін қосылыстар, бес мүшелі тиацикландар (тиофендер) алты мүшелісіне (тиациклогександар) қарағанда көбірек болады. Әдетте тиацикландарда алкилді орынбасарлар мен конденсирленген нафтен және ароматты сақиналары болады:
алкилтиофан
диалкилтиациклогексан
алкилтиапенталан
алкилбензтиофан
Тиофандар жағдайындағы сияқты, мұнайда кездесетін тиофендер де, алкил топтарымен конденсирленген нафтенді және ароматты сақиналардан тұрады:
алкилбензтиофен
циклогексанобензтиофен
Мұнай құрамынан 20-дан астам гетероциклді күкіртті қосылыстар табылған бұлар негізінен тиофанның, сонымен қатар аз мөлшерде тиофен мен тиациклогексанның алкил туындылары.
Мұнайдың керосин мен май фракцияларында полициклді құрылысты күкіртті қосылыстар болады. Осы қосылыстарды таза күйінде бөліп алу күрделі міндеттердің бірі. Оларды концентрлі түрде полициклді ароматты көмірсутектермен бірге бөліп алады. Осылайша мұнайдың жоғары фракциясының күкіртті қосылыстары құрамында 3-5 ароматты және нафтенді сақиналар болатын бензтиофен, бенэтиофан, дибензтиофан және туындыларынан тұрады.
Құрамында күкірт болатын қосылыстар барлық гетероатомды қосылыстар сияқты өңдеуде де, мұнай өнімдерін қолдануда да зиянды болып табылады. Олар мұнай өнімдерінің көптеген пайдалану қасиеттеріне теріс әсер етеді. Автомобиль бензинінің тұрақтылығы, күйік түзілу қабілеті кемиді, жемірілуге ұшырау қасиеті артады.
Дәріс материалдарын игергеннен кейін білуге қажетті негізгі түсініктер: мұнай құрамындағы гетероорганикалық қосылыстар, оттекті қосылыстар, күкіртті қосылыстар
Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:
Мұнайдың гетероатомды қосылыстары туралы не білесіз