Практикалық сабақ 14 – Мұнай өнімдерінің күлділігін анықтау
Жұмыс мақсаты: Мұнай өнімдерінің күлділігін анықтау
Жұмысты жасау: Тигельді муфель пешінде тұрақты массаға дейін құрыштайды, тигель ішіне күлсіз фильтрді түбіне және қабырғаларына тығыз жабыстырып салады.
Ішінде фильтры бар тигельдің массасын 0,01 г дәлдікпен өлшеп алып, ішіне мұнай өнімінің өлшемесін құйып алып, қайтадан массасын өлшейді.
Екінші күлсіз фильтрді екі бүктеп, конус тәрізді қылып орайды. Конустың жоғарғы бөлігін ұшынан 5-10 мм қашықтықта қайшымен кесіп алып тастап, қалғанын тигельге төңкеріп салады, сонда ол тигель ішіндегі мұнай өнімін толықтай жауып тұруы керек. Осы үстіңгі фильтр мұнай өнімін толықтай сіңіріп алғаннан кейін оны тұтандырады.
Фильтр жанып кеткеннен кейін мұнай өнімі бар тигельді, қажет болса, электр плиткасына қойып, буландырады.
Буландыру немесе жағуды құрғақ көмірлі қалдық қалғанша жалғастырады. Қыздыру және жағу кезінде мұнай өнімі тасып, төгіліп қалмауын қадағалау керек. Жану кезінде жалын бір қалыпты болуы керек.
Көмірлі қалдығы бар тигельді температурасы 3000С-тан аспайтын муфель пешіне (немесе тигельдік пешке) салып, біртіндеп (775+/-25)0С-қа шейін қыздырады, сосын осы температурада қалдық толықтай күлденгенше ұстайды.
Егер көмірлі қалдық баяу күлденсе немесе күлденгеннен кейін көмір бөлшектері қалып қойса, қалдықты суытып, оған бірнеше тамшы аммоний нитратын қосып, абайлап буландырады да, құрыштауды жалғастырады.
Қалдық күлденгеннен кейін тигельді пештен алып шығып, асбест бетіне немесе хромоникель сымынан не фарфор түтіктерден жасалған үш бұрышты тіреуішке ауыстырады да, ауада 5 мин , сосын эксикаторда 30 мин суытады. Массасын өлшеп, қайтадан пешке 30 минутқа салып, құрыштайды.
Құрыштау, суыту және массасын өлшеуді тұрақты массаға дейін қайталайды.
Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:
Мұнайдың күлділігін қандай әдіспен анықтауға болады?
Мұнай құрамындағы көміртегі мөлшері?
Мұнай құрамындағы сутегі мөлшері?
СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫ
Әрбір студент семестр бойына 4 жазбаша СӨЖ орындауы тиіс.
№1 СӨЖ тақырыптары
Әлемдік Мұхиттың ең ірі мұнай дақтары.
№1 СӨЖ-ді өткізу мерзімі– 3-апта
№2 СӨЖ тақырыптары
Дүние жүзініндегі ең ірі мұнай апаттары.
№2 СӨЖ-ді өткізу мерзімі – 5-апта
№3 СӨЖ тақырыптары
Рессейдегі мұнай апаттары.
№3 СӨЖ-ді өткізу мерзімі - 10-апта
№4 СӨЖ тақырыптары
Қазақстандағы мұнай апаттары.
№4 СӨЖ-ді өткізу мерзімі - 13-апта
Достарыңызбен бөлісу: |