Практикалық сабақ 8,9 – Мұнай өнімдерінде суда ерігіш қышқылдар мен сілтілердің болуын анықтау Жұмыс мақсаты: Мұнай өнімдерінде суда ерігіш қышқылдар мен сілтілердің болуын анықтау.
Жұмысты жасау:Зерттелетін мұнай өнімінің 50 г-нан кем емес өлшемесін ыдыстың ¾ бөлігіне дейін құйып алып, 5 минут сілкиді.
Сұйық мұнай өнімдерін зерттегенде бөлгіш воронкаға алдын ала 50-600С температураға дейін қыздырылған 50 мл мұнай өнімін және 50 мл дистильденген су құяды. Жеңіл өнімдерді (бензин, лигроин және т.б.) және гидролиз нәтижесінде құрамында суда ерігіш қышқылдар мен негіздер түзілуі мүмкін болатын өнімдерді қыздырмайды.
Өлшегіш колбаны 5 минут эмульсия түзіліп кетпейтіндей қылып жайлап шайқайды, Қабаттар бөлінгеннен кейін сулы қабатты (сіріндіні) қағаз фильтр салынған воронка арқылы конусты колбаға құйып алады. Сіріндіде суда ерігіш қышқылдар мен негіздер бар екенін рН шамасы бойынша немесе индикаторлар көмегімен анықтайды.
Суда ерігіш қышқылдар мен негіздерді рН шамасы арқылы анықтау үшін стаканға 35-50 мл сірінді алып, оған электродтарды 10-12 мм тереңдікке батырып, рН шамасын рН - метрмен өлшейді.
Суда ерігіш қышқылдар мен негіздердің сулы немесе сулы-спиртті сіріндіде бар екенін таблица бойынша анықтайды. Суда ерігіш қышқылдар мен негіздерді индикаторлар көмегімен анықтау үшін екі пробиркаға 1-10 мл сірінді алады, үшінші пробиркаға сондай көлемде дистильденген су алады. Бірінші және үшінші пробиркаға екі тамшыдан метилоранж қосып, екі пробиркадағы түсті салыстырады. Сірінді қызғылт түске боялса, құрамында суда ерігіш қышқылдар бар болғаны. Екінші пробиркаға үш тамшы фенолфталеин қосады. Ерітінді қызғылт немесе қызыл түске боялса, сірінді құрамында суда ерігіш негіздер болғаны .
Егер индикаторлармен аталған түстер түзбесе, мұнай өнімінде суда ерігіш қышқылдар мен негіздер жоқ болғаны.
Жуықтығы: бір адамның бір аспапта және бір сынамамен алған нәтижелері сенімді деп саналады (сенімділік мүмкіндігі 95 % ), егер олардың арасындағы алшақтық таблицада көрсетілгеннен асып кетпесе.
Қайталанғыштығы: әр түрлі екі лабораторияда бір сынамамен алынған нәтижелер сенімді деп саналады ( сенімділік мүмкіндігі 95 % ), егер олардың арасындағы алшақтық таблицада көрсетілгеннен асып кетпесе.