Бейтарап шайырлар. Шайырлы заттардың негігі массасын бейтарап шайырлар құрайды. Олар мұнайдан асфальтендерді петролейн эфирімен тұндырған соң немесе қысым әсерінен сұйық этан немесе пропанмен тұнбаға түсіру арқылы, сондай ақ құмсірнемен адсорбциялау арқылы бөліп алуға болады. Бейтарап шайырлар – ұзын алифатты бүйір тізбекті конденсирленген циклді қосылыстардан тұратын қоныр түсті, қою тұтқыр зат. Олардың тығыздығы судан үлкен, молекулалық массасы 600-700 кг/кмоль аралығында. Олар күшті қышқылдар, жарық, жоғары температура әсеріне ұшырайды, мұнайда біртіндеп асфальтендерге айналады.
Бейтарап шайырлардың негізгі құрылымдық бірліктері бір бірімен алифатты тізбектермен байланысқан және ароматты нафтенді және алкилді бүйір тізбекті гетероциклді сақиналардан тұратын кондинсирленген сақиналы жүйе болып табылады:
Асфальтендер – алифатты бүйір тізбектері қысқа полициклді ароматты өте конденсирленген жүйелер. Алкандарда ерімейтін қара түсті, қатты, оңай балқитын заттар. Молекулалық массасы 2000-3000, тіпті кейде 6000 кг/кмоль-ден асып кетеді. Асфальтен молекулаларын бейтарап шайырлардың бірнеше молекулаларының конденсациялану өнімі деп қарастыруға болады. Асфальтен молекулалары өзінің құрылысына байланысты ассоциаттарға бірігуге қабілетті. Олар бір жағынан жазық молекулалардың бір бірімен қосылған үйірі сияқты болып көрінеді. Осындай молекуланың әрқайсысы алкилді бүйір тізбегі майысқан конденсирленген ароматты сақиналар, нафтенді және гетероциклді сақиналар жүйесінен тұрады. Молекулалар бір бірімен көмірсутекті, гетероатомды тізбекпен немесе көршілес молекулалардың ароматты фрагменттерінің бір бірімен π-π әсерлесуімен біріктірілген. Мұнайды термиялық өндегенде асфальтендер басты кокс түзушілер болып табылады.
Асфальтендер типтеріне карбендер мен карбоидтар – асфальт заттарының нығыздалу өнімдерінен тұратын бейтарап сипаттағы затар жатады. Егер асфальт ерітінділерін қыздырса немесе оған жарық түсірсе, олар конденсацияланып, молекулалық массалары үлкен ерімейтін өнімдер – карбендер мен карбоидтарға айналады. Сыртқы түрі бойынша олар асфальтендерге ұқсас, тек айырмашылығы түсі қою және құрамында оттек мөлшері көбірек болады. Осы барлық үш қосылыстың химиялық қасиеттері бір біріне ұқсас. Айырмашылығы тек олардың ерігіштігінде: карбендер тетрахлорлы көміртекте ерімейді, бірақ күкірткөміртекте жақсы ериді; карбоидтар ешқандай еріткіште ерімейді. Карбендер мен карбоидтары битумдардан былайша алады: битумда бензолда ерітіп, құрамында карбендер мен карбоидтар бар ерімеген бөлігін күкірткөміртекпен өңдейді. Мұнда карбендер алынады және карбоидтар ерімеген күйде қалады. Карбендер мен карбоидтар – бастапқы шайырлы асфальтенді фракциялардың компоненттерінің термиялық конденсациялану өнімдері, сондықтан мазут пен гудронның жоғары молекулалық қосылыстары екіншілік болып есептеледі, олар мұнайда болмайды.
Асфальтогенді қышқылдар. Мұнайдың шайырлы қосылыстарының аз зерттелген бөлігі асфальтоген қышқылдары. Олар бейтарап шайырлардан тек өздерінің қышқылдық қасиеттерімен ғана емес, органикалық еріткіштерде жақсы еритіндігімен ерекшеленеді. Олардың бейтарап шайырлардан бөлінуі осыған негізделген. Оларды битумның бензолды ерітінділерінен спиртпен бөліп алады. Асфальтогенді қышқылдар ерітіндіде қалады, ал бейтарап шайырлар мен асфальтендер тұнбаға түседі. Асфальтогенді қышқылдар табиғаты әлі онша анықталмаған. Асфальтогенді қышқылдардың молекулалық массасы біршама жоғары (800-ге дейін). Олар сірке ангидридімен реакцияға түскенде күрделі эфирлер түзеді, бұл өз кезегінде гидроксил тобының болатындығын дәлелдейді, қыздырған кезде олар шайырланып, асфальт тәрізді қосылыстарға айналады. Бұл қышқылдардың тұздарының қасиеттерінің нафтен қышқылдары тұздарының қасиеттерінен айырмашылығы бар.
Шайырлы асфальтенді заттардың мұнай өнімдерінің ауыр қалдықтарынан айырмашылығы жоқ . органикалық еріткіштерде байланысты олар төрт топқа бөлінеді: мальтендер, асфальтендер, карбендер және карбоидтар. Осы белгілері бойынша мынадай шартты топтық компоненттерді ажыратуға болады:
Төмен молекулалы еріткіштерде (изооктанда, петролейн эфирінде) еритін – майлар мен шайырлар (мальтендер). Шайырларды мальтендерден адсорбциялық хроматография әдісімен бөліп алады;
Төмен молекулалы алкандарда С5-С8 ерімейтін, бірақ бензолда, толуолда, төртхлорлы көміртекте еритін – асфальтендер;
Бензинде, толуолда және төртхлорлы көміртекте ерімейтін, бірақ кұкірткөміртекте және хинолинде еритін – карбендер;
Ешқандай еріткіште ерімейтін – карбоидтар.
Барлық ШАЗ жағар майлардың сапасына теріс әсерін тигізеді, сондықтан олар аласталынады. Мұнай битумдарының құрамында олар біршама бағалы техникалық қасиеттер көрсетеді және оларды кеңінен қолдануға мүмкіндік беретін сапасын арттырады.
Дәріс материалдарын игергеннен кейін білуге қажетті негізгі түсініктер: мұнайдың азотты қосылыстары, шайырлы асфальтенді заттар
Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:
Құрамында азоты бар қосылыстар қандай түрде кездеседі