Э. А. Абдыкеримова информатиканың теориялық негіздері



бет37/75
Дата09.09.2022
өлшемі476,55 Kb.
#149106
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   75
Байланысты:
Э.А.Абдыкеримова.ИНФОРМАТИКАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Ӛту n,

  • Егер р ӛту n (p-шарт)

    Мҧндағы, ӛту n - шартсыз ӛту операторы деп аталады. Ол - алгоритм командаларының орындалу ретін тоқтатып, келесі орындалуды n жолға беру жӛніндегі нҧсқау. Егер р ӛту n - шартты ӛту операторы деп аталады, ол «p шарт орындалса, басқаруды n - жолға беруң деген нҧсқау.
    Қызметші сӛздер атқарушының командалар жҥйесіне кіретін командаларды жазу ҥшін қолданылады. Егер алгоритмде атқарылу ҥшін ешқандай шарт қойылмаса, онда оның командалары жай командалар деп аталады. Қызметші сӛздерді пайдалану алгоритмнің жазылуын кӛрнекі етеді, әрі әр алгоритмдердің жазылу ҥлгісі бірыңғай болады.
    Алгоритмдік тілде жазылған әр алгоритмнің атауы яғни тақырыбы болуы керек. Алгоритмнің атауын бӛліп кӛрсету ҥшін оның алдына алг (алгоритм) қызметші сӛз жазылады. Ал алгоритмнің басталуы мен аяқталуын кӛрсету ҥшін оның командалары басы және соңы қызметші сӛздерінің арасына жазылады. Командалар біртіндеп жазылады және сол жазылу реті бойынша орындалады. Командалардың осы тізбегі - серия деп аталады. Мәтіндік мәндер тырнақшаларға алынып жазылады. Алгоритмдік тілде жазылған алгоритмнің жалпы тҥрі мынадай:
    Алг <алгоритмнің атауы> (типтері кӛрсетілген шамалар тізімі)
    Арг аргументтер атауларының тізімі
    Нәт нәтижелер атауларының тізімі
    Басы
    Алгоритмнің денесі (командалар тізбегі)
    Соңы

    Осы айтылған алг, арг, нәт қызметші сӛздерінен тҧратын алгоритмнің бӛлігі алгоритм тақырыбы деп аталады. Ал басы және соңы қызметші сӛздері алгоритм денесінің басталғанын және алгоритмнің аяқталғанын кӛрсетеді. Осы екі сӛздің арасындағы командалар сериясы алгоритм денесі деп аталады. Денеде ретімен кездесетін бірнеше командаларды бір жолға орналастыру да мҥмкін. Бҧл кезде олар нҥктелі ҥтір белгісімен ажыратылуы тиіс. Ал шамалар тізімі мен аргументтер, нәтижелер аттары ҥтір арқылы бӛлініп жазылады.


    Алгоритмдік тілде алгоритмді басқару қҧрылымдары деп аталатын негіздік тӛрт қҧрылым бар:

    1. Тізбектелу;

    2. Тармақталу;

    3. Таңдау;

    4. Қайталану (цикл);

    Алгоритм осы қҧрылымдарды пайдаланып қҧрылады.
    Алгоритмдерді сипаттауда орындаушыға шамаларға қатысты әрекеттерді орындау және осы әрекет нәтижесі ретінде жаңа шаманы қҧру ҧйғарылады. Алгоритм тілінде шамаларға қатысты әрекеттерді белгілеу ҥшін “:=” командасы пайдаланылды. Оны меншіктеу белгісі деп атайды.




      1. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   75




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет