4.2 Шыңғысхан бастаған жорықтар
Ат тұяғы жетер жердің бәрін өзіне қаратуды алға қойған Шыңғысхан
ескі
дүниені
(старый свет), яғни Қазақстан мен Орта Азияны, Шығыс Еуропа мен
Алдыңғы Азия елдерін жаулап алу міндеті тұрды. Соның негізінде, көздеген
жоспарын жүзеге асыру үшін дипломатиялық тәсілдерді барынша қолданды,
көпестер арқылы мәлімет жинап - Қара қытай мемлекеті мен Хорезм
шаһындағы ішкі жағдайларды біліп отырды. Осы негізде қимыл жоспарын
жасады.
Шығыс Түркістан мен Жетісудың моңғол қолына өтуі Оңтүстік Қазақстан
мен Орта Азияда дүрбелең туғызады. Хорезм шаһы Мұхаммедпен
Шыңғысхан қайта-қайта елшіліктер алмасумен болды. 1218 жылдың жазында
Шыңғысхан Отырарға керуен жібереді. Отырар билеушісі Қайырхан
Иналшық көпестердің тыңшы екенін байқаған соң керуенді құртып жіберуге
бұйрық береді. Енді Шыңғысхан Хорезм шаһы алдына Қайыр ханды қолыма
70
бер деген талап қояды. Бірақ осы талапты айтуға келген елшілер де
өлтіріледі. Осылайша Шыңғысхан «Отырар апаты» деген атпен әйгілі болған
батысқа жасаған жорығы басталды.
Жорық 1219 жылдың қыркүйек айында басталды. Шамамен 150 мың әскер
жинаған Шыңғысхан Ертістен Сырдарияға бет алды. Отырарды қоршауға
Шыңғысханның екі ұлы – Шағатай мен Үгедей қалды. Жошы бастаған қол
Сығанақ, Баршыкент, Жент, Янгикент, үшінші қосын Сырдың жоғарғы
ағысындағы қалаларды алуға, ал Шыңғысханның өзі негізгі күшпен Бұхараға
жылжыды.
Отырар билеушісі Қайырханның қарамағында шамамен 20-50 мың әскер
бар еді. Қаланы қоршаған Үгедей, Шағатай, қолбасшы Сүбедей, Жебе,
Тонұчар бес айға дейін бекіністі бұза алмады. Хорезмдік әскербасы Қаража
Қажыптың сатқындығынан жауды қалаға кіргізеді, сол үшін Шағатай оларды
тізерлетіп, халықтың көзінше бастарын шабады. Жиырма мың әскерін бастап
Қайырхан Отырарды тағы бір ай қорғады. 1220 жылдың ақпанында Отырар
толығымен жау қолына көшті. Қолға түскен Қайырханды азаппен өлтірді,
қаланы қиратып халқын қырды. Дүниеде екінші орын алған кітапхана да
өртеніп жіберілді.
Осындай ерлікке толы шайқас Сыр бойындағы қыпшақтар астанасы
Сығанақ та басынан кешірді. Жеті күн мен жеті түнге созылған шайқас
жаудың басым күшіне байланысты қала халқын тізе бүктіреді. Жошының
бұйрығымен тұрғындарын тегіс қырып жібереді. Үзгент, Баршынкент
қалалары қарсылықсыз беріледі. Қажырлы қорғанған қалалардың бірі Ашнас
болды, бірақ ол да Отырар сияқты жермен жексен болды. Бұдан кейін Жент
пен Янгикент қалалары құлады. Осының бәрі 1219-1220 жылдың қысы мен
көктемінде болған оқиғалар. Ал 1221 жылы Үргеніш қаласын бағындырған
соң Аралдың солтүстік-шығысындағы елді мекендерге бет алды. Қыпшақтар
қатты қарсылық көрсеткенімен ең соңында тізе бүгуге мәжбүр болды. Марко
Полоның айтуы бойынша: «Жаулап алынған қалаларда қақпа мен қамал
салуға тыйым салынды. Өйткені жеңілген халықтар тыныштық сақтап,
қарсылық көрсетпейді».
Шыңғысханның өзі бастаған қолы Бұхара мен Самарқанды бағындырды,
1220 жылдың мамырына дейін Амудария жағалауына дейінгі барлық
территория моңғолдардың қарамағында болды. 1220-1221 жылдың қысында
Хорезм Шыңғысханның иелігіне кіреді. Хорезм шаһы Мұхаммед қашып,
ақыр аяғында Каспий теңізінің бір аралында өледі.
Жебе ноян мен Сүбедей батыр басқарған 30 мың әскер Солтүстік Иран
арқылы 1220 жылы Кавказға баса көктеп кірді, аландарды, қыпшақтарды
және Калкада орыстарды талқандаған соң қазіргі Қазақстан даласы арқылы
Ертістегі Шыңғысхан ордасына 1224 жылы оралды. Осылайша 1219-1224
жылдардағы моңғол шапқыншылығы нәтижесінде қазіргі Қазақстан мен Орта
Азия Шыңғысхан империясының құрамына енді.
Араб жазушысы Ибн-Васылдың айтуы бойынша, 1229-1230 жылдары
Батыс Қазақстан территориясында «татарлар мен қыпшақтар арасында соғыс
жалыны лаулаған». Ол 1237 жылы тағы қайталанды. Әсіресе, қыпшақ Бачман
71
басқарған топ көп қарсыласады. Оларға қарсы ұйымдастырылған әрекет
туралы «Юань-ши», басқа қытай деректері мен ХІІІ-ХІV ғ.ғ. парсы
тарихшылары да айтқан. Мұсылман жылнамаларының мәліметі «Юань-ши»
дерегімен үндесіп жатыр: « Үшінші айда (яғни 1237 жылдың наурызы)
Мөңке хан қыпшақтар жеріне кірді, әрі Каспий теңізіне жетті. Қыпшақтар
билеушісі Бачман өз отбасымен аралға қашып тығылды. Мұны білген Мөңке
хан тұтқындауға аттанды. Құдай қалағанда, жел көтеріліп, су қалпына түсті.
Мөңке: «Аспан менің жолымды ашуда», деді. Бачман әскері қырғынға
ұшырады, ал өзі қолға түсті. Мөңке хан оған тізерлеп отыруға бұйрық берді.
Ол: «Мен көсеммін және өлімнен қорықпаймын. Тізе бүгетін мен түйе
емеспін»,- деп жауап береді. Моңғол шапқыншылығына қарсы шыққан күрес
бұдан кейін де жалғасып жатты. 1241-1242 жылдары қыпшақтар Жошы
ханның баласына үлкен қарсылық көрсетеді. Деректерде Қаңлылардың да
наразылық көрсеткені айтылған.
Жаулап алу барысында моңғол шапқыншылары халықты бағындырудың
сан алуан түрлерін қолданды. Моңғол шапқыншылығы барысында
наймандар мен керейіттер, қыпшақтар, қаңлылар, қарлұқтар бәрі ауыр
шығынға ұшырады. Шыңғысханға келген Рим папасының елшісі Плано
Карпини бұл жайында былайша жазған екен: «Татарлар оларды
(қыпшақтарды) қырып жіберген және өздері солардың жерінде тұрады, ал
тірі қалғандары құлға айналған». Ан-Нисави айтқандай, «өткен ғасырларда,
тарихта болған мемлекеттерде адамдар мұндай қайғыны бастан кешпеген еді.
Шығыстан келген орда Дербентке дейін жетіп, одан қыпшақтар еліне баса-
көктеп енді. Қалалар, егістіктер, мал-жан бәрі бас-аяғы екі жыл ішінде
талқаны шықты, қырылды».
Моңғолдардың жасаған шапқыншылық нәтижесінде Қазақстанды мекен
еткен көптеген тайпалар Венгрия, Балқан, Үнді, Мысыр, Қытайға өтуге
мәжбүр болды. Ибн аль-Асирдің айтуы бойынша, «қыспаққа түскен түріктер
Үндістанға келді. Олардың ішінде сарбаздардан басқа жыраулар, ғалымдар,
діни өкіл-іскерлері болды, соның нәтижесінде ХІІІ ғасырда Дели тек
Үндістанның емес, Шығыстағы - мәдениет орталығына айналды»,-деді. Дели
султанатындағы билеуші әулеті Шамсия қыпшақтан шыққан Мұзаффар
Елтүтміш болды. Оның заңды мұрагер қызы Разия - ислам әлемінде рұқсат
етілген Хан лауазымын алды. Айбек, Елтүтміш, Разия, Балбан атты қыпшақ
билеушілері Үндістанды моңғол шапқыншылығынан қорғап қана қоймай,
сонымен қатар оның дамуына ықпал жасады. Дәл осындай оқиғалар
Мысырдың өзінде де болды. Қыпшақ Құтыз және Бейбарс мұсылман еліне
моңғол шапқыншылығын тоқтатты. Ал Қалауын атты қыпшақ Мысырдағы
билеушілер әулетінің негізін салып кетті, оның әулеті 103 жыл биледі. Олар
Мысыр мәдениетінің дамуына көптеген еңбегін сіңірді, тек Каирдің өзінде
150 жуық зәулім сәулет құрылыстарын салып кетті.
Қытайдағы моңғолдардың құрған Юань империясы тұсында ықпалды
саясаткерлер қыпшақтан шыққан - Чжанур, Янтемір, қаңлыдан – Иналтото,
Асанбұқа және т.б. болды.
|