Е. А. Бөкетов атындағы Қарму-нің тарих факультетінің деканы, тарих ғылымдарының докторы, проф



Pdf көрінісі
бет38/76
Дата08.02.2022
өлшемі1,1 Mb.
#118323
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   76
Байланысты:
Нугман Цивилизация Великой степи каз

арғын
емес, 
арғұн
немесе 
арғы
(ару)
ғұн
болу керек. Академик Әлкей Марғұлан жариялаған 
Еділ (Атилла) патша заманынан бері ел аузында сақталып келген 
«Алаңқай батыр» туралы жыр-дастанда «Арғы атам менің Арғұнбек, 
Жалғыз шауып жауды алған» дейді. Осы дастанның құндылығы, 
біріншіден – Арғұндар атауы Еділ заманынан да бұрын белгілі болуы
екіншіден – ғұн, Еділ заманынан сақталған жазба деректермен астасып 
жатуы. Яғни, жырда аталатын тарихи тұлғалардың аттарында Еуропаның 
жазба деректерімен ұқсастық кездесіп отырады. Мысалы, Геродот скифтің 
патшасы Тарғытайдың үш ұлы болған дейді, олар: Липоксай, Арпоксай, 
Қолақсай. Осы ұқсастық жырда аталуы: Молақсай, оның баласы Алаңқай 
– Арпақсай, нағашысы Құлансер – Құлансай – Қолақсай зерттеушіге 
сырды ашуға мегзейді. Геродот «Мельпонема» кітабында: «... ағаштан 
істеген үйлері бар, оны ақ кигізбен жабады. Төңіректегі жұрт оларды 
киелі санайды. Көрші елдердің дау-шараларына төрелік айтады. Бұл 
халықтың аты аргиппей» деп, басқа да ерекшеліктерін жазады. Птоломей 
б.д.д. ІІ ғасырда ғұндар (ғұн атауын қателіксіз белгілеуінде) Солтүстік 
Кавказда отырғанын айтады. Келесі айтылатын бір жәйт, ғұндардың 
еуропада ертеден мекендегенін қазақтың аңыз-ертегілердегі, ауыз 
әдебиетіндегі археологиялық скифтердің қорғандарынан табылған 
заттарындағы мол деректер растай түседі. Сол замандағы оқиғалар Еуропа 
жылнамашыларының жазба деректерінде көптеп сақталған. Брунгильдтың 
«Нибелунга дастанында» басты кейіпкер - Еділ. Францияның Мез, 
Арденны департаменттерінің жерінде Аргонны деген қырат бар. Осы 
қыраттан ағатын екі өзеннің ортасында Арғұн тоғайы (Аргонский лес) 
дейтін қалын орман бар. Белгілі қоғам қайраткері Луи Арогон 
өмірбаянында өзінің осы жерде туғанын, ал Арагон деген ат ертедегі 
ғұндарға байланысты екенін ашып айтады. Мұндағы айтылып 
отырғанымыз Луидті ғұнға айналдыру емес, осы жайт Еуропа жұртына 
белгілі екендігі. 
Көшпенділермен алғашқы кездескен эллиндер кейінгі ұрпақтарына 
салт атта отырған жауынгерлерді бірінші көргенде «кентаврлар» (человек 
лошадь) деп үрейлі атау қалдырды. Эллин, Рум, Византиялықтар екі 
теңіздің ортасында мекендеген халықты гипорборейлер, жалғыз көзді 
құбыжықтар деп атапты. Бұл жердегі бір гәп (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет