84
обычаев киргизов. вып.1, Омск, 1886), Д. Самаквасов (Д. Самаквасов.
Сборник обычного права Сибирских инородцев. Варшава, 1876), Н. Гродеков
(Киргизы и кара-киргизы Сыр-Даринской области. т.1, Юридический быт.
Ташкент, 1889) және А. Левшиннің (А. Левшин.
Описание киргиз-казачьих
или киргиз- каисацких орд и степей. Ч.З. Спб, 1832) еңбектерінде азды-көпті
сөз етіледі.
Тәукенің толық есімі – Тәуекел-Мұхаммед Батыр-хан. Әз Тәукенің ата-
бабасы, оның туып өскен жерлері туралы Шәкәрімнің, Мұхаметжан
Тынышпаевтың, Әлихан Бөкейхановтың шежірелерінде беріледі. Жазушы Қ.
Салғараұлы Тәуке ханның тегін былайша таратады: Шыңғыс хан – Жошы –
Тоқа Темір –Үз Темір – Қожа – Бәдік – Орыс хан, Орыстан бес ұл: Тоқтақия,
Құтылығ-Бұға,
Тұғылық-Болат,
Құйыршақ,
Тоқта-Болат.
Осының
Құйыршағынан Тәңірберді, Иагужақ, Болат. Осы Болаттан Керей туады.
Жәнібек болса Орыстың баласы – Құтылығ-Бұғадан – Құтужақ – Барақтан
тарайды. Жәнібектен – Қасым хан – Жәдік – Шығай хан – Тәуекелхан – Есім
хан – Жәңгір хан, оның екі баласының бірі осы Әз Тәуке, екіншісі Уәли.
Тәукенің билік құрған уақытын әрбір зерттеуде әр түрлі айтады.
Соның
ішіндегі басым түсетіні – 1680-1718 жылдар. Төл тарихымыз туралы жазба
деректер шамалы. Сондықтан да, аңыз, дастан, халық арасында сақталған
жырларды зерттей отырып, салыстырмалы түрде көптеген шындыққа қол
жеткізуге болады.
Әз Тәукенің хандықты басқарудағы ішкі саяси бағыты,
қол астындағы
әлеуметтік топтар және олардың өзара қарым – қатынастары қандай болды?
Тәукенің басқа хандардан айырмашылығы айналасында төре –
сұлтандардан гөрі халық арасынан шыққан әділ, беделді жандарды жинаған.
Бұл туралы көптеген аңыздар сақталған. Билер сот қызметінен бастап
жүз
басшысына дейінгі, қажет болса елшілік қызметін де атқарып отырды.
Мәселен, Қаз дауысты Қазыбек, Шақшақұлы Жәнібек және тағы басқа
билердің елші болып барғаны баршаға аян. Әз Тәуке айналасына беделді, от
ауыз, орақ тілді шешен билерді жинап, ел, мемлекет мәселесін шешуде
кеңесіп отырған. Тәукенің саяси бірлікті нығайту бағытында билер кеңесінің
маңызы ерекше болды. Билер кеңесіне тұрақты күші бар, кеңесші мәртебесі
берілді. Билер кеңесінің шешімімен хан міндетті түрде санасқан.
Билер
кеңесі заң шығарушы міндетін де атқарды. Сот істерін жеке билер шеше
алмаған жағдайда, осы билер кеңесі немесе хан қарайтын болған.
Тәуке ханның заманында билер кеңесімен қатар «халық жиналысы»
өткізіліп тұрған. Ол орыс деректерінде «старшындар жиналысы» делінеді (И.
Гаполлова. Присоединение Казахстана к россии. А-А. 1948, 121-стр). Орыс
елшілері Скибин мен Трошин, Кобяков мәліметтерінде: «20-желтоқсанда
(1693) Тәуке хан Қазақ ордасының игі жақсыларын жинады», енді бірде олар:
«Тәуке ханға Түркістанның ұлыстарынан қожа мен қазақтар келіп, Ресей
туралы айтты»,- деп хабарлайды. Халық жиналысы төтенше жағдайда ғана
емес, сыртқы саяси мәселелерді шешу мақсатында да шақырылып отырған.
Тәуке тұрақты күздік жиылыс бекітеді. Бұл туралы оның заңында былай
делінген: «Хан, басқа сұлтан, ақсақалдар, ру басылары тең халық ісін шешу
85
үшін күзде жиналуы қажет және мұнда қару жасанып келуге міндетті» (А.
Левшин. Описание киргиз-казачьих орд и степей. СПБ, 1832, ч.3. стр. 177).
Басқару жүйесінде білікті
билер мен батырларды таңдап, оларды қасына
топтастыра білген Тәукені орыс тарихшысы А. И. Левшин «Спартаның
ақылгөй заңгері Ликургпен» теңеген еді.
Сонымен, Тәуке хан «Жеті Жарғы» заңы арқылы ішкі тартысты жою
мақсатында ел басқару ісін, заң шығару тұтқасын билерге беріп, ұсақ хандар
мен сұлтандардың саяси ықпалын тежеуге тырысады. Жыл сайын Күлтөбеде
(Ташкент маңы) үш жүздің басын қосқан жиналыс (құрылтай) шақырылуы
тиіс болған. Хан кеңесі, билер кеңесі мемлекеттік тұрақты құрылымға
айналады. «Жеті Жарғы» заңында ел дауын шешудегі билер кеңесінің
құқығының қорғалуын, сақталуын қатты қадалаған.
«Жеті Жарғы» баптары мейлінше нақты. Мәселен, кісі өлтіргендер үшін
«қанға қан, жанға жан алу» ұстанымы сақталады.
Кейбір жағдайларда өлім
жазасын соттың келісімімен құн төлеумен ауыстыруға болады. Бұл – осы заң
жобасының тарихи прогрестік маңызын айқындайтын бап. Құн
қылмыстының өзінен немесе ру мүшелерінен алынады. Кісінің денесіне
жарақат түсірген болса, құн төлеуге тиіс болады. «Жеті Жарғыда» әйелдер
құқы шариғат ережелеріне сүйенеді. Қыз-келіншекті зорлау, алып қашу өлім
жазасымен теңестіріледі.
Осы заң бойынша әкенің билігі баянды етіледі. Ол – қамқоршы,
сондықтан оның ризалығын алмай, отбасының кез келген мүшесі ешбір
шешім қабылдамайды. Әкесіне немесе шешесіне қол көтеріп, балағаттаған
баланы
қара сиырға отырғызып, ауыл іші аралатып, қамшымен соққан. Бір
себеппен (аңдаусызда) баласын өлтіргені үшін ата-анасы ешқандай жаза
алмайды. Бірақ некесіз туылған баласын ұяттан (қасақана) өлтірген әйел өлім
жазасына кесіледі.
Мал мен мүлікті ұрлау қатаң жазаға тартылады. Ұрлығы ашылған кісі
ұрлап алғанын тоғыз есе етіп қайтару керек. Өзін-өзі өлтіргендерді заң
бойынша бөлек жерге жерлейді. Жеті атадан аспай үйленуге өлім жазасы
кесіледі. Құдайға тіл тигізген кісі жеті адамның куәлігі арқылы анықталса,
таспен ұрып өлтіріледі. Христиан дінін қабылдағандарды мал-мүлкінен
айырады. Әрбір соғысқа жарайтын еркек бес қарусыз жүрсе,
оған да айып
салынады. Бұл жаугершілік заманда кешірілмес күнә саналған. «Жеті
Жарғы» бойынша арнайы мал-мүлікке таңба белгілейді және салық түрлері
(аманаттық салық, ру басыларының борышын төлеу, хандық билік, қару-
жарақ) белгіленеді. Заң құқық ережелерінің жеке салаларын (қылмыстық,
азаматтық, басқару) да қамтыған.
Сонымен, «қазақ заңы» діннің орнын, салық түрлерін, жалпы тұрмыс
жағдайын реттеуге бағытталған Қазақ хандығының ерекше тарихи
әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайының туындысы еді. Қазақша
«жарғы»
әділдік
деген ұғымды білдіреді. Түпкі
мәні жарудан, нәрсенің
салмағын дәл, әділ айырудан шыққан. Қасым ханның
жаңадан көтерген
жарғысы
ел
мүддесіне сай келгендіктен, халық бұқарасы оны «қасқа жолы»
деп атап кетті. Оған кірген ережелер: мүлік заңы, қылмыс заңы, әскери заң,