80
Керейден кейін ресми түрде қазақтың ханы Бұрындық болады. Жәнібек
хан әулеттері Жәнібектің үлгісімен Бұрындыққа бағынды. Бұрындық хан
билік еткен кезде қазақтардың саяси орталығы Сарайшық (Батыс Қазақстан)
қаласы болады. Ал Жәнібектің ұлдарының ұлысы Мәуреннахрмен шекаралас
территорияда болғандығын хабарлайтын мәлімет Исфаханидің «Михман
наме-й Бұхара» еңбегінде бар.
Деректер, біріншіден - қазақ қоғамында
әкімшілік-территориялық ұйымының негізінде ұлыстық жүйе жатқандығын
көрсетсе; екіншіден – билеушілер арасында жасырын қайшылықтың
болғандығын байқатады, олар Бұрындық тобы және Жәнібек тобы. Шынайы
келгенде Бұрындық қарсы топтың күшеюінен сескеніп,
оларға қарсы іс-
әрекеттер жүргізе бастайды. Бірақ та, Бұрындық ханның жоспары іске
аспайды, ХVІ ғ. басындағы оқиғаларда екі топтың арасы бірте-бірте ашылып,
нәтижесінде хандықтағы саяси билікке екінші топ өкілдері келеді.
Осы мәселені шешу үшін, Қазақ хандығының ХV ғасырдың соңындағы
территориясының Сыр бойы есебінен кеңеюіне тоқталайық. Түркістан
аймағы үшін болған 1490-1495 жылдардағы ұрыстардың негізгі
ауыртпалығын Жәнібектің ұлдары – Жиренше, Қамбар, Махмұт, Қасым,
Әдік сұлтандар көтереді. Бұл факт ХV ғасыр соңында Түркістан аймағы және
оған іргелес Дешті Қыпшақтың далалық жерлері Жәнібек хан ұрпақтарының
ұлысы болғандығын көрсетеді. Осыдан
шығатын қорытынды мынадай
дәйекке келеді: біріншіден – Бұрындық осы соғысқа Жәнібек ұрпақтарын
тікелей қатыстыру арқылы қарсыластарын әлсірету еді; екіншіден - өзінің
болашақ тағын сақтап қалу. Бірақ бәрі керісінше болып шықты. Соғыстың
соңына таман Жәнібек
хан ұлдарының әлсіремей, қайта күшейе түскендігі
байқалады. Олардың ұлысы кеңейіп, нәтижесінде: шаруашылық, әскери,
және саяси қуаты өседі. Бұрындық хан үшін бұл жағдайды өзгертудің бірден-
бір жолы Шайбани ханмен келісімге келу еді, кешегі «ата жауымен»
одақтасуға мәжбүр болады.
ХVІ ғасырдың басында оқиға күрт өзгереді. Шайбани хан Мәуреннахрда
билікке келеді, Моғолстан толық күйрейді. Сондай-ақ, Шайбани ханның
1504-1511 жылдардағы Қазақ хандығына қарсы жасаған төрт жорығында
Бұрындық хан дәрменсіздігін танытып, бірте-бірте саяси жолдан кете
бастайды. Ал екінші топ сол кездегі ішкі-сыртқы өміріне белсене араласып,
халық алдында үлкен беделге ие болады.
Осы кезден бастап, Қазақ
хандығында Жәнібек ханның ұлдары билікке келіп, Қазақ хандығы құлағанға
дейін хандық құрады. Мұхаммед Хайдар Дулати өз еңбегінде Қасым ханның
билікке келуі туралы: «
Достарыңызбен бөлісу: