Е. А. Бөкетов атындағы Қарму-нің тарих факультетінің деканы, тарих ғылымдарының докторы, проф



Pdf көрінісі
бет18/76
Дата08.02.2022
өлшемі1,1 Mb.
#118323
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   76
Байланысты:
Нугман Цивилизация Великой степи каз
Нугман Цивилизация Великой степи каз, Нугман Цивилизация Великой степи каз
 
1.4 Көшпелілік - өркениет есебінде 
 
Еуразиялық Ұлы Даланы игерген Көшпелілер өркениетінің өрлеу-
құлдырау ырғақтары сабақтасып, талай тарихи үрдістерден өтті. Орталық 
Азия өзінің кеңістікте орналасуына байланысты балға мен төстің арасында 
шыңдалды. Отты қару пайда болғанға дейін мыңдаған жылдық адамзат 
тарихында ат жалында өскен көшпелілер ең қаһарлы күш болғаны күмән 
тудырмайды. Вебер айтқандай, номадалар техногендік өркениет пайда 
болғанға дейін кеңістікте мәдени катализаторлар қызметін атқарды. Нақтылы 
тарихын ашсақ, далалық өркениет әлемдік дамудың бір қозғаушы күші 
болды.
Көшпелі мал шаруашылығына өтудің себебі - табыс пен қосымша өнімнің 
көзін тауып, табиғат пен адамның арақатынасын тиімді шешу арқылы мал 
шаруашылығын жетекші кәсібке жеткізуінде еді. Мал және жер кәсібі 
шаруашылықтың
әр 
саласындағы 
деңгей 
мәртебесіне 
көтерілді. 
Жағрафиялық ортаның ерекшелігіне байланысты жер өңдеуде ирригациялық 
жүйе, мал бағуда қоршаған ортаға бейімделген 
табынның
құрамын шығару, 
жылқы жануарының қасиетін танып оны көлік ретінде қолдану, дамыған 
әлеуметтік дифференциация қоғамдық өмірде «далалық билік және басқару 
институттарының» заманына сай құрылыстарын әкелді. 
Кеңістікті игеру құралы мен меңгеру ісінде көлік ретінде жылқы елеулі 
әсер етті. Кеңістікті игергенде осы даланы тұтас бір континиум деп ұғынды. 
Батыс пен шығыс, солтүстік пен оңтүстік өлшемдерін таныды. 
Дүниетанымдағы болмыс тіршілігі - жалпыұлттық тұтастық идеясын 
жаратты. Осы көріністерді тектік аңыз-шежірелерден, эпос-дастандардан 
байқауға болады.
Көшпелілерге тән этникалық құрылым тек саяси-әлеуметтік құбылыс 
деңгейімен шектелмей, қауымның өз ішінде туындаған қажетті факторлар 
белгілі бір 
тәртіпті жүйеге
айналды. Көшпелі этностың қасиет сипаттары 
болмыс дүниесінен бөле-жаруға келмейтін біртұтастық, синкреттілік. Яғни, 
табиғи ортамен гармониялық қарым-қатынастар үстінде пайда болған тұтас 
дүние. Мысалы, біріншіден: этностың жаратушы әкесі – Тәңір, анасы – Бай 
ана (қасиетті Жер Су). Бұл көшпенділердің шығу тегі; екіншіден: әкеден 
қалған елді үш ұлына бөліп беру, сыннан өткен ішіндегі біреуіне билік 


18 
жүргізу, бұл ішінара бөліну тәртібі. Қасиет дарыған бала ғана билік жүргізе 
алады, осыдан Тәңірдің жарылқауымен билік лауазымдары қалыптасты


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет