Е. А. Бөкетов атындағы Қарму-нің тарих факультетінің деканы, тарих ғылымдарының докторы, проф



Pdf көрінісі
бет47/76
Дата08.02.2022
өлшемі1,1 Mb.
#118323
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   76
Байланысты:
Нугман Цивилизация Великой степи каз

Жоғарғы Империя Әулеті
құрылды -
кеңесшілер, жоғарғы әскери басшылар, әскери-әкімшілік лауазымдағы 
бастықтар. Халықтың негізгі бұқарасы «қара бодұн» деп аталса, тәуелді ең 
төменгі жігі «тат» деп аталды. «Татсыз түрік болмас, бассыз бөрік болмас» 
деген сөз түрік билеушілердің бәрінде де осындай тәуелді адамдардың 
болғандығын дәлелдейді. Түркі қауымының құрылымы ғасырлар бойы 
қалыптасып, көшпелі-әскери тұрмыс салтының мақсаттары мен міндеттеріне 
бейімделді. 
Түріктердің жоғары құдайы көк аспан – Тәңір болды. Тіршіліктің көзі деп – 
Жер-Су Қасиетін тұтты. Адам баласының тірегі, тіршіліктің тұтқасы анаға 
«Ұмай ана» деген ат беріп, оған табынған. Түркілердің көкке немесе аспан 
әлеміне сиынулары Күлтегін жазуындағы мына жолдардан анық байқалады: 
«Көкте түркі тәңірісі, Тәңірі қуат берген соң». Сондай-ақ, «Ұмай анаға» табыну: 
«Ұмай текті ананың ... Тәңірі Ұмай, қасиетті Жер, Су, Бізді қорғайды, ойлану 
керек – деп, Ұмай ананың атынан түркі халқын бірлікке, ынтымаққа шақырады. 
Мұндай әдет, наным-сенімдер қазақтарда бүгінгі күнге дейін орын алып жүр. 
Мәселен, қазақта алғыс айтқанда «тәңір жарылқасын» десе, ал қарғаса «көк 
соқсын» дейді. 
Ішкі қырқыс, әлеуметтік қайшылық және сыртқы саяси себептер Түркі 
қағанатын ойсыратып жіберді. Ақырында 603 жылы өз ішінен «Шығыс Түрік 
қағандығы» және «Батыс Түрік қағандығы» деп екіге бөлінді. Сол уақытта 
Қытай - Суй әулеті (581-618) кезінде күшейіп, Шығыс қағанаты оларға тәуелді 
болып қалады. Осы ұзақ дағдарыстан Құтлық - Эльтериш қаған уақытында азат 
болып, Білге қаған және Күлтегін кезінде Шығыс қағанаты бекіді. 
Батыс Түрік қағандығы құрылған кезде, ол «Он оқ бодұн» - «бес арыс 
дулат», «бес тайпалы нүшиби» деген аттарымен ұйымдасып - Алтай тауынан 
Қаратау тауына дейін, Шығыс Түркістаннан Арал-Каспий теңізіне дейін 
созылған кең алқапты алып жатты. Қағандықтың негізгі ордасы болып – қазіргі 
Жоңғар ойпаты мен Жетісуда бекінді. Соғды, Бухара, Гиндукуша, Исфиджаб, 
Чача жерлерінде қағанның адамдары үстем құрып отырды. Ұлы жібек жолы 
бойындағы өркендеген саудасы бар Батыс қағанаты, зор кеңістікті игерудің 
тиімді тәсілін қолданды. Мал шаруашылығы мен отырықшы егіншілік түрі қоса 
жүретін бірегей жүйесі, қала мәдениеті бар дамыған мемлекет болды. 
Шаруашылық мәселелерді шешу 
саудаға
байланысты болғандықтан Ұлы Жібек 
жолын бақылап, өркендеуіне қағанат игі ықпал жасап отырды. Сауданың 
өркендеуіне байланысты ақша айналымы пайда болды, сауда мен қолөнердің 
орталық қалалары гүлденді. Олар: Қүлан, Тараз, Мерке және т.б. Шу 
алқабының өзінде 18 шақты дамыған қалалар болды. Қалаларда өндіріс 
құралдарын жасайтын темір өңдеу кәсібі, қыш-құмыра өндірісі, тоқымашылық, 
ағаш өнері, тері өңдеу, тағы да басқа кәсіптер өркендеді. Ұлы Жібек жолының 
сауда керуендері осы қалаларда дамылдап, әртүрлі тауарларын сатып, өздерінің 


59 
көлігін малшылардан толықтап алып отырды, сонымен бірге бұл қалалар ішкі 
айырбас пен сыртқы сауданың тұрақты орталығына айналды. 
Батыс Түрік Қағанатының этникалық құрамы: Ашина түріктері, үйсіндер, 
қаңлылар, түргештер, ұйғырлар, қырғыздар, қарлықтар, оғыздар, қимақтар, 
қыпшақтар, яғни көпшілігі шыққан тегі жағынан туыстас – қытай 
жылнамаларынан келтіргендей Шаньюй (ғұндар) тегінен еді. Яғни, бұл үрдіс 
этникалық тәртіптің немесе жалпытүріктік этникалық сана-сезімнің - түріктік 
(ұлттық) идеологияның қалыптасуымен аяқталды. Біртұтас билік шеңберінде 
мәдени-өркениеттік –


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет