64
ғасырдың соңында өз мемлекеттерін құрады. Оғыздардың Арал жағалауы
мен Батыс Қазақстанға орын ауыстыруы оңайға соққан жоқ. Олардың мұнда
орнығуында Арал жағалауындағы екі тайпаның – печенектердің,
қанғарлардың және басқа да сақ-массагет
тегінен тараған әулеттердің
қарсылығын, ал одан әрі батысқа жылжуында сарматтардың ұрпақтарын
және фин-угор тайпаларының қарсылығын күшпен басуына тура келді. Оғыз
мемлекеті Х ғасырда Еуразия даласындағы әскери-саяси өмірде зор рөл
атқарған елеулі күшке айналды. Мәселен, 965 жылы оғыздар Киев Русімен
одақтаса отырып, Хазар Қағанатын құлатса, ал 985 жылы Еділдегі Бұлғария
мемлекетін жеңіліске ұшыратты. Оғыздардың
тарихи құбылыстың соңғы
шарықтауы Әлихан жабғы мен Шахмәліктің билігі тұсында, 1041 жылы
Хорезм мемлекетін аз уақытқа бағындырғанында байқалады. ХІ ғасырдың
ортасында Оғыз Жабғыларының мемлекетін Дешті-Қыпшақтағы қимақ-
қыпшақ тайпалары құлатты.
Батыс Түрік қағанатының құрамында болған
қимақ
тайпаларының атауы
алғашқы рет VІІ ғасырда ескеріледі . Ол кезде олар Ертіс
өзенінің алқабы мен
Алтай тауының солтүстігін қоныстанған болатын. Батыс түрік қағанатының
ыдырай бастаған кезде (шамасы 7 ғасырдың ортасы) қимақтардың
оқшаулануы басталады. Тап осы уақыттан бастап олардың тайпа одағы
ретінде өзегі қалыптасатын кезеңі деуге болады. VІІІ ғасырда батысқа қарай
іргесін кеңейтіп, үш бағытқа: Оралдың оңтүстігіне;
Сырдария бойы мен
Оңтүстік Қазақстанға; Жетісудың Балқаш көлі мен Алакөл алқабына дейін
жылжыды. Ұйғыр қағандығы 840 жылы құлаған кезде,
жеті тайпадан
тұратын Қимақ конфедерациясы құрылып қалыптасады. Тайпалар басшысы
жабғы
деген дәреже иеленген. Ал ІХ ғ. соңы мен Х ғ. бас кезінде
жалпытүркілік
қаған
дәрежесін иеленген билеушілері бар
мемлекет
құрады.
Ертіс өзені бойындағы Имакия қаласы қимақтардың астанасы болды.
Қимақтардың мемлекеттік құрылымы түркілік, және түркі тілдес
халықтардың
мемлекеттері, барлық өркениетті елдердегідей, қалыптасқан
әлеуметтік құрылымды қорғау мен заңдастыруға арналған тұтқа болды.
Арабтың ғалымы Әл Идриси өзінің «Нузхат Әл Мүштак Фихтира Әл Афак»
атты еңбегінде қимақтан шыққан ғалым Ибн Хаган туралы әңгіме қозғайды:
әуелі оны ерекше атап, «Соның жазған қимақтар туралы тарихи шығармасын
өз еңбегімде қолдандым»,- дейді. ХІ ғасырдың бірінші жартысында Орталық
Азия тарихына үлкен үлес қосқан қыпшақтарға - Ұлы Даласындағы тарихи
сахнада жол бере отырып, Қимақ Қағандығы қыпшақ бірлестігінің құрамына
қосылып кетті.
Достарыңызбен бөлісу: