Үш дөңгелекті велосипед тебу «Орнымызды ауыстырамыз»
Тәрбиеленушілер спорт алаңының қарама-қарсы жақтарында тұрады. Педагог қыздарға
ұлдармен орындарын ауыстыруды, велосипедпен жүріп өтуді ұсынады. Қозғалыс бағытын
сақтауға назар аударады. Жүрмес бұрын дұрыс отыру және велосипедтен түсу білігіне
назар аударады.
III. Қорытынды кезең (Рефлексия). Тәрбиеленушілерге әдемі мүсіннің суреті бейнеленген иллюстрациялармен танысып,
ұнағанын таңдауды ұсынады.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары № 13 Білім беру саласы: Денсаулық. Таным
Бөлімі: Денешынықтыру.
Тақырыбы: Орман жұмбақтары
Мақсаты: Секіру және доғаның астымен еңбектеу дағдыларын бекіту.
Міндеттері: екі аяқтың ұшымен серпіле секіру (аса биік емес) қабілетін жетілдіруді
жалғастырамыз. Адымын қолдың шынайы қозғалысымен үйлестіріп басу, сызықтан
шықпай жүру қабілетін нығайту. Алақаны мен табанын тіреп еңбектеуге жаттығуды
жалғастыру; организмнің жалпы төзімділігін, үйлестіру қабілетін дамыту. Жануарлардың
71
табиғаттағы тіршілігі туралы түсінігін кеңейту, экологиялық мәдениет қалыптастыруға
ықпал ету. Жинақылыққа үйрету, зейіні мен ойлау қабілетін дамыту.