Жұмбақ жасырады.
Үстінен тоны түспеген,
Сонда да араз қыспенен.
Жаз бойы жегені – жидек пен бал,
Қыс бойғы мекені – апан.
(Аю)
Сылдырдан қорқады,
Шошынып жортады. (Қоян)
Негізгі іс-қимылдарды ойын түрінде орындау,
Қоянға айналуға шақырады.
Ойын түріндегі жаттығу: «Секеңдеген қояндар».
Бір орында 20 рет секіреді.
Түсіндіреді – түлкі естіп қоймас үшін аяқтың ұшымен секіру қажет.
Ойын түріндегі жаттығу: «Жолмен жүріп өт».
Қос пареллель сызықтан (жіптерден) жасалған қос жол (жол арқылы орманның арғы
шетіне өту, жолдан шығып кетуге болмайды, әйтпесе, орманда адасып кетеді).
Алақаны мен табанын тіреп, 6 метр қашықтыққа төрт аяқтап еңбектеу.
Ойын түріндегі жаттығу: «Көңілді қонжықтар». Бастапқы қалыпқа (табан мен алақанды
тіреу) өз бетінше тұруға, аяқ пен қолдың үйлесімді қимылдауына назар аудару.
Қимыл-қозғалыс ойыны: «Кеттi, кеттi орамал». Жетекшінің рөлін орындайды. Ол
шеңбердің бойымен тез-тез жүріп, балалардың орамалдарын алып қоюға тырысады.
Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында педагог балалармен жеке-жеке жұмыс істейді.
Достарыңызбен бөлісу: |