II. Негізгі кезең.
Қимыл-қозғалыс ойыны: «Тез шеңберге кір». Музыканың ырғағымен өкшені жоғары
көтеріп аяқтың ұшымен жүру, денесін тік ұстайды.
Бір-бірден тізбекте жүру, жүгіру – арақашықтықтарын сақтау, мұрын арқылы демалу,
қимылдарды үйлесімді орындауға тырысу.
Шеңбер формасындағы жіппен жалпы дамытатын жаттығуларды орындау. Балаларды
шеңбер бойына тарату.
Негізгі іс-қимылдарды орындайды:
Тепе-теңдік – шеңбер формасында тасталған таспа жіп бойымен жүру. Табанды жіптің
үстіне қою, шеңберден шықпау қабілетін бақылау.
«Өкшеге отырып» допты бір-біріне домалатады (қашықтық – 2 метр). «1-2-3 –
жұбыңды тап!» командасы бойынша өз жұбын табу.
Допты екі қолдың күшімен итеру қажеттігіне және доптың қозғалыс бағытын сақтауға
балалардың назарын аудару.
Жіпті пайдалану арқылы: «Соқыртеке» ойынын ұйымдастырады. Соқыртеке рөлін
орындайтындарға арнап шеңбер жасайды. Ең епті әрі алғыр балаларды ынталандыру.
Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында педагог балалармен жеке-жеке жұмыс істейді.
Достарыңызбен бөлісу: |