II. Негізгі кезең.
Ойын түріндегі жаттығу: «Тез ал, тез көтер» – таспа жіптің төңірегінде жүру, жүгіру.
Екі ұшы бір-біріне байланған таспа жіппен жалпы дамытатын жаттығуларды орындау,
арақашықтықты сақтау.
Негізгі іс-қимылдарды ойын түрінде орындау:
Тепе-теңдік – шеңбер формасында тасталған таспа жіп бойымен жүру – гимнасттар
сияқты әдемі жүру.
Жаттығуды дұрыс орындау жолдарын түсіндіру: қолды қапталға созып, басты тік
ұстайды, табандарымен таспа жіпті басады; шеңбердің сыртына шықпау керек.
Ойын түріндегі жаттығу «Қоңырауға жанаспа».
Төрт аяқтап еңбектеу, таспаның астымен төмен еңкейіп өтеді және қоңырауға жанаспауға
тырысады.
Ойындар ұйымдастыру: «Көбелектер мен құрбақалар».
Ойын тәртібін түсіндіру. Белгі бойынша қимылдайды.
«Қатып қал!». Бір-бірден тізбекте жүру, тапсырмаларды орындау.
Достарыңызбен бөлісу: |