III. Қорытынды кезең (Рефлексия).
Ойын: «Түсіріп алма!»
Жіппен ойнау қызық екенін және оның кез келген үйден табылатынын атап өтеді. Үйде,
далада достарымен ойнауға болатынын айтады.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары
№ 16
Білім беру саласы:
Денсаулық. Әлеумет
Бөлімі:
Денешынықтыру.
Тақырыбы:
Әдемі болайық
Мақсаты:
Стандартты емес жабдықты пайдалану арқылы бой түзулігінің бұзылуының
профилактикасын өткізу.
Міндеттері:
шеңбер түрінде дөңгелентіп тасталған жіпті бойлай жүруге, тепе-теңдік
сақтауға үйрету, дене сымбатының бұзылуының алдын алу. Төрт аяқтап еңбектеген кезде
қол мен аяқтың үйлесімділігін дамытуды жалғастыру, топпен бірге жұмыс істеу және
жіпке денесін тигізбеу қабілетін дамыту. Спортпен айналысуға, сұлу да шымыр болуға
деген қызығушылығын қалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |