Е. А. Юркова денешынықтыру әдістемелік нұсқау Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет17/524
Дата14.12.2021
өлшемі1,88 Mb.
#126277
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   524
Байланысты:
Дене шынықтыру 4

 
 
6. ҚОЗҒАЛЫСТЫҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІН ҮЙРЕТУ  
 
4-5 
жастағы  балалардың  негізгі  қимыл-қозғалыстарын  дамытудың  өзіндік 
ерекшеліктері  бар.  Оқытудың  бұл  сатысында  қозғалыс  машығы  мен  қабілетін  күшейту, 
организмнің  физикалық  сапасын  (жылдамдық,  шыдамдылық,  шапшаңдық  т.б.)  дамыту 
жиілігінің артуына байланысты жаттығуларды табысты меңгеру мүмкіндігі пайда болады. 
Қозғалыстың негізгі түрлерін жүйелі түрде орындау баланың физикалық жағынан жан-
жақты  дамуына  жағымды  ықпал  етеді,  жүрек-қан  тамыры,  тыныс  алу  және  жүйке 
жүйесінің жұмысын жақсартады, бұлшық еттер мен қозғалыс-тірек аппаратын нығайтады. 
Бұл жастағы балаларға образдық ойлау қабілеті тән. Олардың қозғалыс тәжірибесі аса 
бай  емес.  Сондықтан  педагог  тарапынан  жаттығуларды  жасап  көрсетудің  олар  үшін 
маңызы  зор.  Қимыл-қозғалысты  көбірек  жасап,  тәжірибе  жинақтағаннан  кейін  сөздің 
атқаратын  рөлі  артады.  Бала  жаттығуларды  жиі-жиі  жасап  жаттыққан  жағдайда  ғана 
қозғалыстың негізгі түрлерін тез әрі дұрыс игере алады. Оқыту барысында жаттығуларды 
белгілі бір нәтижеге қол жеткізгенше қайталап, балаларды міндетті түрде ынталандырып 
отыру  қажет.  Мысалы,  педагог  балалардың  қимыл-қозғалыс  нәтижесін  (секіріп  өттің, 
нысанаға дәл тигіздің т.б.) сөзбен сүйемелдеп, қошеметтеп отыруы керек (мысалы, жақсы, 
жаман, дұрыс, дұрыс емес). 
Қозғалыстың  негізгі  түрлеріне  қатысты  жаттығулар  4-5  жастағы  балалардың 
анатомиялық-дене  дамуы  ерекшеліктерін  ескере  отырып  іріктеледі.  Мектепке  дейінгі 
жастағы  балаларға  бұлшық  етке  айтарлықтай  салмақ  түсіретін,  мейлінше  күш  салуды 
талап ететін жаттығуларды беруге болмайды. Биіктіктен секіру немесе қатты жерге секіру 
сынды  жаттығулар  да  олардың  қозғалыс-тірек  жүйесінің  дамуына  кері  әсер  етеді.  Бұл 
балтыр  мен  табанның  бұлшық  еттері  мен  сіңірлерінің  зақымдануына,  табан  қалыңдап, 
жалпақтабан пайда болуына әкеп соқтыруы мүмкін. 
Бір  қолмен  немесе  аяқпен  орындалатын  асимметриялық  жаттығулардан  да  сақтанған 
жөн. Оған: допты қашықтыққа тек қана оң қолмен лақтыру, секіртпемен бір аяқта секіру 
жаттығулары  жатады.  Олар  қол,  аяқ,  денедегі  бұлшық  еттердің  бір  жақты  дамуына  әсер 
етіп, бала организмінің үйлесімді жетілуіне кедергі жасайды. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   524




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет