Е. А. Юркова денешынықтыру әдістемелік нұсқау Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет18/524
Дата14.12.2021
өлшемі1,88 Mb.
#126277
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   524
Байланысты:
Дене шынықтыру 4

Ж ү р у   ( ж ү р і с )  
 
Жүру балалардың мүмкіндіктерін көбейтеді, олардың қызметін байытып, белсенділігін 
арттырады, толыққанды дамып, шымыр болуына көмектеседі. 
Жүргенде баланың қозғалыс-тірек аппараты толық қатысып, денедегі бұлшық еттердің 
56  пайызы  бір  мезгілде  белсенді  жұмыс  істейді.  Жүріс  техникасы  дұрыс  сақталған 
жағдайда  кеуде,  арқа  мен  іштегі  бұлшық  еттер  едәуір  нығаяды,  табандағы  ұсақ  бұлшық 
еттер жаттығады, баланың денесі дұрыс қалыптасады. Оған қоса, жүрген кезде тыныс алу 
және  жүрек-қан  тамыры  жүйесі  жаттығады,  зат  алмасу  үдерісі  жақсара  түседі.  Жүріс 
дегеніміз – біркелкі қарқынмен жасалатын қозғалыс тізбегі. Яғни, бірдей қимыл-қозғалыс 
тізбегін  қайталау  (оң  және  сол  аяқпен  адымдау).  Қол  да  алға  қарай  кезекпен,  аяқтың 
қозғалысымен  үйлесімді  тәртіппен  қозғалады.  Жүру  үдерісі  барысында  бұлшық  еттер 
үнемі кезекпен жиырылады және жазылады. Бұл жүйке-бұлшық ет аппаратының жоғары 
деңгейдегі жұмысын  қамтамасыз етеді. 
Жүріс  кезіндегі  жүктеменің  көлемі  оның  орындалу  шарттары  мен  қозғалыс 
жылдамдығына байланысты болады. 
5  жасқа  аяқ  басқан  бала  аяғын  нық  басып  жүреді,  белгіленген  бағытты  сақтайды.  Қол 
мен  аяқтар  арасындағы  қозғалыс  үйлесімділігі  едәуір  жақсарған.  Бірақ,  қолдары 
қимылдағанда  аса  қайратты  емес  және  кішігірім  амплитудамен  қимылдайды.  Иықтары 


19 
 
кейде  шектен  тыс  қысылады  немесе  төмен  түсіреді,  бойын  тиісінше  тік  ұстай  алмайды. 
Бірақ жүрген кезде басын жоғары көтеріп, алға қарайды. 
Жүріс  кезінде  аяқтарын  бұрынғыдай қатар  қояды.  Бірақ  адымының  ұзындығы  артады 
және адымдары белгілі бір ырғаққа ие болады. Баланың жүрісі жеңілдей түседі. Көптеген 
балалар  алғаш  рет  аяғының  ұшын  жерге  қоймас  бұрын  аздап  көтеру,  өкшеден  аяғының 
ұшына  аударылуға  дағдыланады.  Бұл  жерден  аяқтың  ұшымен  итеріле  қозғалу  қабілетін 
күшейтеді. Жүріс жылдамдығы арта түседі. 
Бұл жастағы балалар жүрістің түрлі тәсілдерін біледі: аяқтың ұшымен жүру, өкшемен 
жүру,  табанның  сыртқа  жағымен  жүру  т.б.)  және  оларды  тұрмыста  да,  ойнаған  кезде  де 
пайдалануды  біледі.  Бірақ  жалпы  5  жастағы  бала  әлі  толық  жетілді  деуге  болмайды. 
Олардың көбіне дұрыс отырмайтынын, денесін дұрыс ұстамайтынын, аяғын тарпылдатып 
жүретінін,  қолдарын  бөгеліп,  бір  қалыпты  қозғамайтынын,  аяқтарын  ақырына  дейін 
түзетпейтінін,  қозғалыс  ырғағының  әркелкі  болатынын  байқаймыз.    Педагог  баланың 
жүрісіндегі осындай кемшіліктерге мән беріп, оларды жою үшін қажетті жаттығулардың 
әдістемелік тәсілдерін іріктеп алғаны абзал. 
Баланың денесін дұрыс қалыптастыру – педагог тарапынан сабақ уақытында ғана емес, 
күнделікті өмірде де тыңғылықты жұмыс істеуді талап ететін, ұзақ уақыт алатын  үдеріс. 
Жүріс  жаттығуларын  орындаған  кезде  балаларға  арқасын  тік  ұстап,  бастарын  жоғары 
көтеріп  ұстауын  үнемі  талап  етіп  отыру  қажет.  Денені  тік  ұстауға  жүріс  кезінде  басқа 
қапшық қою және қолын беліне таяну немесе иығын артқа жіберіп, қолын қапталға созу 
сынды жаттығулар көмектеседі. 
Жүріс  кезінде  қолдың  шектен  тыс  тырысуы,  олардың  амплитудасының  кішкентай 
болуы, көбіне үйлесімділіктің жетіспеуінен болады. сондықтан балаларға бұл  кемшілікті 
шұқып  көрсетудің  қажеті  жоқ:  себебі  олар  «мұны  түзетеміз»,  –  деп  одан  сайын  күш 
салады. Одан да балалардың назарын басқа жаққа аударған дұрыс.  
 Қарқынын  жеделдету  және  баяулату  арқылы  жүріс,  сондай-ақ,  жүрісті  жүгірумен 
кезектестіру қолдардың үйлесімділігін жақсартуға көмектеседі. Сонымен қатар олар жүріс 
дұрыстығы мен тепе-теңдігін қамтамасыз етеді. 
Сызық  бойымен  жүру  және  түрлі  заттарды  аттап  секіру  (Құрсаудан-құрсауға, 
шаршыдан-шаршыға  секіру  т.б.)  сынды  тапсырмалар  адымның  ұзындығын  арттыруға 
көмектеседі. Мұндай тапсырмалар, сондай-ақ аяқтарын тарпылдатпай, тік басуға үйретеді. 
Балалар  жерден  20–30  см  биікте  тұрған  көлемді  заттар  мен  секіртпелерден  бір-бірден 
аттап  өтеді.  Сол  үшін  оларды  қойған  кезде  баланың  адымының  ұзындығын  да  ескеру 
қажет. 
5  жасқа  аяқ  басқан  балалар  қапталға  қарай  жасалатын  қосалқы  (жалғамалы)  адыммен 
танысады.  Мұны  балалар  бірінің  артында  бірі  сапта  тұрған  кезде  орындау  ыңғайлы. 
Балалар  бір  мезгілде  бір  аяқтарын  қапталға  қарай  көтеріп,  жерге  ұшымен  түсіреді.  Дене 
салмағы сол аяққа түседі. Екіншісін сол аяқтың қасына қояды. 
Сондай-ақ  бұл  жастағы  балалар  жүріс  кезінде  ұжымда  өзін  еркін  ұстап,  бағдар  таба 
алады. Бірақ бір-бірімен белгілі бір арақашықтықты сақтауды онша білмейді. 
Шашырап жүру кезінде балаларды бүкіл зал ішінде, яғни педагогтің жанында топырлап 
жүрмей, жан-жаққа шашырап жүруге үйретеді.  
Балаларды  жыланша  ирелеңдеп  жүруге  үйреткен  кезде,  педагог  оларға  залдың  қарсы 
бетіне  қойылған  кегельдерді  айналып  өтуді  ұсынады.  Бұрылыстар  жиірек  болуы  үшін 
кегельдерді залдың кішкентай жағына қояды. 
Балалардың  бәрі  жүріс  кезінде  жетекші  болуды  үйренуі  тиіс.  Топ  залды  айналып 
жүрген  кезде  педагог  бір  баланың  атын  атап,  оған  топты  бастауды  ұсынады.  Ол  келесі 
жетекші  сайланғанға  дейін  топтың  алдыңғы  жағында  жүреді.  Содан  соң  жетекші  рөлін 
атқарған  бала  өзінің  саптағы  орнына  қайтып  оралады  немесе  жаңадан  сайланған 
жүргізушінің артына тұрады. Мұндай  жұмыс тәсілі балаларға да ұнайды.   


20 
 
Жүріс қарқыны дауылпаз, дабыл соққысымен немесе ауызша санау арқылы реттеледі. 
Мүмкіндік  болса  музыкалық  сүйемелдеуді  пайдаланған  дұрыс.    Себебі  музыка 
балалардың бірқалыпты, жеңіл әрі әдемі қимылдауына әсер етеді. 
Педагог  екпінді  тездету  немесе  баяулату,  музыканың  дауысын  көтеру  немесе  басу 
арқылы балаларды шапшаң және баяу жүріске, оның басқа да түрлеріне үйретеді (аяқтың 
ұшымен жүру, өкшемен жүру). 
Жүрістің  дұрыс  орындалуы  көп  жағдайда  педагогтің  дұрыс  басшылығына,  жүріске 
дұрыс  қарқын  беріп,  қателіктерді  көре  білуі  мен  оны  дер  кезінде  жоя  білу  қабілетіне 
тығыз  байланысты.  Балалар  жүріп  бара  жатқан  кезде  адымының  ұзындығын  арттырып, 
қозғалыс  қарқынын  өсіруіне  жол  беруге  болмайды.  Бұл  балалардың  жүріс  ритмін,  тепе-
теңдігін  және  шынайылығын  бұзады.  Олардың  арасындағы  үйлесім  бұзылады.  Жалпы, 
жүріс  барысында  адымды  біртіндеп  ұзарту  қажет  және  ол  балалардың  бойының 
ұзындығына тікелей байланысты. 4 жасар баланың адымының ұзындығы – 40 см, 5 жасар 
баланың адымы – 47 см. Әдетте, бойы кішкентай баланың адымы бойы ұзын құрбыларына 
қарағанда жиірек әрі кішкентай болады.   
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   524




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет