Е. А. Юркова денешынықтыру әдістемелік нұсқау Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет21/524
Дата14.12.2021
өлшемі1,88 Mb.
#126277
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   524
Байланысты:
Дене шынықтыру 4

 
Секіру 
 
4-5 жастағы балалар қозғалыс қызметінде секіруді кеңінен пайдаланады. Өйткені олар 
өмірде де, ойын кезінде де секірудің түрлі тәсілдерін қолданады. Және бұл жаста секіруге 
деген ерекше қажеттілік пайда болады. 
Секіру арқылы орындалатын жаттығулар аяқтың сүйек-бұлшық ет аппаратын, дененің 
белден  жоғарғы  бөлігін  нығайтады,  көзбен  мөлшерлеу  қабілетін  дамытады,  қозғалыс 
үйлесімділігін  арттырады.  Жүру  мен  жүгіруге  қарағанда  секіру  циклдық  қимылға 


23 
 
жатпайды.  Ол  бірнеше  ізбе-із,  тұтас  орындалатын  қимылдардан  тұрады.  Бір  орыннан 
жоғарыға  және  ұзындыққа  секірген  кезде  ең  алдымен  аздап  тізені  бүгеміз  және  қолды 
кішкене артқа қарай қозғаймыз. 
Секіру  аяқталған  кезде  жерге  аяқтың  ұшымен  түсіп,  ақырындап  табанды  толық 
басамыз және тізені жазамыз.  
Секірген  кезде  жерге  жеңіл  әрі  үйлесімді  түсу  әдісін  игеріп  қана  қоймай,  секіруге 
дайындық  кезеңінде  бастапқы  қалыпты  дұрыс  сақтауға  және  жерден  көтерілген  кезде 
қолды  алға-жоғары  серпуге  де  көңіл  бөлген  жөн.  Бұл  жастағы  балалар  әлі  жерден 
екпінмен  итеріле  алмайды.  Өйткені,  бұл  қабілет  мектепке  дейінгі  ересек  топта  ғана 
қалыптасады. 
 Педагог балаларға бір орында тұрып секіргенде тізені толық жазып, аздап қана секіру 
қажеттігін  және  жерге  тізені  аздап  бүгіп,  аяқтың  ұшымен  түсу  керектігін  көрсетіп, 
түсіндіріп береді. Секіргенде және жерге түскен кезде денені тік ұстап, үнемі алға қарап 
тұру қажет. 
Бір орында қос аяқтап секірудің түрі көп. Мейлінше жоғары секіруге ынталандыратын 
тапсырмаларға  («Масаны  ұстап  ал»,  «дауылпазды  соқ»  т.б.)  оңға,  солға  және  өз 
айналасында  айналу  арқылы  секіру,  аяқты  қосып  және  аяқтардың  арасын  ашып  секіру 
сынды түрлерін енгізуге болады. Бұрылып секірген кезде баланың тиісті жағына (оң, сол) 
неше рет секіргенде бұрылғаны маңызды емес. Аяқты қосып және аяқтардың арасын ашып 
секіргенде  балалардың  аяқтарының  арасын  шектен  тыс  ашпауына  мән  берген  жөн  (екі 
аяқтың  арасын  ашқанда  иықтан  асырмауы  тиіс).  Әйтпесе  бала  үшін  бұл  қалпында  екі 
аяқпен бірдей итерілу қиындық тудырады. Көбіне секірген кезде қолды төмен түсіріп не 
аздап бүгіп еркін ұстау қажет немесе белге қоюға болады. 
5  жасқа  аяқ  басқан  балалар  алға  қарай  қос  аяқтап  секірудің  шебері  болып  алады. 
Алайда,  бұл  жаттығу  орындалатын  қашықтық  3  метрден  аспауы  тиіс.  Себебі  алға  қарай 
жылжып секіру организмге үлкен физиологиялық жүктеме түсіреді. Сондай-ақ алға қарай 
секіргенде кең адымдауды талап етудің қажеті жоқ. Жеңіл әрі жиі-жиі секірген жөн. 
Секіру  жаттығуларын  орындаған  кезде  имитациялар  («тиін  сияқты»,  «бақа  сияқты») 
мен ойын түріндегі жаттығуларды кеңінен пайдалануға болады. 
Балалар  20  см-ден  аспайтын  биіктіктен  секіреді.  Бұл  жаста  балалар  жерге  аяқтың 
ұшымен түсіп, ақырындап табанды толық басуды білуі тиіс. Бірақ олар тізелерін өздігінен 
бүгеді  және  тепе-теңдік  сақтайды,  қолды  да  тиісінше  ұстай  біледі.  Педагог  балалардың 
секірген  кезде  тым  «қатты  отырмауына»  көңіл  бөлгені  жөн.  Бір  заттан  секірген  кезде 
алысқа  секіремін  деп  қатты  итерілудің  қажеті  жоқ.  Төменге  және  аздап  алға  секірген 
дұрыс. Секірер алдында аяқты аздап бүгу керек. 
Бір  орында  тұрып  ұзындыққа  секіру 
жаттығулары  айқындала  бастады.  Балалар 
бастапқы  қалыпқа  тұруды  үйренеді.  Әдетте,  олар  табанын  қатты  қысып  тұрады  немесе 
аяқты бір-біріне параллель қоймай, ұшын сыртқа қаратады. Сондай-ақ қолды шектен тыс 
артқа-жоғары көтеріп, «тым терең отырады».  
4  жастағы  балалар  бір  орында  секіріп  үйренгенде  аяқтарын  жерден  кезекпен  итеру 
жағынан қате жіберіп жатады. Сондай-ақ бір аяқпен итеріліп, жерге түскен кезде екінші 
аяқты  соның  қасына  қойып  та  жатады.  Педагог  балалардан  бірден  жерден  серпіліп 
итерілуді  талап  етпеуі  керек.  Ең  алдымен  балалардың  дене  дайындығы  деңгейін 
арттырып,  бұлшық  етті  және  оны  басқару  қабілетін  дамыту  қажет.  Жаттығуды  жиі-жиі 
орындағаннан кейін балалар секіру үшін жоғары-алға бағытталған аздаған серпілістің өзі 
жетіп  жатқанын  ұғынады;  ал  текшеден,  «жылғадан»  аттап  өту  одан  көбірек  күшті  талап 
етеді. 
5 жастағы балалардың бәрі де бір уақытта қос аяқпен жерден итеріле алады. Қолдарын 
да  сермейді.  Алайда,  қолды  алға  шығару,  серму  мен  жерден  итерілу  қимылдарын  толық 
үйлестіре алмайды. Оны талап етудің де әзірге қажеті жоқ. Бұл жастағы балаларға жерден 
аяқпен  итерілген  кезде  қолды  алға-жоғары  сермеуді  үйрету  қажет.  Дайындық  ретінде 
мынадай екі  жаттығуды пайдалануға болады: бойды тік ұстап, қолды төмен салбыратып 


24 
 
тұрады,  қолды  алға  сермеп  аяқтың  ұшымен  көтеріледі;  жартылай  жүрелеп  отырған  күйі 
қолды  төмен  түсіріп,  сәл  артқа  созады  және  қолдарын  алға-жоғары  сермеп,  аяқтың 
ұшымен көтеріледі. 
Ұшқан  кезде  бала  денесін  бос  ұстайды,  басы  аздап  алға  еңкейеді.  Аяқтарын  артта 
ұстайды.  Педагог  балалардың  назарын  секіру  элементтерін  дұрыс  орындау  қажеттігіне 
аударады. 
Жерге  түскен  кезде  балалардың  көбі  салмақпен,  табанын  тегіс  басып,  тіпті,  аяқтарын 
тіктеп  түседі.  Тек  кейбір  балалар  ғана  тізесін  аздап  бүгіп,  аяқтың  ұшымен  жеңіл  түседі, 
содан кейін ғана табанын тегіс басады. Соған байланысты балаларға жерге дұрыс түсуді 
үйретуге ден қою қажет. Бұған көп жаттығу арқылы ғана қол жеткізуге болады. 
Бұл жастағы мектепке дейінгі балалар түрлі бұлшық ет топтарының қызметін тиісінше 
үйлестіре  алмайды.  Сондықтан  жерден  екпінмен  итерілуді  және  жерге  жеңіл  түсуді 
үйренгеннен кейін ғана қолды сермеуге назар аударуға болады. Педагог жаттығуды жасап 
көрсеткен кезде дұрыс секіруі тиіс. Яғни секірудің барлық элементтерін дұрыс орындауы 
шарт:  алдымен  қолды  артқа  аздап  итеріп,  жерден  аяқпен  итерілген  кезде  қолды  сермеу, 
жерге  түскен  кезде  қолды  алға  созып,  түсіру  қажет.  Секіру  жаттығуларын  жүйелі  түрде 
орындағаннан кейін ғана балалар қолдарын дұрыс, шынайы қозғап үйренеді. 
Ұзындыққа секіру үшін көрнекі құралдар,  «жылға»,  «шалшық», сызық сынды тағы да 
басқа  нақты  кедергілер  қажет.  Оларды  пайдалану  арқылы  балалардың  белсенділігін 
арттыруға  болады.  Себебі,  кедергілерді  біртіндеп  көбейту  балалардың  дұрыс  секіруге 
деген  талпынысын  арттырады,  өз-өзіне  деген  сенімін  күшейтеді,  батылдыққа, 
табандылыққа баулиды. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   524




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет