Е. А. Юркова денешынықтыру әдістемелік нұсқау Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет25/524
Дата14.12.2021
өлшемі1,88 Mb.
#126277
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   524
Байланысты:
Дене шынықтыру 4

 
 
 
 


27 
 
Допты домалату 
Домалату  да  –  өте  пайдалы  жаттығудың  бір  түрі.  Ол  допты  игеруге  көмектеседі, 
қолдың  басы  мен  саусақтардың  бұлшық  еттерін  дамытуға  көмектеседі,  доптың  қозғалыс 
бағытын  дұрыс  бағамдауға  және  соған  қажетті  қимылдар  жасауға  үйретеді.  Бұл 
жаттығулардың  ішіндегі  қиыны  –  допты  белгілі  бір  бағытта  домалату:  қақпалардың 
арасымен, тар жолмен, бір-біріне немесе «жыланша» иректеп домалату. Допты ойдағыдай 
домалату  үшін  оны  алға  қарай  бағыттау  қажет.  Ал  доп  қапталға  кетіп  қалмас  үшін  оны 
сенімді әрі қаттырақ итерген дұрыс. 
Балаларды допты екі қолмен симметриялы итеріп, оған тиісті қозғалыс бағытын беруге 
үйрету қажет.  
Сонымен  қатар  балаларды  итеру  күшін  реттеуге  үйретудің  де  маңызы  зор.  Педагог 
баланың допты  жеңіл, тек  қана  саусақтарының  ұшымен домалатуын  қадағалауы  тиіс.  Ол 
әдетте,  допты  төменгі  жағынан  –  артынан  итереді  немесе  оны  үстіңгі  жағынан 
домалатады. 
Допты  домалату  дәлдігін  допты  затқа  тигізу  («Кегельді  құлат»)  жаттығуларының 
көмегімен де жетілдіруге болады. Допты бір қолмен домалатса  – бұл жаттығу әлдеқайда 
нәтижелі болмақ.   


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   524




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет