Е. А. Юркова денешынықтыру әдістемелік нұсқау Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет203/524
Дата14.12.2021
өлшемі1,88 Mb.
#126277
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   524
Байланысты:
Дене шынықтыру 4

І. Ұйымдастыру кезеңі. 
Ойын. Балаларға ойыншық құртақанды көрсетеді. «Ақшақыз және жеті құртақан» 
ертегісіндегі кішкентай құртақандарға айналуды ұсынады.
 
II. Негізгі кезең. 
Тізбекке тұру. Кәдімгі жүріспен жүру, бір-бірден тізбекте жүгіру; реттеуші жаттығулар 
– аяқтың ұшымен жүру, табанның сыртқы жағымен жүру.  
 
Екі тізбекке тұру. Ойын түріндегі жаттығулар кешенін орындау. 
Жаттығуларды орындау тәсілдерін көрсету. Мұрынмен демалу қабілетін бақылап 
отыру.  
Негізгі қимыл-қозғалыстарды орындайды:  
Бір орында секіру. Балалардың назарын тізені ақырындап бүгу қажеттігіне аударады.
 
Допты жоғары лақтыру және оны екі қолдап қағып алу. Жаттығуды түсіндіру және 
көрсету: допты алға-жоғары лақтырып, саусақтармен ұстау қажет. Допты өзіне 
жақындатып қыспайды. 
 
Ойын түріндегі жаттығу: «Түсірмей алып өт». Балалардың табанды жіпке қойып, тепе-
теңдік сақтауына, денені тік ұстауына назар аударады.  
 
Ойын ұйымдастыру: «Балапандар».  Ойынның тәртібін түсіндіреді. 
Тізбекке шапшаң тұрып, тізбектеліп жүру қажеттігіне назар аударады. 
 
Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында педагог балалармен жеке-жеке жұмыс істейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   524




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет