Е. А. Юркова денешынықтыру әдістемелік нұсқау Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет216/524
Дата14.12.2021
өлшемі1,88 Mb.
#126277
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   524
Байланысты:
Дене шынықтыру 4

 ҰОҚ барысы:  
І. Ұйымдастыру кезеңі. 
Балаларға әкелері сияқты күшті, епті болу үшін жаттығуға шақырады.
 
II. Негізгі кезең. 
I.
 
Алаңның бір жағынан қарама-қарсы жағына жүру, баяу жүгіру. Балалар жүгіру 
кезінде алаңның бір жағымен тізелерін жоғары көтере отырып жүгіреді. Жүру. 
Бастаушылардың артынан 3 тізбек болып қайта сапқа тұру. 
II.
 
Заттарсыз жалпы дамытатын жаттығулар орындау (№3 кешен).
 
III.
 
Тыныс алу жаттығуын орындау (5 рет).  
1. 
«Таңғаламыз». 
 
Б.қ. – тік тұрып, иықты төмен түсіру және еркін тыныс алу. 
1 – иықты ақырын көтеріп, бір уақытта демді сыртқа шығару. 
2 – б.қ. 
2. 
«Иық». 
Иықтармен жұмыс істейміз, иығымызбен билейміз. 
     Б.қ. – негізгі тұрыс 
     1 – иықты алға шығарып, төмен түсіп тұрған қолдарымызды ақырын айқастырамыз, 
еркін демаламыз. 
     2 – иықтарымызды ақырын артқа жіберіп, жауырындарымызды қосамыз және сол 
уақытта демімізді сыртқа шығарамыз. 
3. 
«Тербелеміз». 
 
     Б.Қ. – негізгі тұрыс. 
      1  –  омыртқаны  кеуде  тұсынан  иіп,  алға  қарай  еңкейеміз  және  демді  сыртқа 
шығарамыз. 
      2 – ақырындап денемізді түзейміз және тыныс алып, артқа шалқаямыз. 
4. 
«Бұрылу». 
 
     Б.қ. – негізгі тұрыс 
     1 – тыныс аламыз. 
     2  –  демді  сыртқа  шығарғанда  бұрыламыз  –  бір  қолды  артқа,  екінші  қолды  алға 
жібереміз. 
     3 –  б.қ.; осыны екінші жағымызбен қайталаймыз. 
5. 
«Бүйіріңді сипа».
 
      Б.қ. – аяқтың арасын ашып, қолды төмен түсіріп тұрамыз. 
      1 – оң қолды ақырын көтеріп, иығымызды көтереміз (тыныс алу). 
      2  –  қолымыз  бен  иығымызды  түсіреміз  (демді  сыртқа  шығару).  Осыны  сол 
қолымызбен қайталаймыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   524




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет