Е. А. Юркова денешынықтыру әдістемелік нұсқау Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет260/524
Дата14.12.2021
өлшемі1,88 Mb.
#126277
1   ...   256   257   258   259   260   261   262   263   ...   524
Байланысты:
Дене шынықтыру 4

 ҰОҚ барысы:  
І. Ұйымдастыру кезеңі. 
Стадионның қандай мақсаттарда пайдаланылатыны жөнінде әңгімелесу. Жаттығып
шымыр да күшті болу үшін стадионға барып қайтуға шақырады.
 
II. Негізгі кезең. 
Тізбекте бір-бірден жүру. Баяу қарқынмен жүгіру – стадионды айналып бір минут жүгіру, 
демін қалпына келтіру.  
Балалардың назарын мұрын арқылы демалу керектігіне, жүгіргенде қарқын мен ырғақты 
сақтау қажеттігіне аударады. 
 
 
Шеңбер құрап тұру. Гантельдердің (пластмассадан жасалған  конструктор) көмегімен 
жалпы дамытатын жаттығулар жасау.  Балалардың тыныс алуы мен қолдарының 
қимылына назар аудару.   
«Стадион» залды түрлі түсті таспа жіптің көмегімен екі бөлікке бөледі (изолента). 
 
Негізгі іс-қимылдарды топқа бөлініп ойын түрінде орындау. 
Бірінші сап. 
Тепе-теңдік – қолдарын белге қойып, текшелерді аттап өту арқылы гимнастикалық 
орындықтың үстімен жүру. Дене сымбатын сақтап, денені тік ұстау. 
Екінші сап.  
Гимнастикалық орындық үстінде етпетінен жатып еңбектеу, қолдарымен тартылу.  
Орындықты қапталдан дұрыс ұстау тәсілін көрсету – бас бармақпен орындықтың үстінен, 
қалған төрт саусақпен астынан ұстау қажет. 
 
Қимыл-қозғалыс ойыны: «Қорықпаймын».  
Аяқтың ұшымен, жеңіл әрі ырғақпен секіру қажеттігін ескертеді.  
Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында педагог балалармен жеке-жеке жұмыс істейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   256   257   258   259   260   261   262   263   ...   524




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет