149
2. Б.қ.: отыру. Допты табандарымен екі бүйірден қысып 5–10
секунд ұстап тұра, арасында
босату.
3. Б.қ.: отыру. Допты
домалату, екі аяқпен бір уақытта,
өкшеден башпайларға қарай
домалату.
4. Б.қ.: отыру. Табандарын допқа қояды. Допты қатты баспай, оңға/солға айналдырады.
5. Б.қ.: отыру. Өкшені доптың үстіне қояды. Аяқтың ұшы жерге тиіп тұрады. Өкшемен
допты басады, екі аяқпен бір уақытта немесе бөлек-бөлек жасауға болады.
Негізгі қимылдарды орындау:
Оң және сол қолмен алысқа лақтыру.
Екі сап түзеп тұру. Жаттығуларды түсіндіру және орындалу тәсілін көрсету:
доптың ұшу
траекториясы бүгілген қолдарды белсенді жазуға тікелей байланысты.
Тәрбиеленушілер оң, сосын сол қолдарымен лақтырған кезде шынтақтан бүгілген қолын
екпінді түрде жазады. Алға, жоғары, алысқа лақтыруға тырысады. Педагогтің белгісі
бойынша бірінші қатар текшені белгіленген сызықтан асыра лақытруға тырысады, содан
кейін екінші қатар лақтырады.
Достарыңызбен бөлісу: