Е. А. Юркова денешынықтыру әдістемелік нұсқау Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет365/524
Дата14.12.2021
өлшемі1,88 Mb.
#126277
1   ...   361   362   363   364   365   366   367   368   ...   524
Байланысты:
Дене шынықтыру 4

Құралдар  мен  материалдар: 
гимнастикалық  қабырға,  биіктігі  –  20  см  гимнастикалық 
орындық  –  4  дана,  ені  25  см  тақтайлар  –  4  дана,  әуе  шары,  тапсырмалар  жазылған 
суреттер. 
Билингвалды компонент: 
тоқтау – остановиться, отыру – присесть, солға – налево,  оңға 
– направо, сәлеметсіз бе – здравствуйте, сау болыңыз – до свидания 
 
 ҰОҚ барысы:  
І. Ұйымдастыру кезеңі. 
Балалардың назарын кейіпкер – Көңілді шарға  аударады.
 
II. Негізгі кезең. 
Көңілді шардың тапсырмаларын орындау: сапқа тұру, сапта орташа қарқынмен жүру, 
жүгіру, тоқтау, отыру, қозғалыс бағытын өзгерту.  
 
 
№ 1 сурет. 
Ойын түріндегі гимнастика: «Сағат».  Қимылдарды орындау және сөздерді қайталау. 


152 
 
Сағаттың тіліндей, 
Иіліп оңға бір, 
Сағаттың тіліндей, 
Иіліп солға бір. 
Оң аяқ, сол аяқ, 
Жаттығу оңай-ақ. 
 
Негізгі қимылдарды ойын түрінде орындау:  
№ 2 сурет. 
20 см биіктен тереңге секіру. 
Секіргеннен кейін тепе-теңдіктің сақталуына, балалардың денесін тік ұстап, алға қарап 
тұруына назар аударады. 
№3 сурет. 
Оңға қарай қосалқы адым жасап, бір-бір аралықтан екіншісіне өту арқылы гимнастикалық 
қабырғамен өрмелеу (3 кермеден). 
Аралықтан-аралыққа өткен кезде қол мен аяқтың үйлесімді қимылдауына назар аудару 
қажет.  
№4 сурет. 
Еденге қойылған тақтайлардың үстімен жүру, тапсырманы орындау – тақтайдың екі 
жағынан жүріп, екі жаққа ажырап кету.  
Қимылдарды түсіндіру (балалар көрсетеді). Тақтайлардың жанына дұрыс тұруға 
көмектеседі. 
 
Қимыл-қозғалыс ойыны: «Соқыртеке». 
Ойын ережелерін түсіндіру.   
Нұсқаулар: Соқыртекенің қолына түспеуге тырысу, бір-бірін итермеу. 
 
Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында педагог балалармен жеке-жеке жұмыс істейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   361   362   363   364   365   366   367   368   ...   524




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет