Е. А. Юркова денешынықтыру әдістемелік нұсқау Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет481/524
Дата14.12.2021
өлшемі1,88 Mb.
#126277
1   ...   477   478   479   480   481   482   483   484   ...   524
Байланысты:
Дене шынықтыру 4

                                                                  №11 кешен 
(орындықтармен) 
1.
 
Б.қ.:  орындықта  қолдарын  төмен  түсіріп  отырады.  Қолдарын  қапталға  қарай 
көтереді; жоғары, қапталға, б.қ. қайтып оралады (5-6 рет). 
2.
 
Б.қ.:  орындықта  қолын  беліне  қойып  отырады.  Оңға  (солға)  еңкейеді, 
саусақтарының ұшын еденге тигізеді, бойын тіктейді, б.қ. қайтып оралады (3 реттен). 
3.
 
Б.қ.:  орындықта  отырады,  аяқтарын  тік  қояды,  қолдарын  орындықтың  шетіне 
тірейді. Оң аяғын (сол) бүкпей көтереді, түсіреді (5-6 рет). 
4.
 
Б.қ.:  орындықтың  қасында  өкшелерін  қосып,  аяқтарының  басын  ашып,  қолдарын 
түсіріп  тұрады.  Отырады,  алақандарын  орындыққа  тигізеді,  тізелерінің  арасын  ашады, 
арқасын тік ұстайды, тұрады, бастапқы қалыпқа оралады (5-6 рет). 
5.
 
Б.қ.: қолын белге қойып, орындықтың қасында өкшелерін қосып тұрады. Еңкейеді, 
алақандарын орындыққа тигізеді, бойын тіктейді, б.қ. оралады (5-6 рет). 
6.
 
Б.қ.: сол қалып. Орындықты айналып қос аяқтап секіреді және жүгіреді. 
Жаттығуларды кезектестіріп орындайды (оңға және солға). 
 
№12 кешен
 
 
    (құрсаумен)                                                
1. Б.қ.: аяқтарының арасын сәл ашып, құрсау төменде. Шеңберді жоғары көтеріп, оған 
қарайды, төмен түсіреді. Б.қ. (5-6 рет)              
2. Б.қ.: қолын дененің бойына қойып, құрсауда тұрады. Отырады. Құрсауды қос қолмен 
қапталдан ұстайды, белге дейін көтереді, құрсауды қояды, тұрады. Б.қ. (5-6 рет)           
3. Б.қ.: аяқтарының арасын иықтың деңгейінде ашып тұрады. Құрсауды екі қолмен кеуде 
тұсында ұстайды. Құрсауды алға созады, оңға (солға) бұрылады, құрсауды қапталға 
созады. Б.қ. (4 реттен)        
4. Б.қ.: еденге отырады. Тізесін бүгіп, аяқтарын құрсаудың ішіне қояды. Қолдарын артқа 
қарай тіреп итереді. Аяқтарын көтереді, қапталға созады, жерге түсіреді, құрсаудың ішіне 
салады. Б.қ. (5-6 рет)                                          
5. Б.қ.: аяқтың арасын ашып, қолдарын түсіріп тұрады. Құрсаудан-құрсауға секіреді, бір 
орында жүреді. Жаттығуларды кезектестіріп орындайды. (3-4 реттен) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   477   478   479   480   481   482   483   484   ...   524




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет